Қазақ тілі. 11-сынып (жмб)2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Экология: Яролық және мұнай өндірістері»



бет1/2
Дата19.12.2022
өлшемі19,06 Kb.
#163381
  1   2
Байланысты:
ІІ тоқсан 11сынып БЖБ қазақ тілі


Қазақ тілі. 11-сынып (жмб)2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Экология: Яролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
Бағалау критерийлері: - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады;

  • Көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты: 20-25 минут
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Қазақстанның экологиялық жағдайы
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Кейбір үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған орта ластануда. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.
Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет