Қазақ тілі бойынша 4 «А» класс оқушыларына арналған Мұғалімі: Мусаев Азамат Айбекұлы 2016-2017 оқу жылы



бет1/12
Дата26.08.2017
өлшемі3,18 Mb.
#29024
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ш.Бекмұхамбетова атындағы метеп-гимназиясы





Мектеп компоненті
Сөзжасам

Қазақ тілі бойынша 4 «А» класс оқушыларына арналған

Мұғалімі: Мусаев Азамат Айбекұлы

2016-2017 оқу жылы
Күні: 17.09.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Тақырыбы: Біз мәдениетті сөйлейміз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
 Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.
Дамытушылығы: Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
Сәлемдесу;
Түгелдеу;
II. Кіріспе - қызығушылық кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендерінді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінігі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.

III. Үй тапсырмасын сұрау
IV. Негізгі бөлім
Өткенді қайталап, еске түсіру
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)

Оқулықпен жұмыс:

1 - жаттығу.
Көшіріп жаз. Оқушыларға мақалды оқытамын көшіріп жаз.
Алдымен олардың ойын біліп алып соңында қорытамын.
«Үздік мақалшы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, Әдеп тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру.
Түйіндеме: Жарайсыңдар балалар! Біздің сынып оқушыларының барлығы мақалшы екен ғой.
2 - жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу, ат қою.

-Маржан қандай қыз?

-Әдептілікті қалай түсінесің?

-Әдепті деп қандай адамды айтады?



4 - жаттығу. Сәлемдесу және қоштасу кезінде қолданылатын сөздермен жұмыс.

9 - жаттығу. Шақыру қағаздарын жазуға үйрету.

10 - жаттығу. Суретпен жұмыс. Құттықтаудың қандай бөліктерден тұратынын аңғарту

Сергіту сәті:
«Күн нұрынның шапағы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып қормен қайталаймыз.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.

12 - жаттығу. Құттықтау мәтінімен жұмыс.

Құттықтау ауызекі және жазба тілде болады.



V. Қортынды - рефлексия кезеңі.


Күні: 24.09.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Тіл қатынас құралы

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс- тәсілдері:сұрақ –жауап,ой қозғау,ой қорыту,баяндау,топтық

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.Сан есімдер ережесін білу

2) Сөздік қорын молайту,оқу,жазу,есте сақтау,ойлау, тындап қайталау қабілетін дамыту.

3) Пән сүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу



Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:


1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? 
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Бүгін қай жыл мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Ақпанның нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Сан есім

Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейді. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Мен жиырма бестемін. Ол отызда.

Қазақ тілінде сан есімдер 6 топқа бөлінеді:



1. Есептік сан есім заттың есебін білдіреді.

Мысалы: бір оқушы, екі әйел, үш кітап.



2. Реттік сан есім заттың ретін, қатарын білдіреді, ол –ыншы,

-інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Райхан екінші үйде тұрады. Мұхтар бесінші бөлмеде отырады. Серік алтыншы сыныпта оқиды.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақтық мөлшерін білдіреді, ол –ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады.

Мысалы: Менде кітап үшеу. Асанда дәптер жетеу.



4. Бөлшектік сан есімі заттың мөлшерін бөліп, бөлшектеп көрсетеді. Мысалы: Жұмыстың үштен бір бөлігі бітті.

5. Топтау сан есімі затты топтап көрсете отырып, -нан, -нен,

-тан, -тен, -дан, -ден жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: Ойынға жиналған балалар оннан-оннан бөлініп тұрады. Киноға адамдар екеуден-үшеуден келіп жатыр.

6. Болжалдық сан есім заттың мөлшерін болжалдап көрсетіп,

-ер, -даған, -дей жұрнағы арқылы жасалады.

Мысалы: Үйде ондаған адам отыр. Жиналысқа елудей адам келді.

Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сейлей білу де өнер. Тілін білмеген - түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, куантам деп қуар-тады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады. Біздщ қазақ: «Аталы сөз - баталы сөз» дегенде, осы дүрыс сөйлей білуді айтқан.

Cергіту сәті. Қара жорға

ІV.Бекіту:

Сұрақтар:


  1. Тілді кадірлеу неден басталады?

  2. Адам медениетінің алғышарты не болып табылады?

  3. Тілін білмеген нені білмейді?

  4. Қазақта дұрыс сөйлей білу мөдениеті деп нені атаған?

  5. «Тілін білмеген - түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?


Күні: 01.10.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Астық, айлық, айдын,

    2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.

    3. Күләш,Кәрім.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: теп-теуіп; жап-жабады, жауып; сабақ- сабағы; кітап-кітабы; жазса (айтылуы жазсса); көнбейді ( айтылуы көмбейді).
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап


  1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

  2. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

  3. Ілгерінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.

  4. Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

  • Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңдер.

2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап.

Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биіӘйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды

ІІ деңгей

  1. Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді кейінді ықпалды тап.

Атың кім? Ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көз сал, он бес, төрт қант.

ІІІ деңгей

  1. Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар жаз.

VІІІ. Сабақты бекіту:

Күні: 08.10.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар заңдылықтары

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;

2. Оқушылардың тілдік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту; әдемі, көркем жазу қабілеттерін, жазу дағдыларын қалыптастыра түсу;

3. Сауатты, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: фонемалардың артикуляциялық кескіні, таблица, әріптер жазылған пирамидалар, шар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен сабақты қайталап, еске түсіру.

«Кел, балалар, ойнайық!

Тектен-текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық,

Жолдастарға сыйлайық» - деп «Алма теру» ойынын бастайық. Алма жемісі бар ағаштың суретін тақтаға іліп, әр алмадағы сұрақтарға жауап алу.

1. Дыбыс туралы не білесің?

2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөз жаса.

Жүре ..., күре ..., көбеле ..., түлі ... .

3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Үнді дауыссыздарды ата.

4. Қатаң дауыссыздарды ата? «Тақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

5. Ұяң дауыссыздарды ата. «Бота» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІІІ. Ал, балалар! Енді көркем жазу ретінде мына сөздерді әдемі етіп, дәптерімізге жазып шығайық.

Лақ, лай, рай, рахмет.


  • Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

  • Л, р.

  • Ендеше келесі жолдың жартысына дейін Лл, жартысынан соңына дейін Рр әріптерін әдемілеп жазып шығамыз.

3. Лл, Лл, Лл, Рр, Рр, Рр.

- Біз қандай әріптерді әдемілеп жаздық?

- Л, р.

- Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы л және р әрпі мен дыбысы туралы тереңірек білу.



ІҮ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын балалар, бірінші тыныс алу жаттығуларын жасап алайық. Ол үшін алдымызда жатқан шарды үрлейміз – деп мұғалім өзі үрлеп көрсетеді және оқушылардың да солай үрлеуін талап етеді.



  • Балалар Л және р дыбысы туралы не білеміз?

  • Л-да, р-да дауыссыз дыбыстар. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарына жатады.

  • Бұл дыбыстар сөздің басында да, ортасында да, соңында да келе береді екен.

Енді мына суретке назар аударайық – деп л және р фонемаларының артекуляциялық кесінділерін көрсете отырып, л, р дыбыстарының айтылу ерекшеліктеріне тоқталып кетемін.

-л-


  • Тілдің ұшы қызыл иекке қарай жоғары көтеріледі, тілдің өзі қатыңқы, арқа тұсы көтеріңкі;

  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;

  • Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;

  • Жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жолын жауып тұрады.

  • Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады;

  • Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып, дірілдетеді.

ҮІІ. Р-Л дыбыстарына ортақ тілге арналған артикуляциялық жаттығулар.

-р-


Еріннің қалпы л дыбысынан кейінгі дауысты дыбысқа байланысты өзгеріп тұрады.

  • Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістерге қарай көтеріңкі;

  • Тілдің екі жақ шетімен азу тістердің арасында ауа жолы шығатындай саңылау бар, тілдің түбір жағы көтеріңкі, л дыбысын айтқанда түсіңкі;

  • Дауыс желбезегі біріккен және желбіреп тұрады;

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады;

  • Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;

  • Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.

5) Таблицамен жұмыс.

Сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктеріне тоқталу, ережені оқу және жаттау;

6) Оқулықпен жұмыс.

Сөздерді әр оқушыға жаздырта отырып, сөз мағынасын түсіндіру.



Каталог: uploads -> doc -> 0951
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0951 -> ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
0951 -> Сабақтың мақсаты: Табанның ішкі жағымен аяқ алқымының ішкі бөлігімен қозғалыстағы допты соғуды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет