Қазақ тілі оқытушысы



Дата11.01.2017
өлшемі119,87 Kb.

Петропал кәсіптік колледжінің

қазақ тілі оқытушысы,

гуманитарлық ғылымдарының

магистрі А.А Алтаев

Аңдатпа
Мақалада қазақ тілін оқытудағы әдіс-тәсілдердің қолданылуы қарастырылады.  Қазақ тілін оқыту барысында сабақта жан жақты әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді Қолданылатын әдістер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды деп айтуға болады.
Қазақ тілін оқытудағы әдіс тәсілдердің қолданылуы.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қазіргі кезеңде қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың қажеттілігі артып отыр. Жоғары оқу орындарында орыс тілді топтарында қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушылартарға не студенттерге тіл үйрету, яғни мемлекеттік тілде таза сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыландыру болып табылады. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, олардың ойлау, қабылдау, түсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты сөйлеудің маңызы өте зор. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін, сөздің арфоэпиялық нормаларын, сөз және оның мағынасын, сөзді орнымен қолдана білуін, сөздің морфологиялық құрылымын, сөзден сөйлем құралу жолдары сияқты күрделі нәрселерді меңгеруі қажет. Оларға жалаң сөз жаттау ғана емес әрбір үйренген сөзін сөйлеуде, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету керек. Олар сөзді көп білсе, жұмыстың басқа түрлері де ұйымдастырылады, түрлі жазба жұмыстары түрлері жетіле түседі. Әртүрлі жұмыс түрлері оқшылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау үшін қажет. Сонымен бірге, білімді қайталаудың, тереңдетудің, баяндаудың және жүйелеудің құралы болып табылады.

Оқушылардың сабақтағы іс – әрекеттері:

–оқу, тыңдау, сөйлесу, айту, жазу;

–ойлау, талдау, салыстыру, топтастыру, түйіндеу;

сөйлесім әрекеті арқылы басқа тұлғалармен қарым қатынас жасау, топ мүшесі ретінде жұмыс істей білу, жұп мүшесі ретінде басқа оқушылармен қарым қатынас жасау;

тыңдалым әрекеті арқылы басқа оқушының, оқытушының айтқанын тыңдай білу, оны түсіне білу;

айтылым әрекеті арқылы тыңдағанын, түсінгенін басқаларға сауатты түрде жеткізе білу;

оқылым әрекеті арқылы мәтінді түсініп оқу, түсінбегенін оқытушының, топ мүшелерінің көмегімен түсіне білу;

–оқу, тыңдау, сөйлесу, айту әрекеттерінде қалыптасқан дағдыларын сауатты жазуда тиімді қолдану.

Әдіс дегеніміз – оқу–тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін оқытушымен тыңдаушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданылатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушылардың ақыл–ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. тәсіл материалды түсінуге үлес қосады. Тәсілдер оқыту әдісітерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Қазақ тілінен оқушыларға білім беруде оқыту әдістері оқу процесінің заңдылықтары мен принциптеріне сүйенеді. Оларға тиянақты, сапалы білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеру арқылы жүзеге асады.

Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісін оқу материалдарын ауызша баяндауды талап етеді. Әңгіме әдісі жаңа білімді хабарлайды. Оған мыныдай талаптар қойылады:

1.Әңгіме оқушылардың адамгершілігіне көмектесу керек.

2.Әңгімеде тек дәлелді және ғылыми тұрғыдан тексерілген фактілер болу керек.

3.Айтылып отырған ой–пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және танымды мысалдардың, фактілердің жеткілікті санының болуы.

4.Әңгіменің нақты жүйесі болу керек.

5.Әңгіме әсерлі болу керек.

6.Әңгіме қарапайым және түсінікті тілмен айтылады.

Әңгімелесу – ол оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін беру арқылы біртіндеп, оларды жаңа материалды түсінуге әкеледі немесе бұрын оқылғандарды түсінген, түсінбегендерін тексереді. Әңгімелесу әдісін кейде сұрақ – жауап әдісі деп те атайды. Әңгімелесу әдісін сабақтың барлық түрінде қолдана береді. Жаңа сабақта, қайталау сабағында оқушының білімін тексеру, анықтау кезінде қазақша сөйлеуге үйрету үшін, қазақша сөйлеу даңдысын қалыптастыру мақсатында тіл ширату үшін қолданылса да, ол белгілі тақырып төңірегінде болуы тиіс. Ғылымда әңгімелесу әдісінің үш түрі көрсетіліп жүр:



  • Хабарлау әңгімелесу

  • Эвристикалық әңгімелесу

  • Жаңғырту әңгімелесу

Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, көрнекі құралдардың жұмыс істеу жолдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөзбен айту. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады. Түсіндіру әдісін қолдану оқытушыға мынадай талаптар қояды:

  • сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;

  • себеп–салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;

  • салыстыру, жарқын мысалдар қолдану;

  • жүйелі қолдану;

Түсіндірмелі–иллюстративті әдіс – оқытушы дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал курсанттар ақпараттарды естеріне сақтайды. Ақпараттар әңгіме, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі.

Көрнекілік әдіс – оқу материалдарын меңгере оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға қатысты.Көрнекілік әдіс 2 топқа бөлінеді: иллюстрация әдісі және демонстрация әдісі.

Иллюстрация әдісі – оқушыларға иллюстрациялық құралдарды, плакат, кесте, сурет, карта, тақтадағы суреттерді, модельдерді көрсетуге қажет етеді.

Демонстрация әдісі – аспаптарды, тәжірибелерді техникалық құралдарды, кинофильмдерді, диафильмдерді демонстрациялаумен байланысты.

Машықтық әдіс – оқушылардың машықтық іскерліктер мен дағдылары қалыптасады. Машықтық әдіске жаттығулар жатады. Жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:


  • Белгілі ережені еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар.

  • Білімді жаңа жағдайда қолдануға арналған жаттығулар.

Ауызша жаттығу – логикалық ойды, есті, тілді, оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.

Жазбаша жаттығу – білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жақсартуға қолданылады.Оған аударма, шығарма жазу, суретпен жұмыс жатады.

Графикалық жаттығуларға – оқушылардың кесте, сызба, плакат, экскурсия кезіндегі салған суреттері жатады.

Жаттығулар жеңілден бастап күрделене береді.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқытушы оқушылардың іскерлігін және дағдыларын қалыптастырады. Тапсырмалар беріп, өзі түсіндірген білімді, үйреткен жұмыстарын қайталатады.

Эвристикалық әдіс – оқушыға проблеманы өз бетімен шештіріп үйрету үшін оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек.

Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл – ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері оқытушының түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше бірден қабылдай алмайды. Сондықтан барлық оқушыларды білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі –граматикалық ойынның түрлері. Дамыта оқыту жүйесінде граматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Граматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға олар бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктері шындайды. Граматикалық ойын түрлері арқылы оқушылар алған білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, олардың ізденімпаздығын арттырады ой өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілетін дамытады, оқуға белсенділігін арттырады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.



2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995.

3. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б. 4.Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 ж
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет