Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет6/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

(ІІ түрі)


Бұл тәсілдің негізінде оқушы:

Әдісті жүзеге асыру қадамдары:

  1. қадам: тақырыппен танысу

  2. қадам: №1, №2, №3, №4, №5, №6 топтарға бөліну. Текшенің көмегімен төмендегі тапсырмаларды бөлу:

СУРЕТТЕҢІЗ (Түсі, пішіні, өлшемі) САЛЫСТЫРЫҢЫЗ (Неге ұқсатасыз? Ерекшелігі неде?)
БАЙЛАНЫСТЫРЫҢЫЗ (Ассоциация) (Сіз не туралы ойладыңыз?) ТАЛДАҢЫЗ (Қалай жасалған? Қандай бөліктерден тұрады?)
ҚОЛДАНЫҢЫЗ (Бұнымен не жасауға болады? Қалай қолдануға болады?)
РАСТАЙТЫН НЕМЕСЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРАТЫН ДӘЛЕЛДЕР КЕЛТІРІҢІЗ (иә/жоқ,
келісемін/келіспеймін, маңызды/маңызды емес, дұрыс/бұрыс, пайдалы/зиян).


«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»


«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.
«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.
«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.
«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.
«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасайды.


«ДӘСТҮРЛІ ӘҢГІМЕ»


Оқушылар қысқа әңгімеден кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттерін анықтайды. Олар кейіпкерлердің іс-әрекетін саралап, бағалайды. Олар, сондай-ақ, басқа топқа әңгіменің мазмұны бойынша 5 сұрақ құраулары керек. Әр топ әңгіме мазмұны мен кейіпкерлер туралы идеяларымен алмасады (әңгіме мазмұнын тексергенде тиімді әдіс).


«ПОПС» формуласы


Бірінші сөйлем: «Менің ойымша ...»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
Айтылған пікір қайталанбауы керек, дәлелмен сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет