Қазақ тілі бойынша 4 «А» класс оқушыларына арналған Мұғалімі: Мусаев Азамат Айбекұлы 2016-2017 оқу жылы



бет3/12
Дата26.08.2017
өлшемі3,18 Mb.
#29024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4.Шығармашылық тапсырма

Мәтінді түсініп оқы

Мысалды әрі қарай жалғастырып көр

5.Дәптермен жұмыс

Диктант


Құтжол

Менің құтжол деген күшігім бар. Түрі қап-қара, тек мойны ғана ақ. Денесі шағын, мысықтан аз – ақ үлкен. Үйге бөтнен адамды жолатпайды.



IV.Қорытынды

Күні: 26.11.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы заттар құбылысы.

Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділік: Оқушылардың дене, зат туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру.Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру.

2.Дамытушылық : Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру,шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету. .

3.Тәрбиелік: Қоршаған ортаны аялауға баулу,сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу. 



Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. 

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап ,ой қозғау, Венн диаграммасы,топтастыру,баяндау. 

Көрнекілігі: суреттер, (табиғат құбылыстары), сызбалар, үлестірмелі қағаздар, денелер,заттар,(алма,шеге,қалам).

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,әдебиеттік оқу, бейнелеу.

Сабақтың барысы: 

I.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық.(хормен айту)

Табиғат- біздің анамыз, Жер байлығы көп екен, Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалаймыз. Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгертер, Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы. (топқа бөлу) 



II.Үй тапсырмасын тексеру. « Денелер туралы түсінік. Табиғи және жасанды денелер.

1-топқа (күн бейнесі) 1.Дене деген не? ( адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене) 2.Дене нешеге бөлінеді? (2 жасанды.табиғи) 3.Табиғи денені атап шық? ( күн,ай,жұлдыз, бұлт,тас,аң, құс) 

2-топқа (бұлт бейнесі) 1.Жасанды денені ата. ( үй, машина,үстел,орындық,кітап,дәптер,қарандаш,доп) 2.Табиғи дене нешеге бөлінеді? (2 тірі,өлі) 3.Тірі денелерді атап шық.(адамдар,өсімдіктер, жануарлар) 

3-топқа (тамшы бейнесі)

1.Өлі денелерді ата. (ауа,бұлт,құм,тас,т.б.) 2.Зат қасиеттерін атап шық. (сұйық,қатты,жұмсақ,жанғыш,ағады,т.б) 3.Дене неден тұрады? (шөлмек-шыны,шеге-темір,былғары-етік,әйнек-терезе,су—тамшы,алюминий-сым.)

Өткенді пысықтау ( электронды оқулық арқылы тапсырмаларды орындау)

III.Жаңа сабақ.

Ой қозғау.

а) Оқушылардан жыл мезгілдерінің ерекшеліктер туралы сұрау. Көктемде қар ериді,су ағады, су тасиды. Жазда күн ысиды,жел соғады.Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Қыста қар жауады,боран соғады.



Ойларын жинақтау. Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде ақпаратпен танысамыз. Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру.(компьютерден электронды оқулық көрсету арқылы түсіндіру).

ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды.

Ағаш өседі,құлайды,шіриді. Жан-жануарлар да өседі, көбейеді,өледі. Ертеңгілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандағы бұлт торлайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады,қар ериді,су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп,салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жергежаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады. Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді. 

IV.Дәптермен жұмыс. Сабақ тақырыбын жазу. Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай сөздерін дәптерге жазу. 

V.Сергіту сәті. Жаңбыр жауды – тырс,тырс, Боран соқты –гу,гу, Жел тұрды -ыли,ыли, Найзағай ойнайды – тарс,тұрс.

VI. Жұмбақтар жасыру. 1.Төгіліп жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта-ақ. (бұршақ ) 2.Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді. (жел) 3.Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (найзағай) 4.Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (күн) 5. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ,желеді, Ауызы жоқ,ұлиды. (боран) 6.Арыстан ақырады, Орман жаңғырады. (найзағай)

VII.Сабақты қорыту. Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.


Күні: 03\10.12.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің мағынасын түсіну
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;


Дамытушылық: Қиялын, тіл байлығын, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділікке баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: оқыта үйрену.
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, салыстыру, ойын
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Жаңа сабақ.
Тақтаға сөздер жазу арқылы берілген сөздердің мағынасын ашыңдар.
Алтын асықтай
Құлақ асты
Жұлдызы жанды

Талдау сұрақтары: - Сөздер қалай тіркескен?


- Сөздердің орнын ауыстырып айтып көр. Не аңғаруға болады?
- Әрбір берілген тіркестің мағынасын ашып көріңдер.
Тұжырымдау. Оқушыларға тұрақты тіркес туралы ережені өздеріне тұжырымдату. Демек, тұрақты тіркестер дегеніміз – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесі.

Өзіндік белгілері қандай?


1. Тұрақты тіркеске тән мағына құрамындағы сөздердің жеке мағынасына сәйкес келе бермейді. Мысалы: жүрек жұтқан, тақиясына тар келу.
2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орны тұрақты. Тепсе темір үзетін (темірді тепсе үзетін деуге келмейді немесе тепсе болат үзетін емес).
3. Тұрақты тіркестердің де синонимі не антонимі болады. Мысалы: кірпігі айқаспады - көз ілмеді. Ит өлген жер - таяқ тастам жер
4. Олар сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады, ойды әсерлі жеткізеді. Мысалы, Айдар өзінен кішілерге қол ұшын беруді әдетке айналдырды. Осындағы қол ұшын беруді нені? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Балалар, тұрақты тіркестер орыс тілінде де кездеседі екен. Тақтаға назар аударып, салыстырайық.

Тұрақты тіркесті тіліміздегі басқа тіркестерден қалай ажыратуға болады? Ол үшін кестеге назар аударайық.

Синтаксистік тіркес
● Сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі → Сан есім, Сын есім, Есімдік

● Күрделі тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады



Зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, негізгі сөз, көмекші сөз

● Тұрақты тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады



Тұрақты, бір - біріне сұрақ қоюға болмайды

Оқулықпен жұмыс.
а) Оқыту.
ә) Берілгені бойынша тұрақты тіркестерді теріп жазу.
Шығармашылық жұмыс. 1. Төмендегі сөздердің синонимдерін тұрақты тіркеспен беріңдер.
Сыйлау, тез, әділ, қуану, тыныш, тамақ ішпеу, алдап кету, әдемі, таза.
2. Тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашыңдар және сөйлем құраңдар.

5. Білімді бекіту.
Кубизм әдісі арқылы.
1. Сипатта. Тұрақты тіркеске түсінік бер.
2. Суретте. Тұрақты тіркестің өзіне тән белгілерін айт.
3. Зертте. Тұрақты тіркес тіл білімінің қай саласына жатады?
5. Қолдан. Кім тұрақты тіркестерді көп біледі?
6. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?


Күні: 17.12.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздер арқылы ертегі еліне

Сабақтың мақсаты: а) ертегі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.

Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.

Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады.

Қазақ ертегілерін, академик М. О. Әуезовтың пікірінше, үш жікке бөліп қарастыруға тура келеді. Олар: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер. Солардың ішіндегі ең көне түрі — қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімінің табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі жанды, киелі деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілек түйінінен шыққан.

Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен.

Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар болып келеді. Олар өздерінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен немесе табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Ал бұған қарама-қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жағымсыз кейіпкерлері ретінде жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, қорқау қасқыр, т. б. алынады. Сөйтіп, қиял-ғажайып ертегілерінде жанды-жансыз кейіпкерлер арасында орасан зор тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Сөйтіп, қоршаған, күресетін жаулары қанша мықты болса да адам баласы өздерінің ақыл-парасатымен оларды жеңіп отырады. Жағымды кейіпкерлер өзінің мақсат-мұратына жетеді. .

Топтастыру стратегиясы: .

Ертегі

Қиял-ғажайып ертегілері шыншыл ертегілер

Хайуанаттар жайлы ертегілер

Суретпен жұмыс: Түрлі ертегінің суреттеріне қарай отырып,ертегілер құрастыру.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.


  1. Ертегі дегеніміз не?

  2. Ертегі нешеге бөлінеді?

  3. Шыншыл ертегілеріне қандай ертегілер жатады?



Күні: 24.12.2016\14.01.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Өлең сөздің патшасы. Ұйқас сөздерден өлең құрастыру.

Мақсаты:

1) оқушыларға ұйқас, тірек сөздер арқылы өлең құрауды үйрету;

2) ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу;

3) ұқыптылыққа, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу;



Сабақтың көрнекілігі: сөздер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың ідісі: үйрету, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

1. Өткенді пысықтау.

ІІ. Жаңа сабақ.


  1. Тақырыпты хабарлау.

Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары

мыналар:


Қара өлең ұйқас - ААБА

Шұбыртпалы ұйқас - АААА...

Ерікті ұйқас - АӘБВГ... 

Кезекті ұйқас - АБВБ

Шалыс ұйқас - АБАБ

Егіз ұйқас - ААББ

Аралас ұйқас  -  ААБВБВБББ

  1. Тапсырмалар. Балаларға өлең құрастыру үшін , тірек сөздер, ұйқас ұсыну.

—————————————- күлеміз,

—————————————- білеміз.

—————————————- жүреміз,

—————————————- тілеңіз.

2.

—————————————- баламыз,



—————————————- саламыз.

—————————————- сабақты,

—————————————- баламыз.

 


  1. Ойын ойнату. «Мен қандаймын?»

Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен – дарынды Дәурен, Әйгерім – әдепті Әйгерім, Біржан – батыр Біржан т.б.

ІІІ. Сабақты қорыту. шығарған өлеңдерін оқу, талдау.

Күні: 21\28.01.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Бізде өлең жазамыз. Бес жолды өлең құрастыру

Сабақтың мақсаты: оқушыларды 5 жол өлең құрастыруға, сөздердің ұйқасы мен байланысына назар аудару. оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;

Сабақтың міндеттері:

  1. оқушыларды 5 жол өлең құрастыруға, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;

  2. байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;

  3. адамгершілік, экологигиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Мақсат қою кезеңіСабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.


Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу.
Синоним Адам


ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс:

а) тақырып таңдап алып өлең жолдарын құрастыруға әрекет ету.

ә) байланысу тәсілдерін пайдаланып, өлеңді көшіріп жаз. Өлеңге ат қой. Өлеңдегі негізгі ойды анықта.

Ү. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Күні: 04\11.02.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің мағынасын кеңейту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі

Оқушылар сөйлемнің түрлерін ажырата алады, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, сөйлеу шеберліктері, тіл байлықтары дамиды.



Ақпарат көздері

Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.



Іс-әрекет түрлері

Жұппен


жұмыс

Өз бетімен жұмыс

Диалогтық

топпен әңгімелесу

Бір-бірін бағалау және өзін - өзі бағалау

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналып дайындалған

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

-оқушыларды ұйымдастырады

- жұптастырады

- үй тапсырмасын тексереді

Оқушылар жұппен бөлінеді, өз рөлдерін анықтайды.

Оқушылар өзара үй тапсырмасын тексеріп, формативті баға береді.



1-тапсырма

Сөйлем және оның түрлері туралы баяндауды тапсырады.



Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет

2-тапсырма

Сұраулы сөйлем туралы түсінік беруін тапсырады

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.

Мысалы:


-Кеште кімдер өлең айттъі?

-Ұлдар өлең айтты.

-Қыздар ше?

Жетек сұрақтар толымсыз болып қүралады, көбіне тек сүрақ мағыналы сөзден ғана тұрады.Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.


3-тапсырма

Лепті сөйлем және жасалу жолдары туралы

түсінік беруін тапсырады

Оқушылар дәптерге берілген тапсырманы жазады.

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір нәрсеге таңданғанда,өкінгенде,сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде,қорыққанда,қуанғанда айтылатын сөйлемдер

Аты ат-ақ екен!

Па,шіркіннің сөзі!

Жау жойылды!

4-тапсырма

Кітаптан 34- жаттығуды көшіріп жазып, «Жұлдызды құпиясы» тақырыбында өз пікірлеріңді бөлісіңдер.

Оқушылар кітаптан мәтінді көшіріп жазып, «Жұлдызды құпиясы» тақырыбында өз пікірлерін білдіреді.

5-тапсырма

38 жаттығуды айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықтап, қай шаққа тән екеніне тоқталыңдар. Лепті сөйлем қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын түсіндіріңдер.

Оқушылар кітаптан мәтінді оқып, лепті сөйлем қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын түсіндіреді.

6-тапсырма. Кенеттен сұрау

Оқулықтағы сұрақтарды оқушыларға ауызша қояды.

Сұрақтар жеңіл болғандықтан сабаққа көп қатыспай отырған оқушылардан жиірек сұрайды.

Сұрақтарға тез арада жауап беруге тырысады.


Рефлексия

Сабақтың қаншалықты жақсы өткендігін оқушылар бағдаршам әдісімен көрсетеді.




Күні: 18.02.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Көркем шығарма. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу;
ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?


“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

2. Жазушының қандай шығармалары бар?


- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.

3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?


Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.



3. Жаңа сабақты меңгерту

Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.
Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.

Мынау кім?

1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын

“Иесіне қайтар” ойыны (Сергіту сәті)

Жауап берші, достым!


1.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?
2.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?
3.Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым, - тыныш жүр, балам.

Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”

“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)

Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды

Қожаның жағымсыз жақтары


Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар

Ой тастау


Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

Өз-өзіңе есеп бер!




Күні: 25.02.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Мәтін кейіпкерлеріне сипаттама


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың аңыз туралы, Қожанасыр туралы алған білімдерін дамыта отырып, мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі тағы бір аңыз кейіпкері Алдар Көсемен таныстыру.
2. Аңыздың мазмұнын айта отырып, өз ойларын қосуға, пікір айтуға дағдыландыру.
3. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болу, өтірік айтпау, адамдарды алдамау сияқты жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру.
Көрнекіліктер: аңыз туралы жазылған анықтама,суреттер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі:
 сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, проблемалық жағдаятты шешу

Сабақтың жоспары мен барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн достарым
Қайырлы күн болсын.
Жұма күннің сәті,
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын

Кіріспе бөлім
Ендеше, біз бүгін сендермен тағыда бір аңыз әңгімемен танысамыз. Бұл әңгіменің атын мына сөзжұмбақ шешу арқылы білеміз.
түлкі
ашқарақ
сақина
қой
Қылмойын
Балалар, біздің қазақ халқында үш қасиетті сан болып саналады.
Үш санына байланысты не білесіңдер?
Үш жұрт(нағашы, өз жұрты, қайын жұрты)
Үш арсыз(ұйқы, күлкі, тамақ)
Сом деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?
Біз егемендік алғанға дейін біздің ақшамыз сом болған. Қазіргі кезде қырғыз халқының ақшасы сом деп аталады.

Сергіту сәті
Ағаштар да тербеліп,
Жерге түсті жапырақ
Ал, қанекей жинайық
Себеттерге молырақ

Жаңа сабақ
а) мұғалімнің оқуы
ә) оқушылардың оқуы

Мәтінмен жұмыс
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу арқылы шығармашылық тапсырма орындату.

Дәптермен жұмыс
Сенің ойыңша Алдар Көсенің қылығы дұрыс па?
Дұрыс болса несімен дұрыс?
Қате болса несімен қате?
Бір - екі сөйлеммен өз ойларын білдіру.

Қорытынды
Сабақты сахналық көрініспен қорытындылау.
Мәтінді өткен сабақтағы мәтінмен салыстыру
Қожанасыр мен Алдар Көсе
Үш сом
Екі мәтіннің ұқсастығын айырмашылығын сұрақтар қою арқылы оқушы ойымен тақтаға жазу.
Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы оларды салыстыру.
♦ Қожанасыр – алдайды, күлкілі
♦ Алдар Көсе - алдайды, кедейге көмектеседі
♦ Екеуі де тапқыр


Күні: 04\11.03.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Жансыз заттар сөйлейді. Мысал дегеніз не?

Сабақтың мақсаты:

1. Мысал өлеңдердің ерекшелігін, А.Байтұрсынұлының өмірін, шығармашылығын таныту.

2. Зерделеп, мәнерлеп оқу дағдыларын игеру, талдап, жинақтап, пайымдап ойлауын дамыту.

3. Өзін- өзі тануға, өзін- өзі тәрбиелеуге, қоршаған ортаға сын көзімен қарай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: 1.

Әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша

Көрнекілік: 1. А. Байтұрсыновтың портреті

2. Мысалдың ережесі жазылған плакат



Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топ- топқа бөліп отырғызу (6 оқушы- 1 топ).

2. Оқушыларды түгендеу.

Жаңа сабақ:


  1. Әдеби ертегілер сияқты тағылымдық мәні зор көлемі шағын, оқиғалы шығармамен танысамыз. Хайуанаттар жайлы ертегілерден туындап, сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуан кейде зать туралы жазылады да, адам бойындағы мін, кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.

  2. Бастауыш сыныпта қандай мысал өлеңдер оқып едіңдер?

  • «Құмырсқа мен шегіртке»

  • С:Дөнентаев «Бидай мен қаңбақ»

  • «Аққу, шортан, һәм, шаян» т.б.

  1. Оқулықтан 133- беттегі Мысалдар деген тақырыпшаны оқимыз.

  2. 2 сұрақ әзірлеу тапсырылады.

  3. Сұрақты бір- біріне қояды, жауап береді.

  4. Мысал дегеніміз не екен?

  5. Осындай мысал жанрына қалам тартқан ақын- А.Байтұрсынұлының шығармасымен танысамыз.

Өгіз- күш көлігі ретінде пайдаланылатын сиыр малының піштірілген еркегі.

Көлбақа- көбіне көлде, суда өмір сүретін бақа.



  1. а) «Өгіз бен бақа» мысалын оқиық. (іштей, дауыстап бір оқушы)

ә) Сөздік жұмысын жүргізу

Суат- өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

Сарша тамыз- жаздың асапан айналып жерге түскен ыстық кезі, аптап.

Күншіл- іші тар, бақас, қызғаншақ, көре алмайиын.

Пормы- бейне, сұлба, сырт кейпі.

Жырақ- қашық, алыс.

Күнә- шариғатқа қайшы іс, теріс әрекет.

б) Мазмұнына жоспар құрыңдар.

в) Жоспарға қарап отырып 1 нөмір 2 нөмірге мазмұндайды, 2 нөмір 1 нөмірге мазмұндайды.

г) Мысал арқылы ақынның айтайын деген ойын анықтайық.

- соңғы екі шумақ

Әлін білмеген әлек

Бақа арқылы қандай адамның мінін сынаған? (күншіл, іші тар, қызғаншақ)

д) Бақаға мәніді оқи отырып мінездеме бер. (көршісіне оқу, топта оқу, ортаға салу)

е) Шығармада оқиға бар ма?

Оқиғалы шығарма болғандықтан ол шығармалар құрылымы болады Шығарманың құрылысын композиция дейді. Композиция (латынша- құрастыру, қиыстыру) көркем шығарманың құрылысы.

І. Оқиғаның басталуы (экспозиция латын сөзі-дәйектеме)

ІІ. Оқиғаның байланысы (негізгі оқиғаның туындау себебі)

ІІІ. Оқиғаның дамуы

ІҮ. Оқиғаның шарықтау шегі (оқиға дамуындағы ең жоғарғы саты) тартыстың өрістеп шыққан биігі.



Ү. Шешімі

ҮІ. Соңғы екі шумақ эпилог (грек сөзі – соңғы сөз) көркем шығарманы қортытудың бір түрі. (автор идеясын толықтыр)

10.Ақынның негізгі ойын білдіріп тұрған соңғы екі шумақ дедік, ендеше шығармадағы бас кейіпкер бақаға мәтінді оқи отырып мінездеме берейік. (әркім дәптеріне жазады)

11. Кластерді толықтырады.

Бақа- әлі келмейтін іске ұрынғыш, тыраш, келеңсіз, өзін- өзі танымаған.


  1. Шығарманың негізгі идеясын жаз. «Күншілдің күні қараң», «Әлін білмеген әлек». Көрсеқызарлық пен мақтаншақтық адамды орға жығады. Әрқашан өз орныңды біл. Бақа келеңсіз адамның бейнесін сомдаған, келеңсіздікті сынаған.

5.Қорытындылау: 1. Мысал дегенімзне?

2. Шығарманың негізгі ойын айт.

3. Мысал неше жолдан тұрады? (аударма 36 жол, ал түпнұсқа 17 жолдан тұрады)


Күні: 18.03.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасын түсіну.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың сөз туралы білімдерін тереңдету, меңгерген білімдерін нақтылау, білімдегі олқылықты жою

2.Қазақ тілін құрметтеуге, асыл сөздердің маңызын бағалай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

3.Ақыл- ой жүйесін дамытып, сөздік қорын жетілдіру. Сөз мағынасын дұрыс ұғынып, оларды орынды жұмсай білу дағдысын дамыту



Сабақтың типі: білім, білік, дағдыларын қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Құрал- жабдықтар: интерактивті тақта

Әдіс- тәсілдер: Деңгейлеп оқыту, ойындар, ақпараттық технология, топтастыру, сатылай кешендік талдау.

  1. Ұйымдастыру.

1. Жаңа материалды үйренуге дайындық

2. Білімді жан-жақты сұрау, тексеру.

3. Жаңа материалды бекіту және оқушы білімін бағалау.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздің бірлік пен адамгершілікке, кемел біліммен келешекке жетелейтін, ұлағаты мол қазақ тілі сабағына хош келдіңіздер!



  1. Психологиялық даярлық .

Әр адам Туыс, бауыр, жұрағат

Әр сабақ Ілім, білім ұлағат

Әр сөзің шындық, адалдық

Әр ісің тірлік, бірлік, адамдық

“Мұралардың ең қымбаты –сөз. Өмірде асыл адам да, нәрсе де тозады. Асыл сөз мәңгі жасайды”деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен бүгінгі бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Ертеде бір кісі Төле биден:

-Билік артық па,

Дүние артық па,

Байлық артық па?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

- Ал Төле бидің жауабын сабақтың аяғында айтамын.

- Сөз және оның мағынасы.



1. Сонымен, сөз дегеніміз не?



Каталог: uploads -> doc -> 0951
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0951 -> ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
0951 -> Сабақтың мақсаты: Табанның ішкі жағымен аяқ алқымының ішкі бөлігімен қозғалыстағы допты соғуды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет