«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тапсырма


Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі50,14 Kb.
#94625
1   2   3   4
Байланысты:
c33b0bb3c4c5f4428cea43a6deac628b6735e3e2

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А мәтіні
І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова –қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.
«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры.
ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.
ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?
- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.
(Сұхбаттасқан Данияр Жаныс BusinessNews.kz сайтынан)

  1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған? [1] A. ақылды

B. белсенді C. зерек
D. сәнқой



  1. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған? [1] A. І

B. ІІ C. ІІІ

  1. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз.


[3]
Ә мәтіні
Хабарландыру
2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы
Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы, Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.
Басталуы: сағат 14:00-де
Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді. Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады.
Келемін деушілерге есік ашық!



  1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды? [1] A. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

B. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін
C. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін



  1. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады? [1] A. Аймақтық қордан

B. Білім басқармасынан C. Облыс әкімдігінен D. Отбасы қорынан



  1. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз. [3]



Жазылым
Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Құрамы 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек.



    1. «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі» тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).




    1. Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).

[10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет