Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет17/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. Р.Сыздықтың сөздік, емле туралы еңбектеріндегі жазуға қоятын талаптары.
2. Н.Уәлиев зерттеулеріндегі дыбыс, фонема қатынасы туралы мәселелер.
3. Қ.Күдеринованың құрама сөздердiң жазылуына байланысты уәждемелері.


Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б


Тақырыбы-16. Қазақ орфографиясының негiзгi ережелерi
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1983 жылғы 2- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар. 2. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1988 жылғы 3- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар. 3. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 2001 жылғы 4- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар. 4. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 2005 жылғы 5- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар. 5. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 2007 жылғы 6- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.
Дәріс тезисі
1. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1983 жылғы 2- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.
2. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1988 жылғы 3- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.
3. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 2001 жылғы 4- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.
4. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 2005 жылғы 5- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.
5. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 2007 жылғы 6- басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар
2. 1988 жылы Қазақ Ғылым академиясы Тіл білімі институты «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 3- басылымын (49 000сөз) 45000 данамен басып шығарды. Көлемі – 41,15 табақ. мынадай өзгеріс, жаңалықтар жасалды:
1. Емле сөздігіміздің алдыңғы басылымдарында орыс тілі арқылы енген сөздер, әсіресе интернационалдық деп танылатын терминдер мейлінше көп берілген болатын, мұндағы мақсат қазақ тілінде жазылған әр алуан әдебиeтте жиі не сирек болса да, әйтеуір кездеседі деген сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін орыс тілінің орфографиялық сөздігiне қоса үңіліп отыру әрекетінен құтқару еді. Дегенмен бұлардың едәуір тобы, аберрация, адуляр, аншпуг, индиго, ирит, билабиал, изоглосса, скрепер сияқты сөздер - ғылымның арнаулы салаларындағы мамандар арасында ғана қолданылатын, қалың жұртшылыққа бейтаныс тұлғалар. Олар орыс тіліндегіден еш өзгеріссіз жазылатындықтан, көпшілікқолды бұл сөздіктен шығарылып тасталды. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден алынып қолданып келген біралуан сөздердің бұл күнде әдеби норма ретінде қазақша баламасы пайдаланылатындықтан, олар да емле сөздігінен алынып тасталды (мысалы, архив, аптека, вклад, вкладшы, семья, система, программа, «көше» мағынасындағы проспект, протокол, самoлет, документ т.б. сияқты). Авто, авиа, агро, интер сияқты сөздермен келген тұлғалардан казақ сөздерімен келетіндері сөздікте қалдырылды және авиаспорт, авиаконструктор, автопортрет, автореферат, интернационалдық сияқты бөгде тілдік сөздермен келгендері де берілді.
2. Орыс тілінен келген сөздердің күнделікті өмірде: оку- ағартуда, әлеуметтік-саяси іс-әрекеттерде, өндірісте және бұқаралық ақпарат құралдары - газет-журнал беттерінде, радио мен теледидарда жиі қолданылатындары қалдырылды, сондай- ақ қазақ тілінің қосымшаларын жалғап жазуда қиындық келтіретін кірме сөздер (олардың жиі, не cиpeк қолда- нылатынына қарамастан) емле сөздігінің бұл басылымында қалдырылып, олардың қазақ тілі қосымшаларымен келгендегі жазылу үлгісі көрсетілді: прототип, прототипке, прототипі; раунд, раундыға, раундысы; бандероль, бандерольға, бандеролі, букинист, букиниске, букинисі, букинистер; пленум, пленумға, пленумы; полюс, полюске, полюсі; этюд, этюдке, этюді; экономист, экономиске, экономисі, экономистер, фестивaль, фестивальға, фестивалі т.т.
3. Бұл басылымның сөзтізбесіне көптеген жаңа сөздер қосылды. Олар: а) бұрын қолданылып келген кірме сөздердің қазақша баламалары: əдістеме, əуежай, бaғдарламa, бейнетаспа, дəйексөз, зейнетақы, зейнеткер, ұшақ, күнпарақ, қазанама, медбике т.б.
ә) Жаңа ұғымдарды атайтын жаңа сөздер, олардың дені туынды тұлғалар болып келеді: оқылым, ауысым, өтінім, егемендік, жанайқай, оралман, тұсаукесер т.т.
б) Белгілі бір терминдердің бағалауыш мәнді стильдік сыңарлары да сөздіктен орын алды: президент - Елбасы, гимн - əнұран, қала əкімі - қалабасы, астана - елорда.
4. Елеулі өзгерістің бірі - аң-құс, өсімдіктердің күрделі атауларының жазылуына байланысты. Бұрын ұсынып келген жазу тәртібіміз бойынша бірінші сыңары ақ, қара, ала сияқты түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік, жан-жануарлар атаулары тіркес ретінде бөлек жазылатын. Сол сияқты алдыңғысы тау, тас, су, жер деген сөздер, соңғысы ботаникалық, зоологиялық атаулар болып келген күрделі сөздер де бөлек жазылатын. Бұлардың барлығы, шындығында, күрделі бір атау болып табылады, яғни бір ғана аң-құс, жәндік, өсімдік атын білдіреді, тіпті екінші сыңары біркелкі болып келгенде де алдыңғы компонент олардың түсін, қасиетін, тегін айырып көрсететін анықтауыш сөзден гөрі, соңғы атаумен бірігіп барып, бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің, жәндіктің атын білдіретіндігі ескерілді. Сондықтан бұл аталған топтар біріккен сөз ретінде қосылып жазылды (бұрынғы сөздікте ұяда, мысалы, ақ, қара деген сөздердің ұясында тіркеліп берілген болатын): ақжалбыз, ақбаттауық, ақбидай, ақжүзген, ақсусар, ақтиін, ақшағала, ақши, қарабидай, қарақұр, қаралəйлек, қаратұнжыр, т.б. Қара сөзінің ұясында тұрған және бұрыннан қосылып жазылып келе жатқан 35-тен астам aң-құc, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік, ағаш атауларының бірінші сыңары қара болып келеді екен, енді бұлардың барлығы қосылып жазылатын болды. Сол сияқты суқұзғын, сужылан, суқоңыз, субүркіт, суықторғaй, тасбеде, таскене, тасторғай, майсораң, майзығыр т.б. біріккен сөз ретінде жеке-жеке сөзтізбеде берілді.
5. Бұрынғы сөздікке кірмей қалған бірсыпыра сөздер, әсіресе өсімдік, ауру атауларының дара тұлғалары да, біріккен сөз түрлері де тіркелді: əлпігүл, əйкен, əндік, кербезгүл, əлпеншек, əсия (өсімдік атаулары), безтамақ, қанұйық, аққандылық, желжалақ (медициналық терминдер), əуежай, əлеует, кеден, кедендік, рəміз т.т. Біріккен сөздердің ішінде кірігіп, яғни фонетикалық тұлғасын өзгертіп пайда болған топтары бар екені белгілі. Мысалы: бүгін (бұ+күн), биыл (бұ+йыл), өйткені (олай+еткені), әкел (алып+кел), Ұлмекен (ұл+ма+екен) т.т. Осылардың қатарына тағы бірнеше сөзді кірігіп кеткен тұлғалар тізбегі деп, дыбыстық жағынан қиюластырып, яғни үндестік заңдарына сәйкестеп айтуға және солай жазуға болады деп есептеп, бұрын шекара, қыркүйек, көкөніс сияқты жазылып келгендерді шегара, қыргүйек, көгөнic түрінде жазу ұсынылды. Сол сияқты кірігіп біріккен сөздердің бір тобы алдыңғы компоненттің соңы дayысты дыбыс болып, екіншісі дауысты дыбыстан басталса, қатар келген екі дауыстының алғашқысы «жұтылып» (айтылмай) кететін сөздер бұрынғы сөздіктерде де бар болатын. Мысалы: дəмету (дəме+ету), ешкемер (ешкі+емер), алтатар (алты+атар). Осылардың қатарына тағы бірнеше сөзді қосуға болатыны ескерілді: саптаяқ (сапты+аяқ), алауыздық (ала+ауыздық), босағаттар (босаға+аттар), сарағаш (сары+ағаш), қарғауыз (қарға+ауыз). Көрсетілгендей кіріккен, яғни түбір тұлғалары сәл өзгеріп біріккен сөздердің жазылуын емле сөздігіне қарап рeттеп отыру керек.
6. Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар тіркес біріккен сөз ретінде қосылып жазылды: қансонар, қолбала. Бір жaңа ұғымды білдіретін атау сөз іспеттес бірсыпыра тіркестер де біріккен сөз түрінде тұлғаланды: ойтүрткі, ойтолғақ, aлмаағаш, кестежіп, аяқмəшине, бормəшине, ішбүлгін, тастабақ, ауызүй, басқосу. Осы қатарға бойжету, бойұру, атсалысу сияқты біріккен етістік тұлғалар да қосылды. Осы мысалдардың ішіндегі алмаағаш (алма ағашы) сөзінің жазылуымен келісе алмаймыз, себебі жоғарыда осы сияқты сарағаш (сары+ағаш) сөзінің жазылуы басқаша. Екі дауысты қатар келгенде қандай өзгеріске түсетіндігі жайында жоғарыда айтылған болатын. Яғни, сөздікте қарама-қайшылық орын алып отыр.
7. Қазақ тілінің емле ережелерінде орыс тілінен ертеректе еніп, қазақ тілінің дыбысталу заңдылықтарына бойсұнып, тұлғасы өзгеріп қолданылатын сөздер сол өзгерген күйінде жазылады деген бап бар болатын. Бұл сөздердің басым көпшілігі тұрмыс-салтқа, сауда-саттыққа қатысты тұрмыстық лексика деген топқа жататыны белгілі: самауыр, кереует, бəтес, жəшік, кір (өлшеуіш, құрaлдың бөлігі), божы (вожжи), көшір (кучер). Осы қатарға тағы да ондаған тұрмыстық зат атауларын қосуға болады. Мысалы: келі (бұрын кило деп келгеніміз), ал бұрын завод, товар, поезд деп жазылып келген бес-он сөздің зауыт, тауар, пойыз деп өзертілуінің де негізі бар: зауыт, пойыз, газет, минут сияқты сөздер де ертеректен осылай қолданылып келгені мәлім, ал тауар, үтік, қарындаш сөздерінің түп-төркіні түркілік (демек, қазақтық та) екенін ескеріп, бұлардың да орысша тұлғалары өзгертілді. Бұл 5- басылымда осы қатарға тағы бес-он сөз қосылды, бұлар негізінен терминдік атаулар емес, көбі тұрмыстық лексикаға қатысты болып келеді. Мысалы: банк (банка), соды (сода), мəйкі (майка), стансы (станция) т.б. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына қарай өзгеріп жазылатын кірме сөздер аса көп емес, сондықтан олардың да жазылуын сөздікке қарап біліп алуға болады. Бұл ретте келтірілген банк; (банка) сөзінің жазылуымен келісуге болмас, себебі бұлар мағыналары жағынан әр басқа сөздер болып табылады.
8. Жаңадан енген сөздердің бірқатарына өс. - өсімдік, мед. - медицина, әск. - әскери сөз, этн. - этнографизм, зоол. - зоологиялық термин, тер. - термин сөз, зерг. - зергерлік өнер, қаратпа - қаратпа сөз, сөйл. - сөйлеу стиліне тән қолданыс, экон. - экономикалық термин деген сияқты қысқартылған түсініктемелер беріліп отырды (бұл тәсіл бұрынғы басылымдарда да қолданылған болатын).
9. -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік), да+н+у жұрнағымен жасалып, терминдік ұғымға ие болған сөз тіркесі біріккен сөз- термин ретінде қосылып жазылды, яғни олар саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени терминдер деп немесе терминдік мәндегі анықтауыштар деп танылды: жалпақшешейлік, қаназдық, аққандылық, екіжүзділік, дүниеқоңыздық, еңбексүйгіштік, ұлтжандылық, жалпыадамзаттық, жалпыэкономикалық, т.т.
10. Құрал-жабдықтардың қазақша аттары техникaлық атаулар ретінде қосылып жазылды: ақаутапқы, əуетозаңдатқыш, бензоқұйғыш, дəнсепкіш, жылутартқыш т.б.
11. Бұрынғы ереже бойынша бейнелі тіркес ретінде бөлек жазылып келген ақ көңіл, ер жүрек, кең пейілді, ақ жүрек сияқты бірқатар сөздер қосылып жазылды: ақкөңіл, ержүрек ... т.т. Сол сияқты бұрын бөлек жазылып келген өлшем атаулары ретіндегі тіркестер де біріккен сөз ретінде біріктіріліп жазылды: көзкөрім (жер), биесауым (уақыт), таяқтастам (қашықтық). Сондай-ақ мезгіл, шақ атауларын беретін күнұзаққа, күнілгері, күнібұрын, алакөлeңке шақ сияқты т. б. сөздер біріктіріліп жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет