*** Сол бір жылдардың қызық бір оқиғасын Шахмарданның өзі былайша баяндайды:
72 Шахмардан Есенов «...Жезқазғанда геологиялық-барлау экспедициясында мамандығы- мабайланыстыгеолог,соңынанбасгеологболыпқызметатқардым.Бұл жылдар мен үшін кәсіби мамандығыма қоса, халқымыздың тарихына куә болған Ұлытау өңірінің елі, халқымен жақын таныстым. Көнекөз қариялармен сөйлестім, қызықты әңгімелер болса, қағазға түртіп қоюдыдаұмытпадым.СондайбіркездескенқариямАсандегенақсақал болды. Жасының ұлғайғанына қарамастан, ұзақ жыл шаруашылықтың жылқысын бағып, балаларына бас-көз болып, өңірдегі қонақжай, еліне қадірмендіқарияеді.
Үйленбегенкезім,апамекеумізтұрамыз.ҚолбостаАсанақсақалдың үйіне барып, әңгіме-дүкен құрып, бір сергіп қайтқанды екеуміз де ұнатамыз. Біздің экспедицияның жігіттерімен де жақсы болды. Аң аулап, олжалы болса Асан ақсақалмен бөлісуді ұмытпайтын. Үлкен бір сыйластықта болдық.
Күзгі уақыт болатын. Бір күні кештетіп үйге келсем апам көңілді, қазан қайнап жатыр. Жас жылқы етінің иісі мұрынды жарады. Апам:
– Шешін, тамақ та дайын болып қалды, – деп, бәйек болуда.
– Апа, бұл ет қайдан келді? – деп сұрадым.
Апамэкспедицияныңжігіттері жартықойменжылқыныңетін әкеліп беріп кеткенін айтты.
Мен ойланып отырдым да бір түсініксіз жайттың болғанын аңғар- дым.Күнжексенбіболғандықтанжігіттердіңаңғашыққанынбілемін...
Мен тездетіп киіндім де кеңсеге барып, барлық аңға шыққан жігіттерді жинап алып, не болғанын сұрадым. Олар қараңғы түнде байқамайбіржылқыныкиікдепатыпалыпты.Далағатастапкетпейді ғой, ақылдаса келіп, иесін тауып, құнын беретін болып, етін бөліп алады ғой баяғы. Маған да өз үлесімді беріпті.
Жігіттергебіразренжіп,ұятжасағандықтарынсаналарынажеткізіп, жылқыныңқұнынжинап,«аңшыларды»алыпАсанақсақалғакешірім сұрауғакелдік.Ақсақалойындатүкжоқ,ақкөңіліменаңқылдапқарсы алып жатыр. Сол екі ортада әйелі қазан да көтеріп қойыпты.
Бірден қылмысымызды айта алмай ақсақалмен біраз әдеттегідей әңгімешерттік.Осыөңірдіңшежіресінсұрап,тағыдаталайтарихтың басын қайырдық. Жағдайды, меніңжігіттерім бүлдіргеністі біледі-ау деп топшыладым. Тамақ ішіліп, рұқсат сұрайтын кезде:
–Асеке,мынаменіңжігіттерім бір ұятты,атымызға кіркелтіретін жұмысжасапты.Сіздіңбіржылқыңыздықараңғытүндебайқамай
Жезқазған кеннің қоймасы 73 атып алыпты. Сол айыбымызды мойындап, кешірім сұрауға келіп отырмыз, – дедім.
Асекең ақсақалдығына сән берген шоқша сақалын тарамдап сипап отырып:
– Шахмардан, шырағым, соны да әңгіме етіп отырсың ба? «Сырты түк,ішібоқ»бірмалдатұрғаннебар?Сендертүздіңарыстанысыңдар, халық игілігі үшін жасап жатқан еңбектерің білген адамға ұлан- ғайыр.Әдейіатпағанболар,біржолғажігіттердіңсағынсенде,мен де сындырмайық, – деп, осымен әңгімені доғарайық дегендей, тіктеп маған бір қарады да, – ал, інілерім, маған пұлдың қажеті жоқ. Сендер бердіңдер, мен алдым. Ескеріп, осынымыз жөнсіз болды-ау деп келгендеріңе тәуба, келмесеңдер не етер едім, рахмет!
Біздер мойнымыздан ауыр жүк түскендей, қалашығымызға қайт- тық.
Бір апта өткенсоң апам екеуміз Асекеңніңүйіне қайта бардық. Өзіне – костюм, жеңгейге – көйлек, балаларына да сыйлық алдық. Асекең баяғы қалпы, жарқырап қарсы алып, төріне шығарып жатыр.
Осылай талай жыл аралас-құраласта болдық.
Кейінненбіз Алматыға көштік, бірақ барыс-келісімізді үзген жоқпыз». *** Осы тұста біз әңгіме бағытын кері бұрып, басында сөз еткен жәйттергекеріоралмақпыз.Шахмарданныңатаменанасы, өзінің жеке басын әңгімеге арқау етпекпіз. Әйтпесе, кейіпкеріміз жұмыстан басқаны білмейтін,адами құндылықтарыбелгісіз біреуболыпшығуы мүмкін.ОндабізәуеліАдам,сосынАзамат,кейінненғалым-академик Есенов Шахмардан шындығынан ауытқып, жалғандыққа ұрынамыз, оның толық «портретін» жасамаған боламыз...
Содан, келер – 1951 жылы әкесі Жорабектің асын өткізіп, ел- жұрттың ризалығын алып, Шахмардан анасы Шәрипаны Жезқазғанға көшіріп әкетті.Баранақайда барсада баласы қасында болсариза-ау. Солсияқты,Шәрипаанада«бұлжерұнамайды,туысқандарымалыста қалды, немесе, күні суық екен...» демей, жалғызы Шахмарданының соңынан еріп, бұрын көрмеген-білмеген, туысты былай қойғанда, жайтамыр-танысыдажоқелгеренжімей-ақкелді.Таңертеңбаласын
74 Шахмардан Есенов жұмысқа шығарып, кешкісін күтіп алып, тіршілік ете берді. Жақсыда жаттық жоқ, тез арада көрші-қолаңмен де танысып, қыпшақ рулы қайнаға-қайындарын, келіндерін тауып алды. «Қазақи дәстүр! Сен қандай жақсысың!» дегің келеді осындайда. Осылай адами араласу- дан, бірін-бірі құрмет тұтудан артық не бар екен?!
Ара-арасында ШахмарданныңкурстасдостарыДалабай,Темеш, Ғазиз, жұбайлары Шара, Ғазиза, Сара бала-шағаларымен келіп, үйдіңішінбазаретіп,у-шуғабөлепкетеді.МұндайдаШәрипаапада ес қалмайды, барын солардың аузына тосып, осындай келін мен немерелердің осы шаңыраққа келуін ырымдап, бір жаратушыдан тілейді.Бәрініңарманыбірарман–осыүйгебіркелінтүсіріп,Шәрипа аналарын ыдыс-аяқтан босату. Жасы ұлғайған сайын бітпейтін үй шаруасы шаршатып, қажытып жүргенін бәрі де сезеді.
Некерек,1952жылдыңжазыдакелді.БұлкездеКәмилақызПедаго- гикаинститутынбітіріп, тарихпәнініңмұғалімі атанған-ды.Демалыс алып, Шахмардан анасы екеуі әуелі Шиеліге келді. Ондағы жақын- жуық ағайынмен ақылдасып, Қызылордаға шықты. Мақсаттары – Кәмила қызға құда түсіп, Жезқазғанға ұзатып алып келу.
«Сексен жылқы, сегіз нар – жасаулы қыздың қалыңы...» – дейтін заманба еді, олбір. Соғыстанкейінгіжылдар, елдің қарны енді-енді тойынып, киімінің әлі бүтінделе қоймаған кезі емес пе?! Кәмиланың әкесі мен анасы бір жылда, Кәмиланың он жасында қайтыс болып әпкесі Ақілгек тәрбиелеп-өсірді. Қатарынан кем етпеді. Енді әпкесі мен жездесі ел қатарлы көрші-қолаңныңбасын қосып, сол кездің жағдайына орай ұзату тойын жасап, көңілдері жарасқан екі жасты Жезқазғанға шығарып салды.
Ал Жезқазғанда оларды достары асыға күтіп, келін түсірудің сал- танатын сол кездің заманына лайықтап, «көрпеге қарай көсілген» той жасады. Жас келіннің беті ашылды, достары әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй тартып дегендейін, не керек, бір қызықты жиын өткізді.ОсылайЖезқазғанөңірінетағыбіржасотаушаңырақкөтеріп, уығын шаншып, керегесін керді...
Сүйіктісін қасына алып, көңілі жайланған Шахмардан геология- сына бар ынта-ықыласымен кірісті. Институтта оқығандай емес, мұнда мәселе күрделі екенін көрді. Өзіне дейінгі барлау барысын, анықталған кен байлықтарының шеті мен шекарасын байқастап қараса,олбүгінгібелгілібопотырғаннанәлдеқайдакөпекен.Ғылыми
Жезқазған кеннің қоймасы 75 зерттеулер, ара-жігін анықтайтын талдаулар жасады, өз ұстазы ҚанышСәтбаевеңбектерінқайтақарап,сосынН.Г.Кассин,М.А.Усов еңбектеріноқыды.Жұмысбарысындаалдынаншешілуінкүтіптұрған талайпроблемалар шықты. Еңәуелі Жезқазғанда белгілі болғанкен байлықтарының таралушекарасын қайта қарап,кеңейту керек болды. Шекараны кеңітсе, бұрынғы анық болған кен байлығы 3-4 есеге көбейеді. Бұны игерсе, ел ырысы да асады деген сөз.
Жаңа идеяларын ұстазы Қаныш Сәтбаевқа айтып, ақылдасты. Ол шәкіртініңжаңа,жақсы идеяларына, әсіресе,оныңбелсенділігіне қуанды.Кезкелгенжаңалықтыңбірденөмірге,ғылым«орбитасы- на» түсе қоймайтынын, түрлі кедергілер мен қарсылықтар болаты- нынғылым менөндіріс ортасында жүргенәрі басшы,әрі ғалым өте жақсы біледі.ӘуеліМәскеудегітиістіминистрліктерменғалымдар алдында дәлелдеу керектігін айтты. Жаңа бастаманы іске асыру үшін қолдау аз, қаражат керек. Оны шешетін жоғарғы жақ. Мәскеу Ғылым Академиясы мен Геология министрлігіне хат жолдады, жаңа идея мен тұжырымдарын баяндады. Кешікпей әбден жаттанды болған:
«келсін, дәлелдесін» деген жауап алды. Артынша «тез жетсін» деген де телеграмма келді. Бұл кезде Шахмардан қаладан екі жүз шақырым қашықтықта экспедицияда жүрген. «Самолетке үлгерсін!» деген қосымша хабар тағыкелді. Мәскеугесамолетаптасынабір-ақ рет ұшады.Амалжоқ,жетукерек.Ыңыранған«Газ-51»машинасымен200 шақырымды алты-жеті сағат жүріп зорға дегенде Жезқазғанға жетті. Жол-жөнекей конторғакіріпқағаздарын,жолқаражатыналыпұшқалы тұрғансамолеткеәреңүлгерді. Үйгесоғыпкиім ауыстыруғауақыт қалмады, бірақ Шахмардан оған ренжи қойған жоқ. Ең бастысы – самолетке үлгергеніне қуанды. Аяқтағы керзі етіктің шаңын қағып, шалбардыңбалағынқонышынатығып,үстіндегіфуфайкасынқаусыра түймелеп, Кеңестер Одағының астанасы Мәскеуге келді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де Шахмардан шындығы осы. Әрине, дәл бүгін бұған сену қиын...
Ертеңіне осы түр-тұрпатымен Ғылым Академиясы мен Геология министрлігіөткізіпжатқанжиналысқакелді.Соғыстанкейінгіжылдар ғой, алтынға оранып, күміске көміліп жүрген ешкім жоқ, бірақ тап- таза, тап-тұйнақтай киінген ғалымдар ортасы. Керзі етік, фуфайка- мен жүрген ешкім жоқ. Шахмарданға қарап: «қайдан келген азиат?» дегендей,таңданақарайды.ЫғатынШахмарданемес,алшаңдапбасып,
76 Шахмардан Есенов шалқақ жүр. Ойында мына отырған тәкаппар ойшыл-ғалымдарға жаңалығын жайып салып, идеясын мойындату. Ойын жинақтап, тұжырымын пысықтап қояды.
Дабыр-дұбыр басылып, жиын басталып та кетті. Мәселе көп, сөйлеушілер одан да көп. Кезек Есенов Шахмарданға келді. Бір кезде иығы қақпақтай, алып тұлғалы, ақсары жігіт трибунаға көтерілді. Көп адамға бұл көрініс ұнамады, әрине, киім киісі. Түйелі қойшыдай өңкиіп шыға келгенде, кейбір жеңілтек мінезділер жырқылдап күліп те жатты. Шахмардан олардың мысқылына пысқырған да жоқ, өз жөнімен, аспай-саспай сабырмен сөзін бастады.
Орыстілінөзмәйегінде,ешқандайбұрмалап,бұлтыңғасалмай тап-таза сөйлей жөнелгенде, зал бірден тына қады. Әуелі Қазақстан жеріндегі кен байлығына қысқаша тоқталып қана негізгі айтпағына көшті. Кен байлықтарын түсіріп келген картасын іліп, қайсысы қалай орналасқан, қай қабатта қалай жатыр, шекара-шеті қайда... дегендерді айта келіп, өндіру үшін кешенді түрде қазу керектігін, бір- біріне араласа,қапталдаса орналасқан кенді ажыратыпалумаңызды екенін баса айтты. Сонда өнім 3-4 есеге өсетінін нықтап, нығырлап, міндеттілерге діттеп айтты. Мамандар мен ғалымдарға жаңа идея ұнаған іспетті. Тырп етпей тыңдауларына қарағанда, үміт бар, ишара- лары соған саяды. Сөзінің соңын Шахмардан: Науки юношей питают, Отраду старым подают,
В счастливой жизни украшают, В несчастный случай берегут;
В домашних трудностях утеха
И в дальних странствах не помеха. Науки пользуют везде,
Среди народов и в пустыне, В градском шуму и наедине, В покое сладки и в труде...
– деп, бітірді. – «Бұны мен емес, ұлы Ломоносов айтқан, – деді трибунадан түсіп бара жатып.Сол-ақ екен, зал іші дүр ете түсті. Қол соғылыпжатыр.Зиялықауым,ғылымиорта,бірсөзбенайтқанда, жас жігіттің талантына ауыздарын ашап, көздерін жұмды. Қол соғуларынтоқтатпайқойғансоң,жиналыстыжүргізіпотырғанадам:
Жезқазған кеннің қоймасы 77 «тоқтаңыздар, тоқтаңыздар, концертте отырған жоқсыздар ғой, бұл ғылыми кеңес!» деп, әрең дегенде дамылдатты. Ақырында, Есенов Шахмарданның бұл ғылыми жаңалығы Мәскеу ғалымдарынан қолдау тауып, Жезқазған кенінің «жаңа картасы» жасалынатын болды. Жаса- лындыда.Бұлжаңалық«Жезқазғантиптескенорындары»,«Жезқазған әдісі» аталынып, барша Кеңестер Одағында геология ғылымының ай- налымына түсті.
Бұл геолог-барлаушы, инженер жас Шахмарданның Жезқазған жеріндегі алғашқы үлкен жетістігі мен жеңісі еді.
Жезқазғанда алғаш рет жер қойнында жатқан байлықты бұрынғы таптаурынболғанәдіспенемес,ендігіжердежаңатехнологиялықәдіс– бұрғылауды бір-біріне қапталдата орнатып, бұрынғыдай біреу-екеу мұнара емес, қатар-қатар кен мұнарасын тұрғызып, байлықты түптеп, ауқымын кеңейтіп іздеуді қолға алды. Бұл өте тиімді әдіс болып, кен байлығынөндіруЖезқазғанжеріндежеделөсті.НәтижесіндеСарыарқа төсіненИтауыз,Сарыоба,Қарашошақ,Қыпшақбай,Айранбай,Талды- бұлақ,ЖартасмыскеніштеріжәнеЖыланды,Қумолакөгілдірасбест... теңдесі жоқ кен орындары ашылды.
Жезқазған жеріндегі Шахмарданның айтарлықтай атқарған бір ісі – жер асты теңіз көзін тауып, ауыз сумен халықты қамтамасыз ету болды.
Айналасында гүрілдеп аққан өзен мен көгілдір көлі болмаған соң, Жезқазған тұрғындары мен өндіріс орындары ауыз судың тақсіретін тартып отырғалы талай жыл. Сусыз өмір, өмір ме. Жер бетіндегі тіршіліктің өзі су ішінде басталмап па еді?! Олай болса, халықты бұлай қинауға болмас, су көзін табу керек деп Шахмардан геолог- тарына жаңа мақсатқойды. Жері таулы-қыратты,Ұлытауды айнала ағып жатқан жылғалы бұлақ аз емес. Ғылымға жүгінсек, мұндай аймақтажерастысукөзініңболмауымүмкінемес,тектабабілу керек. Бұл мәселе геологтар алдына бұрын да талай қойылған. Бірақ, үнемі бастауын бастағанмен, аяқсыз қалып, кейінге шегеріле берді. Енді шегіне жеткенсупроблемасы шегінерге жер қалдырмайтұр. Жезқазғандаөндірісошақтарыкөбейді,қалаөсті,халықкөбейді.Суға деген мұқтаждық өсті. Мұқтаждықты жоюдың жолы – су асты көлдер көзінтабу.ОсындайсауаптыдасалиқалыміндетШахмарданэкспеди- циясына жүктелді. Тапсырманың маңыздылығын түсінген олар оны орындауға құлшына кірісті.
78 Шахмардан Есенов Жер асты суын айлап, жылдап іздеді. Ғылыми тұжырымдарға сүйенді,халықсөзінеқұлақтүріп,ескі,көзіжабылыпқалғанбұлақпен өзен табандарын бұрғылады. Не керек, күндердің бір күнінде Жанай менАйдосмекенінентап-таза,мөп-мөлдірсуаспанғаатылды.Ойхой, ол күнгі жезқазғандықтардың қуанышында шек болған жоқ. Шах- мардан бастаған геологтарға айтылып жатқан алғыс пен марапатта шек жоқ. Артынша жер-жерге құбыр тартылып, көп қабатты үйлерге алғашсукіргізілді,өміргүлденіп,тіршілікмәнденіпқалды.Рудниктер мен көптеген шахталар суға «тойып», халық бау-бақша салып, көкке ауыздары тиді.Шахмарданға«ЖанайменАйдостансукөзінтапқан Бас геолог» деген диплом берілді.
Зымыран уақыт бір сәтке артына қарайлап тоқтасайшы. Жоқ, оныңтоқтауғамүмкіндігіжоқ.Табиғатзаңысолай.Солзаңменол өзшығырында шырайнала береді. Шахмардан: «Барлау...Ұлытау... Жезді...алтын,күміс,мыс,жез...»депжүргендебіразжылдардың өтіп те кеткенін байқамапты. Бұлкезде Кәмила мектепте оқу ісінің меңгерушісі болатын. Шәрипа ана тұңғыш немересі Шайзаданы бауырынабасып,қызықкөргенкезі.Ендігітілегі–жалғызымның ізін жалғайтынбір ер бала болса. Жаратушы көп ұзамай Шарипаның тілегін берді, екінші немересі ұл болып, атын ырымдап, мақсатты, мұраттыболсындеп«Мақсұтбек»қойды.ОныңсоңынанЕскендірбек, Сұлтанбек келді өмірге.
Сол бір жылдардың естелігін Кәмила апайдың аузынан естігіміз келіп,әңгімегетарттық.«Е,несінсұрайсың,қалқам...»деп,жеңілғана күрсініп алды да:
– Шахаң, «Өтті де кетті-ау қайран бір, көктемгі тасқын суындай» деп,Тургеневөлеңінсоңғыжылдарыжиіескеалып,айтыпотыратын. Солсекілдібәрідеөттідекеттіғой.Өткенөміргеөкінугехақым жоқ, тек Батырдың өмірден ертелеу кеткені болмаса... – деді, көңілі жабырқап.Біз«Батырым» депкімді айтыпотырекендеп,ендісұрақ қоябергенімізде,–бәрітүсініктіболуүшінәңгіменібасынанбастайын, қалқам.Біздежасболдық,біздеғашықболдық,Батырсөзінеде, ісіне де берік жігіт екенін дәлелдеп, мен институтты бітіргенше күтті, ақырында үй болдық, балалы-шағалы болдық.
Олар төрт жігіт: Темеш, Ғазиз, Далабай, Батыр (Шахмардан) Алматының Кен-металлургия институтын бір жылда бітіріп, Жезқаз- ғанға бірге келді. Айналайын, сен мені дұрыс түсін, тіршілікте
Жезқазған кеннің қоймасы 79 бақырайтып-бадырайтып «Шахмардан!» деп атамай «Батырым» деп кетіпедім.Көзіжоқболсада,солайатаймынәлі.Оныңсырымынадай. Жаңадан келін болып түсіп, жат ортаға енді-енді үйреніп жатқан кезім.Әлгітөртдосбайқастапқарасам,бірін-бірі«Батыр»депатайды екен. Қандай жақсы. Қазақ айтпай ма, «Өсер елдің баласы бірін бірі батырдер,өспеселдіңбаласыбірінбіріқатындер»деп.Олардыңбір- бірінедегенмұндайілтипатымағанқаттыұнады.Өсерелдіңұлдарын көргендейқуандым. Қарасам, олардыңәйелдері де ерлерініңесімін атамай бәрі «батыр» дейді екен. Бізден басқалары үйлі-баранды, балалы-шағалы болып қойған. Содан мен де Шахаңды «Батыр» деуге көштім. Бір қызығы, «Батыр» деп атау екеуміздің арамызда бір жола қалып қойды. Шынында да, Шахаң «Батыр» деген атқа лайық, бойы да, ойы да сай азамат еді-ау...
Несінсұрайсыз,олжылдарбіздіңөміріміздіңеңбіртәтті,қызықты кезеңі. Қызық. Бірде олардың бір жолдасы брезент туфли сатып алыпты. Тапшылық кез ғой, теріден тігілген туфлиге ақша қайда. Содан оған Батырлар жу да, жу деп қоймайды ғой баяғы. Таңертең қарасам,әлгіжігітбрезенттуфлиінарықтыңсуынажуыпотыр.Маған:
«Кәмилаш, сенің Батырларың оңбайды... қарашы, кеше ғана алған брезент туфлимді батпаққа батырып... «жаңа затты жуу керек» деп, қояр да қоймай жуғызды, алған бағасынанүш есеге асып түсті. Солай да бола ма, Кәмилаш!... Ең болмаса, «кожынный» болса да, өкінбес едім ғой... әй, бұл батырлар ма, батырлар...» деп қойып, өзі шиқ-шиқ күледі.
Жас адамның әр күні қызыққа толы болады екен. Есейе келе ғой, балалар өсіп, түрлі проблемалардың шығатыны. Біздің жастық шағымызбәрінендеқызықболғансекілді.Әрқайсымыздыңсоңымызда екі-үш баладан, не керек, «құстың базары» сияқты улап-шулап бір- біріміздің туған күнімізді, мерекелерді бірге өткіземіз. Әсіресе,
«Батырларымыздың»бір-біріне дегендостығымықтыболды,қайда барса да, жұптарын жазбай, төрт жігіт қатар жүретін. Олар отырған той-жиын,отырысқызықты,думандыөтетін,Батырларәндеайтатын, бидідебилейтін.Қалжыңдықандайәдеміайтушыеді.Әйтеуір,жатқан бірқыран-топанкүлкіболатын.Шіркін-ай,десеңізші,Абайайтпайма,
«бұл өмір қызығыңды білдірмей ұрлайды» деп. Ақыры солай болды.
Қалқам-ай, айтып-айтпай не керек, төртеуі де дарынды, өз істерін жетік білетін мықты маман, қызметтеріне белсенді, берік болды.
80 Шахмардан Есенов Соның нәтижесі шығар, мысалы, Темеш (Садуақасов) көптеген шахтаның бас инженері, басқарма бастығы болды. Жезқазған қалалық партиякомитетінің екінші хатшысы, сосын, Орталық Коми- тетте ауыр өнеркәсіп бөлім бастығының орынбасары, бір жылдары Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы, Түсті металдар министрлігінде министрдің орынбасары қызметін атқарды. Осы қызметтен зейнеткерлікке шықты. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен үш рет марапатталды.
Ал,Ғазиз(Омаров) болса, өзі Ұлытаудың тумасы болатын.Әуелі смена бастығы, сосын Бас инженер болды, шахта басқармасының бастығы, «Жезқазғанкенбайыту» басқармасында партия комитетінің хатшысы, ал 1966 жылы жаңадан «Жезқазғаншахтапроходка» тресі құрылып,сондабіріншібасқармабастығыболды.Осықызметтеол
21 жыл істеп, зейнеткерлікке шықты. Кейіннен «Қазақмыс» болып құрылған кезде тау-кен мәселесі бойынша корпорация президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. Оның көп жылғы жиған тәжірибесі мен білімін жаңа басшылар пайдалана білді. Көптеген орден, медальдар- мен марапатталды, Социалистік Еңбек Ері атанды.
Тау-кен саласында маркшейдер деген мамандық бар. Далабай (Ешпанов) еңбек жолын осы мамандықтан бастады. Бірақ бұл жерден оныатақтыкеншіБайқоңыровбіршахтағаучаскебастығы,сосынбас инженер етіп жіберді. Себебі сол кезде жаңадан табылған бір әдісті, тәсілді кен байыту жұмысына тез енгізу керек болып, бұл міндетті Далабайойдағыдайорындапшықты.БұданкейіноныШығыстағы
«Түрліметаллкенбайыту» комбинатына директор етіп жіберді. Ол
«Жезқазғанкенбайыту» басқармасында Бас инженер, Ақшатау
«Тау-кен металлургия»,Балқаш «Тау-кенметаллургия»комбина- тында директор болып қызмет атқарды. Далабай КСРО Мемлекеттік сыйлығыңың лауреаты атанды, Қазақстанның Еңбек сіңірген кеншісі деген де атағы бар.
Ал, Шахаңды білесіз, сол кездің ең жоғарғы марапаттарының бірі – Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Кейде ойланып отырамын да, біздің жігіттеріміз қандай мықты болған, батыр десе батыр екен-ау өздері деп қоямын. Тау-кен мамандығының нағыз майталманда- ры бола білді, төртеуі де. Бүгіндебалаларыма, немерелеріме айтып отырамын. Бәрі де әруаққа айналып кетті. Жатқан жерлері жайлы болсын, жарықтықтардың...
Жезқазған кеннің қоймасы 81 ...Төрт баламыз да сол Жезқазғанда дүниеге келді. Ол жақтың қысы қатты ғой.Бұрғылау станоктары қатып қалмасын деп, Батыр түнде бір аралап келетін. Даладағы аяздан үсті-басы аппақ қырау- қырау болып үйге кіріп келгенде балалары: «Аяз Ата келді, Аяз Ата келді!» деп алдынан шұрқырай шығатын, мәз болатын. Дәл осындай сәттерде Батыр мен анасы өздерін ең бақытты жандардай сезінетін. Оларғақарапменіңдежүрегімқуанышқатолатын.Апамжарықтық
«тәубасын» тауысқан емес, өмір бойы жалғыз ұлының, немерелерінің тілеуін тілеумен өтті. Баласы жалғыз болып, баланың кемдігін көргенненболардепұғатынмын.Өзіжалғызөскенсоңба, білмеймін, Батырбалаларынөтежақсыкөрді,бірақбеталдыеркелетпеді.«Өмірге әкелдік пе, жақсылап тәрбиелейік, Батыр» деп, қатты айтсам, ренжіп қала ма дегендей, ойын еркелете тұрып жеткізетін маған. Пейілін түсіндім де, балалардың басы көбейген соң мектептегі оқу ісінің меңгерушілігі қызметімді қоя қойып, үй шаруасымен айналыстым, анамызғақарадым.Батырдыңанасыалтынадамеді,жалғызбаламның әйеліғойдедіме,білмеймін,ешренжіп,бетімекелгенемес.Айтар ақылын аялап, жұмсартып қана жеткізетін. Бір үйдің қызындай тату- тәтті өмір сүрдік...
Мынабіроқиғадәлкешегідейкөзалдымда тұрадыдақояды.Ер баламыз Мақсұтбек өмірге келгенде апам да, Батыр да тіршіліктің жалғасы келгендей, қатты қуанды. Түсінікті ғой. Біреуінің баласы жалғыз, біреуінің өзі жалғыз. Бір күні Батыр жұмыстан келе сала:
– Апа, Жорабектің ұрпағынжалғастыратын Мақсұтбек деген ұлды дүниеге әкелген келініңізге сый-сияпат жасауға рұқсат етіңізші, – деді,дәутұлғасынқайдатығарынбілмей,еңкейіп,анасынажалт-жалт қарап,балашаеркелеп.Олкісінеболғалытұрғанынасатүсінбесе де, әйтеуір, «рұқсат, рұқсат, құлыным!» деп жатыр. Бір кезде Батыр қалтасынан алтынсағат алып,менің қолыма тақты, шифонматаны иығыма жапты. Кімнің әйелі ұл бала таппай жатыр дейсің, қалқам! Батыр өзінің жалғыздығын кей-кейде сезініп, соғыстан оралмаған ағасы Шаһизаданды есіне алып, мұңайып қалатын. Мақсұтбекті өзіне серік, таяныш болатын болды-ау деп қуанған түрі ғой. Мен апамнан ыңғайсызданыпкөйлекті,Сізкиіңіздепжатырмын...–дедідеКәмила апай үнсіз отырып қалды. Біз бұл үнсіздікті бұза алмадық. Салықов Кәкімбекағамызайтпайма,«өміркездесуменқоштасудантұрады,ал оныңарасынжалғаптұратынсағынышдегенасылбірсезімбар»деп.
82 Шахмардан Есенов Кәмила апайдың Батырына деген бүгінгі сарғайған сағынышы сол күндергебастапәкеткенінсездікте,үндемедік.Біркездеөз-өзінекеліп,– Содан біздер, бас-аяғы Жезқазғанда 11 жыл тұрып, жора-жолдас, дос, ағайын-туыстауып,Алматығаоралдық.Себебі,1960жылыҚазақстан Геология министрінің орынбасары болып тағайындалды Батыр...»