Есімі берілген қалалар,ғимараттар,ғаламшарлар



Дата11.06.2023
өлшемі25,76 Kb.
#178613
Байланысты:
Доклад Сәтпаев
практикалық тапсырмалар Менеджмент, практикалық тапсырмалар 2, практикалық тапсырмалар 3, Ландшафт компоненттері

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
Отан тарихы және «Рухани Жаңғыру» кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы:Қаныш Сәтбаев.

Орындаған: Аманжолов Султан
Тобы:ГИК201

Жоспар


  1. Жалпы кіріспе.

  2. Ғалым анықтамасы.

  3. Есімі берілген қалалар,ғимараттар,ғаламшарлар.

  4. 15 дерек.

  5. Қаныш-Қазына

  6. Қорытынды.

1.«Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.»

2.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы,Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) – геолог ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.


3.Атында не бар?

  • Қазақстан Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты,

  • Сәтбаев қаласы,

  • Сәтбаев ғаламшары,

  • Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,

  • Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты,

  • Сәтбаевтың мұздығы,

  • Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,

  • «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі

  • Сәтбаев көшесі (Алматы)

  • Сәтбаев көшесі (Астана)

Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне осыдан 40 жыл бұрын, 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтбаев есімін берген.
Николай Черных Қырым астрофизикалық ғылыми зертханасында 1963 жылдан бастап жұмысын бастаған. Галактиканың кіші көлемді ғаламшарларын (астероид) зерттеу, барлау, анықтау жұмыстарымен айналысып, 537 кіші ғаламшар ашқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Черных 1459 астроном ғалымның арасынан кіші ғаламшарларды ашу бойынша 31-ші орынды иеленді. Ал жары Людмила Ивановна әйел астрономдардың ішінен 268 кіші планета ашып 2-ші орыннан көрінген.
Николай Черных сонымен қатар 1979 жылы Марс пен Юпитер арасында қозғалып жүрген кіші ғаламшардың атын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімімен атаған. «Абай ғаламшары» Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығының каталогына 4466-шы болып тіркелген. «Абай ғаламшары» әр бес жыл, төрт күн сайын Күн жұлдызын бір мәрте айналып шығады.
Сонымын қатар, Черных тап осы жылы тағы бір кіші ғаламшарға «Қазақстания» деген атау қойған болатын. «Қазақстания» ғаламшары Күнді 3 жыл 3 ай 10 күнде айналып шығады.
СӘТБАЕВ МҰЗДЫҒЫ – Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Алматы обл. Сарқант ауд. Жерінде. Лепсі өз. Осы мұздықтан бастауын алады. Мұздықтың ауд. 7,5 км2, ұз. 5,5 км, абляц. (еру және булану телімі) ауд. 4,7 км2, мұз көл. 0,50 км3. Мұздықтың ені 1 км-ге жуық, мұздық тілі 2950 м-ге дейін төмендеген. Мұзқар (фирн) 3520 м биіктіктен өтеді. Мұздықты алғаш реет 1912 ж. С.Дмитриев, 1915 ж. В.Сапожников зерттеді. 1947 ж. Қазақ КСР-і ҒА Геогр. Секторының (1983 жылдан ин-т) экспед. Абляция аумағын, мұздың жылжу жылдамдығын, мұз тілінің жағдайын бақылап, нақты қорытындылар жасады. 1947 ж.мұздыққа және оның шыңына (абс. Биікт. 4291 м) кеңес геологы, ғалым және қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді.
Сәтпаевит -Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: «Мектеп» баспасы», 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2— ванадаттар класына жататын минерал.

Химиялық формуласы: 6Аl(OН)3*3V(O2OН)*2VO(OН) 2


Сингониясы — ромбылық, агрегаттары ұн тәрізді, майда қабыршақтар, қабықшалар, жиырылымдар.
Түсі — сары, қаттылығы — 1,5-2.
Сатпаевит көмірлі тақтатастардың тотықтану белдемдерінде кездеседі.
4. 15 дерек:
1.Ғалымның арқасында, Қазақстан жерінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер табылды.
2.Қаныш Сәтбаев «Ертіс-Қарағанды» арнасының жобасын жасаған. Жобаның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылы аяқталды. Нәтижесінде, Орталық Қазақстан толығымен сумен қамтамасыз етілді.
3.Ұлытау-Жезқазған кен орнын ашқаны үшін, 1940 жылы Ленин орденімен марапатталды.
4.1951 жылы Кеңес Одағының билігі, жазушы М.О.Әуезов, Х.Жұмалиев, Е.Исмаилов, және композитор А.Қ.Жұбановты ұлтшыл деп айыптады.Қаныш Сәтбаевқа, айтылған адамдарды жұмыстан босату туралы бұйрық жасалды, бірақ, ол бұл бұйрықтан бас тарты. Соның себебінен, Сәтбаев қатты сыңға ұшырап, Қазақ КСР академиясы президентінің лауазымынан босатылды.
5. Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов жақсы дос болған, студент кездерінде бір бөлмеде тұрған.
6.Жалпы алғанда, оның әр түрлі салаларда жазған 800-ден астам ғылыми еңбектері бар.
7. 1947 жылы Лондон қаласында, Ұлыбритания Премьер-Министрі Уинстон Черчилльмен кездескен болатын. Сол кездесуде Қаныш Сәтбаевтан: «Барлық қазақтар сіз сияқты батыр ма?» деген сұрағына, «жоқ, мен қазақтардың арасындағы ең кішісімін, менің халқым меннен жоғары» деп жауап қайтарған.
8 Ол қазақ тіліндегі мектептерге арнап, «Алгебра» оқулығын жазып шығарған алғашқы адам.
9.Жер асты минералдарының картасын жасағанда, Қаныш Сәтпаев бірнеше ірі кен орындарын белгілеген жоқ. Жақын достарына: «Мен бұл орындарды әдейі жасырдым, өйткені, ол біздің ұрпақтарымыз үшін қажет!» деп айтыпты.
10. Алматыдағы Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына көп күш жұмсап, 1946 жылы оны басқарды.
11.1935 жылы Жезқазғанды зерттеу кезінде, Қаныш Сәтпаев 14-ғасырда Әмір Темір қалдырып кеткен, жазуы бар тасты тауып алды.
12. Ең тұңғыш – қазақ академигі.
13.Қазіргі таңда, Сәтбаевтың атымен қала, көше, университет және кен орындары аталған.
14.Ұлы ғалым 1964 жылы туберкулез ауруынан көз жұмып, Алматыда жерленді.
15.Қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үлкен. Билік өкілдерінің кедергілеріне және науқасына қарамастан, Қаныш Сәтбаев – Қазақстан тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі бола алды.
5.Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі – геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Телехикая – ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады.
Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық – телехикаяның негізгі өзегі.
Режиссері: Ерлан Нұрмұхамедов
Сценаристері: Әмір Әменов, Ален Рахметалиев
Басты кейіпкер: Әсет Есжан
Таисия Кошкина (Сәтбаева) – Анна Оразбаева
Жұман – Айдос Әуесбаев
Нұраш – Ақарыс Әшімқан

  1. Қаныш Сәтбаев- Қазақ ғылымына сіңірген еңбегі зор, санауға келмейді. Айтылғандай 800-ден астам еңбек, Алғашқы академик, Алғашқы Ғылым академиясының құрды, басқарушысы болды. Өмір бойы, қазына іздеп жүрген ғалым, өзінің қазақ жұртына үшін қандай қазына атанғанын білмей өмірден озды ма, бәлкім? Қалай болсын да, металдарды зерттеген тұлға, өз есімін ғылымға ең асыл металл алтынмен жазғызды десек, қателеспеймін. Баяндаманы өз сөздерімен аяқтайын:


«Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.»

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет