Қазақ тілі пәні мұғалімінің «Тілі байдың-ойы да бай» атты үйірме жұмысын жүргізу кестесі


Тест сұрақтарына жауап беріңіздер



бет6/12
Дата24.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#56434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Үйірме
инклюзив

9. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер

1. Музыкаға қатысты терминді табыңыздар

а) буын ә) қосу б) аспап

2. Кірме сөзді табыңыздар

а) әнші ә) композитор б) ақын

3. Музыкалық аспапты табыңыздар

а) сыбызғы ә) шымылдық б) оркестр

4. Ән шығаратын адамды кім дейді?

а) сазгер ә) әртіс б) ақын

5. Музыкалық терминді табыңыздар

а) сызық ә) дауыс б) өлең

6. Қазақтың ұлттық аспабын табыңыздар

а) қобыз ә) скрипка б) баян

7. Қай сөз кірме сөз емес?

а) әнші ә) хор б) оркестр

8. Қазақтың ұлттық аспабын табыңыздар



а) барабан ә) домбра б) баян

10.Сөздерді сәйкестіріңіз.










11. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар



4-5 сабақ

Өнер жұлдыздары

1. Мәтінді тыңдаңыздар және әңгімелеңіздер

Халық Розасы.

Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей станциясының 9-разъезінде темір жолшының отбасында дүниеге келеді. Семей қаласындағы мектеп-интернатты бітіреді.

1975 жылы Алматыдағы спорт сарайында республикалық ән байқауы өтеді. Осы ән байқауында Роза тұнғыш рет үлкен сахнаға шығады. Ақ көйлек киген кішкентай әнші қыз осы байқауда бас жүлдені жеңіп алады. Роза сол кезде сахнада «Әлия» әнін орындаған еді. 1976-1979 жылдары «Гүлдер» ансамблінің әншісі болады.

Роза Рымбаева бірнеше отандық және шетелдік ән байқауларының бас жүлдесін жеңіп алады. Сөйтіп, шетелде Қазақстанның атын шығарады. Жас әнші 28 жасында халық әншісі аталады.



2000 жылы «Эстрада жұлдыздары» номинациясы бойынша «Жыл адамы» болады. Әнші репертуары Отан, туған жер туралы патриоттық әндерге толы. Оның әндерін бүкіл қазақстандықтар сүйіп тыңдайды.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер


3. Мәтін бойынша сан есімдерді теріп жазыңыздар
4. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер

1. Қазақтың ұлттық аспабын табыңыздар

а) флейта ә) скрипка б) жетіген

2. Роза Рымбаева кім?

а) жазушы ә) мұғалім б) әнші

3. Р. Рымбаева қай жылы «Жыл адамы» болды?

а) 1979ж ә) 2000ж б) 2008ж

4. Розаның алғашқы әні?

а) Асыл әжем ә) Әлия б) Жұлдыз

5. Р.Рымбаева қай ансамбльдің әншісі болды?

а) Гүлдер ә) Досмұқасан б) Эстрада жұлдыздары

6. Қазіргі өнер жұлдыздары:

а) А. Құнанбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы

ә) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

б) Б. Шадаева, М. Сәдуақасава, Қарақат

7. Рахат Тұрлықанов кім?

а) жазушы ә) әнші б) ғарышкер

8. Сан есім нені білдіреді?

а) заттың атын ә) заттың санын б) заттың қимыл-әрекетін

9. Сан есімнің сұрағы

а) не? ә) неше? б) не істеді?

10. Сызбадағы сөздерді қазақша жаз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет