Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Баланың сөз шығармашылығы



бет41/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
12. Баланың сөз шығармашылығы.

Н.О.Рыбникова, А.Н.Гвоздев, Т.Н.Ушаков, Ч.Полдуина және т.б. бала тілін зерттеушілердің еңбектері бала өмірінің ағашқы жылдары қажырлы сөз шығармашылығы кезеңі болып табылатынын көрсетеді. Бірқатар «жаңа» сөздер барлық балалардың тілінде дерлік (56) байқалады, басқалары тек жеке балаларда ғана кездеседі (57).

(56) всехний, всамделишный

(57) – Какой ты *диктун, папа!

Т.Н.Ушаков үш жастан алты жасқа шейін баланың жаңа сөздерді шығаруының бірнеше принциптерін ұсынады:

а) Қандай да бір сөздің бөлшегі тұтас сөз ретінде қолданады. Сөз сынықтары (слова-осколки) пайда болады (58-61),







Бала сөздері

Мағынасы

(58)

*пах

запах

(59)

*прыг

прыжок

(60)

*лепь

То, что слеплено

(61) – Мы леплили-лепили, и получилась *лепь.

б) Сөз түбіріне «бөтен» қосымшаның жалғануы – бұл да баланың жаңа сөз жасауындағы өте кең тараған әдіс (62-69).





Балалар сөзі

Мағынасы

(62)

*правдун

говорящий правду

(63)

*пахнота

запах

(64)

*сухато

сухость

(65)

*иметель

тот, кто имеет

(66)

*пахнючий

тот, кторый имеет сильный запах

(67)

*умность

ум

(68)

*радование

радость

(69) – Пурга кончилась, осталась толька *пургинки (снежинки).

в) Бір сөз екі сөзден құралады («синтетикалық сөз»). «Синтетикалық сөздерді» жасау барысында ұқсас дыбысталатын сөздердің бөлшектерінің бірігуі болады (70-73).

(70) *ворунишка = вор + врунишка

(71) *вкуски = вкусные + куски

(72) *колоток = колотить + молоток

(73) *улиционер = улица + милиционер

А.Н.Гвоздев «сөз сынықтарының» пайда болуын түсіндіре отырып, баланың сөйлеуді бастай отырып, алдымен сөзден екпінді буындарды алатына назар аударған. Бала молоко сөзінің орнына ко, кейінірек – моко, соңынан молоко деп дыбыстайды. Осылайша бала тілінде «сөз сынықтары» пайда бола бастайды.

Осы әдіспен түрлі етістіктер мен сөз тіркестері бірігеді (74, 75).

(74) *бабезьяна = бабушка обезьяны

(75) Я - *мапина дочька = мамина и папина

Сонымен, сөз шығармашылығы да ана тіліндегі әдеттегі сөздерді меңгеретіні секілді қоршаған адамдардың балаларға беретін сөйлеу стереотиптеріне еліктеуге ие. Тілдік шаблондарды (речевые шаблоны) меңгере отырып, балалар суффикстерді, жалғауларды қолдану ережелерін түсінуге тырысады. Дегенмен де, олар тілде жоқ, бірақ принципінде мүмкін жаңа сөздерді әдейі жасамайды. Балалардың неолигизмдері тілдің заңдылықтарына әрқашан сәйкес келеді және грамматикалық жағынан дұрыс, тек тіркесуі - кездейсоқ.

Осылайша, сөз шығармашылығы – ана тілінің грамматикасын игеруде әрбір баланың басынан өтетін этаптардың бірі. Ортақ түбір және аффикстік элементтертері бар көптеген сөздерді қабылдау және қолдану нәтижесінде баланың миында қолданылатын сөздерді бірліктерге бөлшектеудің (лингвистикада морфема деп аталады) аналитикалық процесі жүреді.

Бала есейе келе сөз шығармашылығы тоқтай бастайды: бес жасында-ақ бала ересектер қолданатын сөз тіркестері оралымдарын меңгереді.

Соңғы жылдары психолингвистикалық әдебиеттерде сөйлеудегі индивидуальді ерекшеліктер мен тілді игеру стратегиялары тақырыптарын қозғайтын еңбектер пайда болды. Көбінесе тілді игерудің минимум екі стилі ерекшеленеді. Бірқатар балалар тілді ең алдымен затты нұсқау, көрсету мақсатында (referential purposes), басқалары өздерінің эмоциясын білдіру мақсатында (expressive purposes) үйренеді. Алғашқылары жиі зат есімдерді қолданады, екіншілері – есімдіктерді. Сондай-ақ, бірқатар балалардың тілді өзгеше (необычно) қолдануы да айтылып жүр. Айталық ағылшын тілінде сөйлейтін бір бала үш ай бойында фонологиялық трансформация көмегімен (сөз бөлшегінің қайталануы) болымсыздықты білдіріп отырған (76-79).





Бала сөзі

Мағынасы

Болымды

Болымсыз

(76)

wati

су




(77)

watiti




су жоқ

(78)

up

жоғары




(79)

upapa




жоғары немесе төмен

Мұндай фактілер балардың тілінің дамуы өзінідік ерекшеліктерге ие болуы мүмкін екенін дәлелдейді.

Дегенмен де балалар индивидуальды ерекшеліктерге қарамастан, ата-ананың мақсатты әркеттерінің әсерне тәуелсіз түрде ана тілін бір уақытта меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет