Қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмысы Алматы қаласы мазмұндама



Дата28.04.2024
өлшемі18,46 Kb.
#201512
түріМазмұндама
Байланысты:
қазақ тілі бақылау
Идеологиялық тоқырау, 2. Қауіпсіздік ережелері (1), кпврвскпесаг, registration man ru, Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года №151-i о языках -emirsaba.org



Қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмысы

Алматы қаласы
мазмұндама

Әлкей Марғұлан


Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ғалымы. Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді.
1945 жылы «Хандар тарихының тарихи – әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.Бұл көне қыпшақ зерттеудегі құнды еңбек. Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды.
Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.
Әлкей Марғұлан Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» жырының бөлігін қазақ тілінде жариялады. Сонымен қатар 1971 жылы «Шоқан мен Манас» атты монографиялық еңбегін жазды.


Лексикалық тапсырмалар.
1.Берілген сөздерді септеңіздер:
Ғалым, зерттеу
2. Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыздар
Сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...,
3. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңыздар.
Белгі, ақыл, әлем, мемлекет
4. Мына сөздердің синонимін жазыңыздар:
еңбек - ...., бітіру -...., айналысу -... (жұмыс,аяқтау, шұғылдану)


Грамматикалық тапсырмалар.

1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?


2. ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?
3.Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек … , қолынан келмеген көмегін … .
4.«Қазақ халқының ғалымдары» деген тақырыпқа диалог құраңыздар.

мазмұндама
Қаныш Сәтбаев.
Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған.
Лексикалық тапсырмалар.
1.Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңыздар.
Зат есім+етістік Сын есім+зат есім
2.Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңыздар.
Көмек, бас, кітап, жаз.
3. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, олармен сөйлем құраңыздар.
білім, атақ
4. Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін.
Грамматикалық тапсырмалар.

  1. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимннің сөзін жазғандар кім?



Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар
Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға.........
Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын ........., соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек.........

диктант
Сақина


Сақина - саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болады. Бетіне көбінесе тас қондырылмайды.
Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолына міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі: «Сақинаны сәнге салмайды, ол тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. Нәрестені қырқынан шығарғанда, оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу дәстүрі оларды оған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты. Тілімізде сақинаға қатысты бірсыпыра атаулар бар: Ақық сақина - кішкентай ақық қондырған сақина; Алтын сақина - таза алтыннан соғылған сақина; Балдақ сақина - сақинаның саусақ үстіне қарайтын жағы төртбұрыш болып келетін түрі; Бұрма сақина - алтын, күмісті есіп жасайтын сақина; Жез сақина - саусаққа салу үшін ғана емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалған мыс шығыршық; Күміс сақина - таза күмістен соққан сақина; Құсмұрын сақина - үсті доңестеу келген сақинаның түрі; Моншақ сақина - моншақ қондырған сақина; Неке сақина - жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлаған сақинасы.
186 сөз, журналдан

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет