Қазақ мерзімді баспасөздің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. “Дала уалаятының газеті және Түркістан уалаятының газеті”



Дата15.09.2017
өлшемі10.21 Kb.

Қазақ мерзімді баспасөздің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. “Дала уалаятының газеті және Түркістан уалаятының газеті”

Жоспары:

  • 1. «Дала уалаяты» газетінің шығу тарихы.
  • 2. «Дала уалаяты» газетіндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері.
  • 3. «Дала уалаятының газетінде» басылған шығармалар мазмұны.
  • 4. Қазақ баспасөзінің тұнғышы «Түркістан уалаятының газеті»
  • 5. «Түркістан уалаяты газетінің» шығу тарихы.
  • 6. «Түркістан уалаяты газетіндегі» қозғалған мәселелер.

Мақсаты:

  • Қазақ мерзімді баспасөздің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер жайлы айту, “Дала уалаятының газеті және Түркістан уалаятының газеті” жайында мәліметтермен танысу. Тағылымды тарихпен өткен күннің естеліктерін бүгінгі “басқаша” ойлайтын оқырманға таныстыру мақсат болып отыр. Жарияланатын мақалалардың мәні мен мағынасы, қозғалған маңызды мәселелердің бүгінгі таңдағы орны мен ерекшелігін айыра білу.

“Дала уалаятының” газетін 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған “ Акмолинские областные ведомости” газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген.

«Дала уалаятының » газеті.

  • Бұл газет 1894 жылдан бастап орыс тілінде “Киргизская степная газета ”; ал қазақ тіліндегі “Дала уалаятының газеті” деген атпен жарық көре бастады. Жалпы бұл газет 1888 жылдан 1902 жылға дейін аптасына бір рет шығып тұрды. Газеттің соңғы саны 1902 жылы март айында басылып, содан кейін “Сельскохозяйственный листокке” айналды.

«Дала уалаяты» газетіндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері.

  • Басқа жергілікті газеттерге қарағанда қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылык жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ корсетіп отырған газет болды. Бұрынғы Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер-білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс халқының әдебиетімен таныстырды. Оның бетінде А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермотов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, Г.И.Успенский шығармаларының, И.А. Крыловтың мысалдарының қазақ тіліндегі алғашқы аудармалары басылып тұрды.

«Дала уалаятының газетінде» басылған шығармалар мазмұны.

  • Бұл газеттегі басылған шығармалар түрі, құрылымы, жанры жағынан алуан түрлі. Оларды 19 ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ әдебиетінің тарихы, идеялық мотивтері, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және орыс әдебиетінің игілікті әсері тұрғысынан алып жан-жақты зерттеуге де болады.
  • Мысалға « Әйел» деген атты мақаласы, « Құс кеңесі», « Байғыз», « қазақ сөзін жазу турасы», « Бақытты молда» т.б. шығармалары аса үлкен орын алған.

Қазақ баспасөзінің тұнғышы «Түркістан уалаятының газеті»

«Түркістан уалаяты газетінің» шығу тарихы.

  • Бұл газет Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.
  • Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс және Шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат шахмардан Мирасұлы Ибрагимов болады.

«Түркістан уалаяты газетіндегі» қозғалған мәселелер.

  • «Түркістан уалаяты газетінің» ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми патша өкіметінің бұйрық- жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, және әйел теңдігі мәселелері қаралды.
  • Бұдан басқа мәдениет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиеті үлгілері де жарияланып тұрды.

«Түркістан уалаяты» газетінің беттерінде жоғарыда тоқталған елдің ішкі-сыртќы жағдайларымен қатар отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылғына байланысты да көптеген іргелі материалдар жарияланып тұрды. Сондай-ақ Орта Азия жерлерінде күріш, мақта егу жайындағы мағлұматтарда француз күрішінің тұқымын, Америка мақтасының тұқымын Түркістан аймағына егу тәжірибелері айтылған. Ал мал шаруашылығы жайында мәселе көтерілген мақалаларда малдың тұқымын асылдандыру керектігі сөз етілген.

«Түркістан уалаятының газетіндегі » қазақтарды ғылымға тарту мақалалары жайында.

  • «Түркістан уалаятының газеті» оқу-білім жөнінде, оның маңызы туралы материалдарға да орын беріп, қазақтарды ғылымға қызықтыра білді. Мысалы, 1870 жылдың 10 желтоқсан күнгі нөмірінде күн тұтылатындығын , оның себеп-салдарын жазды. Екіншіден, осы мақалада телеграф жұмысы жайлы баяндай келіп, ол арқылы қиыр шеттен жылдам хабар алуға болатыны, сол кезде Орта Азия мен Ресейдегі 25 қала аралығында осындай телеграф байланысы орнатылғанын және қай қалаға телеграмма жіберудің қанша теңге тұратыны хақында тізім берілген.
  • Назар аударғандарыңызға
  • рахмет!

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio3
2016 -> Тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
2016 -> Сабақты тақырыбы: Ұлы, кемеңгер, ақын Абай Құнанбаев. Грамматикалық тақырып
2016 -> Стиль-сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы
2016 -> А. Байтұрсынов атындағы Қму тілдік даярлау орталығы
2016 -> Республикалық маңызы бар ескерткіштер Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ
2016 -> Мақсаты: Мақсаты: Көркем туындыдағы идеяға көз жүгірту
2016 -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері
portfolio3 -> Материалдары
portfolio3 -> «Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет