Қазақ поэзиясындағы сезім иірімдері



Дата15.09.2017
өлшемі85,79 Kb.


Қазақ поэзиясындағы сезім иірімдері.

Абдуалиева Ж.Б. ф.ғ.к., доцент

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Әдебиет - халық өмірінің айнасы. Әдебиет деген асыл ұғымда тілдің құдіреті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарихи шындықты жеткізетін бірден-бір асыл қазына.

Әдебиет - қоғамдық сана өмірден туатын тамаша күш иесі. Көркем сөздің бастауын әдебиеттен аламыз.[1.4]

Эротика сөзіне келер болсақ, бұл орыс тілінің сөздік қорындағы сөз. Аударма сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне аударғанда ‘’сезгіштік,сезімталдық’’ деген мағынаны білдіреді.[2.17]

Эротика дегенiмiз – махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан әрекеттердi сипаттау. Хауа Ана мен Хауа Ата тиым салған жемiстi жеп қойып, жәннаттан қуылса да, жер бетiнiң жаңа жұмағы махаббат сырын ашты.

Үрiм-бұтақ тарады, бұл да болса алланың рахматы деп махаббат пен ғадауаттың бал ләззатына бөлендi. Эротика – айқаласқан тайталас сәттегi сезiм селiнiң сыпайы толғағы, ол дөрекi тiлмен көсiлтетiн күнәһар емес, нағыз пiрадар тiлмен ашық айтылатын сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң суретi.

Көркем сөзге шебер ақындарымыз бұл көрініс шетел әдебиетінде ғана бар мұра емес,өздерінің қалам тартқан тақырыптарында да бар екендігін туындыларынан көре аламыз.

Бұл көрініс қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында кездеседі. Сөзге шебер дана халқымыз эротика сөзін ешқашан тура мағынасында қолданбаған. Тек астарлап сезім иірімдерімен әсерлеп жеткізіп отырған. Сезім мәселесі ақындарымыздың шығармаларында шеберлікпен, көркем тілмен оқырман қауымға жеткізілген. ‘’Шымылдық құрар’’, ‘’Қол ұстатар’’, ‘’Төсек салар’’, ‘’Көрпе қимылдатар’’, ‘’Қалыңдық ойнар’’ атты дәстүрлеріміз өткен заманның өзінде-ақ ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан көрініс тапқан. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев ‘’Қандай қызда ләззат бар жан татпаған’’ деген өлеңінде былай деген

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған.

Сұлуы бұл заманның тек жатпаған

Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң

Алмасы өкпе болар қол батпаған [3.kultobe.kz ]

Бұл жерде Абай Құнанбаевтың алмасы деп тұрғаны қыздың төсін меңзегені. Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев өз кезегінде сезім иірімдеріне толы өлеңдерді көркем нақышпен астарлап, тұспалдап, шебер тілмен жеткізе білген.

Келесі бір сезім иірімдеріне толы өлеңі ‘’Сүйген ерін’’

Сүйгісі келе берер сүйген ерін,

Сүй жаным!

Сүйкімді бір күйге енемін.

Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын,

Ағытшы бешпентіңнің түймелерін?

Ақынның айтып отырғаны сезімге шын берілгендік. Мұндай сәтте ғашықтар үшін күллі әлем қызылды-жасылды түске боялғандай болып, шым-шытырық сезімді бастан кешіреді.



Сүйген жүрек қалады есеңгіреп,

Есеңгіреп, білмеппіз таң атқанын. [5.201]

Шынына келгенде дәл осындай сезімге толы сәттерде уақыттың еш маңызы болмай тіпті сырғып қана өткенде есеңгіреп оны да байқамай қалатынын жырға толы ұйқаспен жеткізген. Дәл осы тақырып төңірегінде жазылған Мағжан Жұмабаевтың жыры ‘’Сүй жан сәулем’’



Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләззәттің бір минутын бермеймін

Патша тағы, бүкіл дүние малына

Әдетте ақындар өздеріне ерекше әсер еткен оқиғалар мен айрықша жайттарды өлеңге айналдырады. Мағжан Жұмабаевтың да басынан кешкен бұл сезімін оқырман да құбды өзі сезініп отырғандай қабылдайды. Махаббаттың, сезімнің құдіреттілігі соншалық оны ешқандай әлемнің дүниесіне айырбастауға келмейді. Тіпті ол патша тағы болсада.



Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,

Сүйгіз,сәулем, тәтті балдай тіліңнен.

Бой шымырлап, талықсиды жүрегім,

Балқып денем, барам еріп деміңнен. [6.83]

Қыздың белі нәзік талдай екенін сөзбен сымбаттап кескіндеп тұр. Сүйгенде бойы шымырлап, жүрегі талықсып,тіпті демінің өзінен еріп бара жатқанын оқырман қауымға да сездіре білген. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Исраил Сапарбай нағыз эротик ақын. Эротикалық өлеңді жанр ретінде қазақта жаңғыртқан Исраил Сапарбайға гауһардай жыр жазса дау айта алмайсыз. Оны мына бір жыр шумақтарынан аңғаруға болады.

Шешінші,

Тал бойыңды қызықтайын,

Жатқандай жапырағын үзіп қайың [7.8]

Исраил Сапарбай тіл көрнектілігі үшін қажетті әдістердің бірі теңеуді жақсы ұштастыра білген. Шығармаға арқау болған бикешті нәзік қайыңға теңеп тұр. Сол бикеш шешінгенде құбды жапырағынан айрылған қайыңдай болады. Басқа емес дәл қайыңға теңеуінің өзі асқан дәлдікпен таңдалған. Осы арқылы оқырман қауым көз алдына шешінгендегі аруды қайыңмен елестетеді.

Мағжан Жұмабаевтың желісінде жазылған ‘’Мағжанша’’ атты жыр шумақтары былай көрініс табады.



Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй тағы,

Еркем, гүлім, ернің қандай шипалы!

Ессіз күйде елжіретіп, ерітіп

Бара жатыр жанды, тәнді, құйқаны..... [8.167]

Алдыңғы шумақтарынан сүйісудің шипалы екенін еріксіз мойындаймыз. Тіпті бұл құбылыстың пайдалы екендігін медицина ғылымдары да дәлелдеп көрсеткен.

Тіпті Исраил Сапарбай менің дәл осылай жас болып жүруім сезім иірімдері тақырыбына жазған жырларымның арқасы деген. Жыр падишасы-Фариза Оңғарсынова өз кезегінде сезім иірімдерін жақсы жеткізе білген. Эротикалық өлеңдердің атасы - Шал ақын болса, Фариза Оңғарсынова сол Шал ақынның бұрымды жалғасы деуге де болады.

Cенің от құшағыңда

Дүниені ұмытып,талықсыдым

Сен аймалап алқындың,

Одан сайын есімді шығардың да,

Мен балқыдым көміліп қылаң нұрға.

Сенің от құшағыңда

Ардан аттап,қалдырдым пәктігімді [9.19-20]

Гуманитарлық ғылымда мәтін эротикасы деген ұғым бар. Осы мәтін эротикасын еркін меңгерген ақын қызымыз – Асылзат Арыстанбек феномені ғылыми ортаны тамсандырып жүр. Ол осы интимдік лирикада әдеби төңкеріс жасап, аруларымыздың да аталған әдеби жанрды игерудегі жетістіктерін паш ете білді. Қазақ қыздарында құпиялы сезімді жалаңаштау да, жалаңаш сезімді алаштық дінмен әлпештей білу де бар. Асылзаттың интимдік лирикасы – жалаңаштықтан емес, іңкәрілік сезімнің бал-бұлағынан бастау алған жан-дүниеңнің астан-кестеңін шығаратын бұла жыр. 

“Ең бастысы ес жия алмай...” өлеңі сізді бей-жай қалдырмайды

Төзімімді түйіп қана жатырмын,

  Сезіміңе күйіп бара жатырмын, ...


Асылзат махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан сыпайы қылықты наз, тән тайталасы сәттеріндегі сезiм селiнiң сыпайы толқынын жібек тiлімен барды бар, жоқты жоқ қылып суреттейді.

  Қылығыммен еліктіріп жатырмын,

  Құшағыңа еніп, кіріп жатырмын, ...

Бұл жолдар нағыз әйел жанының сезім түпкірінен шыққан пәк тiлімен бұрынғы жабық тақырыптың темір шымылдығын айқара түре айтылған сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң сөз құдіретімен сомдалған классикалық айшығы.



Сөзімізді ести алмай жатырмыз,

  Тәттімізді еш қия алмай жатырмыз,

  Еркімізді тас түйе алмай жатырмыз,

  Ең бастысы ес жия алмай жатырмыз. [10:48]

Бұндай сәтте міндетті түрде жұлдыздар аспанда жымыңдап, анадан туғандай үр жаңа қалыпқа түскен ғашықтық мезетінде жігіттің ашқан құшағына енген қыздың бойын ашқарақ қолдар тынымсыз тіміскілеп, Бекежандар бұғып жатқан Қос Оба өзінің  жабындысынан арылып, оның иесі талықсиды, балқиды, түрлі күйге енеді, тек тән туғызған табиғи дыбыс қана үстемдік құрып, басқа дыбыстар атамнан әрі әдіра қалады. Құштарлық көктемі гүл атып, өзінің ләззатты жемісін береді. Үстіне тау құлаған маржан көл оның кеудесіне еркелеп, толқынды маңдайын сүйгізеді. Екі жан әлсіреп ақ таңға жетеді.

Шәйі көрпе шытыр-шытыр етеді,

  Шайыр төсек сықыр-сықыр етеді.

  «Келші жаным, кел тағы да» дейсің сен,

  «Болды» деймін, «жоқ, осы да жетеді».

Ақын сөз ойнатудың шебері шайыр төсек пен шәйі көрпе заттық ұғымдары арқылы қазақи мәнерде жарасқан жұптардың махаббат оты лаулаған шытыр мен сиқырға толы тояттау мезетін қалам ұшына іліктіре білген.

Мұқағали Мақатаевтың сезім иірімдеріне толы келесі өлеңі ‘’Сүйген ерін’’. Осы өлеңді Мағжан мен Исраил Сапарбайдың осы желіде жазылған өлеңдерімен салыстырып көрсек



Сүйгісі келе берер сүйген ерін,

Сүй жаным!

Сүйкімді бір күйге енемін.

(Мұқағали Мақатаев)



Сүй,жан сәулем,тағы да сүй, тағы да!

Жылы тәтті у тарады қаныма.

(Мағжан Жұмабаев)



Сүй тағы да,сүй тағы да,сүй тағы

Еркем,гүлім,ернің қандай шипалы!

(Исраил Сапарбай)

Мұқағали адам сүйген сайын сүйгісі келе беретінін және сүйгенде сүйкімді бір күйге енетінін айтқан, ал Мағжан сүйгенде адам бойына жылы әрі тәтті у тарайтынын шебер жеткізген, Исраил Сапарбай өз алдына еркелете келе ернінің қандай шипалы екенін аша түседі. Салыстыра келе бір байқағаным барлығы сүйісу жайлы айтқанымен, арқайсысы өз алдына ерекше жеткізе білген. Тегінде, бұл адам бойында дәл сол сәтте сезінетін сезімдерінің әрқилылығына байланысты. Барлығына тән ұқсастық сүй тағы да, сүй тағы, сүйгісі келе берер сүйген ерін деген жолдардан барлық ғашықтарға тән қасиет сүйіске деген құштарлықты аңғаруға болады.

Бой шымырлап,талықсиды жүрегім,

Балқып денем,барам еріп деміңнен.

(Мағжан Жұмабаев)



Періге ғашық болған Серідейін

Ериін,

Елжірейін,

Емінейін...

(Исраил Сапарбай)

Талықсу, балқу, еру, елжіреу, еміну синоним сөздер. Қазақ тілі қазақ ортасында бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады,өзінше тұтынады. Бәрінің ой мақсаты бір сөзді жеткізу. Тек әркім өз жырын қағазға түсіргенде ана тіліндегі сөздердің әрқайсысын әр түрлі қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.Әуезов ‘’Әдебиет тарихы’’ Алматы ‘’Ана тілі’’ 1991 жыл

2.Қазақша-орысша сөздік

3.Ақпараттық портал-kultobe.kz

4.Ақпараттық портал-kultobe.kz

5.М.Мақатаев ‘’Аманат’’ Алматы ‘’Атамұра’’ 2002 жыл

6.М.Жұмабаев ‘’Cүй,жан сәулем’’ Алматы ‘’Атамұра’’ 2002 жыл

7.И.Сапарбай ‘’Түнгі әуендер’’ Алматы ‘’Атамұра’’ 2006 жыл

8.Ф.Оңғарсынова ‘’Дауа’’Алматы ‘’Атамұра’’ 2002 жыл

9.А.Арыстанбек ‘’Бесінші маусым’’ Астана:Профи Медиа 2011 жыл

Түйіндеме
Жұмыстың басты мақсаты-қоғамға қазақ поэзиясында да эротикалық көрініс шебер бейнелі турде жеткізілгенін таныстыру.Барлығымызға ‘’эротика’’ сөзі құлаққа түрпідей тиетіні белгілі.Дегенмен бұл былапыт дүние емес нағыз сезімге берілу екенін жұртшылыққа ұғындыру.Тек бізде бұл көріністер ашық түрде емес қазақтың болмысына тән ұяңдықпен суреттелген. Эротикалық көріністер тек шетел поэзиясында ғана емес өзіміздің төл туындыларымыздан да орын алғанын көрсету.Болашақ ұрпаққа эротика көрінісінің салт-дәстүрімізде кездесетінін айта келіп,бұл әлі зерттелмеген тың тақырып екенін түсіндіру

Резюме
Главная цель работы-ознакомить общество с исскустным изображением эротической сцены в казахской поэзии.Показать то,что эротические сцены присутствуют не только в зарубежной поэзии,но они также имеют место быть и в наших собственных произведениях.Сказав будущему поколению встречающихся эротических сценах в наших традициях,объяснить то,что они еще не исследованные новые темы.





Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет