Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі


«ҮІІ. Шылау сөздердің жазылуы» мен «ҮІІІ. Бас әріптердің қолданылуы» алғашқы қалпында қалған



бет16/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

«ҮІІ. Шылау сөздердің жазылуы» мен «ҮІІІ. Бас әріптердің қолданылуы» алғашқы қалпында қалған.
Ал «ІХ. Сөздердің тасымалдануы» біраз «толықтырулар мен түзетулерге» ұшыраған. Бұрын: «§ 50. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаса, я тұтас бір буынды, я көп буынды тасымалдауға болады...» дейтін ереже «§ 51. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады...» - деп түзетілген. Мұның орынды түзету екеніне күмән жоқ. Алайда келесі тың ережеде алдыңғыға қайшы, амалсыздықтан туған қағида алғаш заңдастырылған.
«§ 52. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: да-уыс, (дау-ыс емес), са-уат (сау-ат емес), да-йындық (дай- ындық емес), құ-йын (құй-ын емес). Ал ұу, үу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын».
Қайшылық и, у әріптеріне байланысты туып отыр. Бұған, әрине, ю әрпін де қосу керек еді (ою-ымыз, аю-ына). Ережеде «и, у әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын» деп буынды арқау еткен. Дұрысы, бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи- ын буынға бөлініп тұрған жоқ, тасымалдау үшін бөлшектеліп тұр. Қазіргі мектеп бітірушілер де осы сөздерді дәл осылай буынға бөлшектейді. Бұл да буын мен тасымалдың арасын парықтай алмаудан, ереженің жетегінде кетуден туған деуге болады. Қысқасы, и, у әріптері сөздің орфоэпиясын ауырлатып қоймай, буынға бөлуде де оралғы болып жүр.
Тасымалдауға байланысты жаңадан қосылған және бір ереже бар: «Ескерту. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. Мысалы: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгірт-теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғыр-тты емес)». Әрине, мұны күрделі ереже деуге болмас. Дегенмен артықтық емес. Тілімізде орыс тілінен енген сөздердің елеулі екені белгілі. Оларды буынға бөлу, тасымалдау жайында бір-екі параграф айтылса артық болмас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет