«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет»



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата24.04.2023
өлшемі425,19 Kb.
#175259
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
« аза тілі» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмала
542214, 164425, №1 ТЖБ Физика 9-сынып, Test ICT, Лекция-Процессы-и-аппараты-фармацевтических-производств-2-курс-4-семестр-15-сагат-каз, БИ ҮЙІРМЕСІ КАУІПСІЗДІК
 
 


Ә мәтіні 
Ертеректе «өркениет» деп – адамның өз болмысының мәнін ұғып, өмірден саналы ой 
түйіп, адамгершілік құндылықтар негізінде тату-тәтті бірге өмір сүруді айтатынбыз. 
Мәдениетті өмір сүруге деген саналы ұмтылыс – адам табиғатына тән ерекшелік.
Өркениетті ұшқыр уақыттың өзіне шаң қаптырған өнеркәсіптің шарықтап дамуы
ғылыми-технологиялық прогресс, шойын табанынан шоқ шашыраған жүрдек пойыздар, құс 
қанаты жетпейтін құрлықаралық ұшақ-тар, ғарыштық технологиялар, орасан үлкен метро-
польді қалалар мен зәулім ғимараттар, ғаламат су бөгеттері, алып зауыт-фабрикалар, 
атомдық станциялар, т.б. деп түсінетіндер де баршылық. Ал, осындай материалдық 
игіліктерге қол жеткізген елдерді өркениет өркешіне шыққан ел ретінде қарастырып 
жүрміз. Әйтсе де, аталған технологиялық жетістіктер адам тұрмысын жеңілдетіп, жайлы 
өмір сүруіне дәнекер болғанымен, адамгершілік құндылықтармен бір арнада тоғысып, адам 
өмірінің материалдық-рухани тамырына бойламайынша өркениеттің негізі бола алмайды. 
Адамдағы өркениеттіліктің нышанын ой-пікір мен сана-сезімнің қазыналы 
қойнауынан іздеген жөн. Әйтпесе, өркениеттілікті жанға жайлы кең сарайлар мен шалқыған 
байлық секілді тән құмарлығынан, өндіру мен тұтынуға негізделген нәпсілік 
көрсеқызарлықтан іздеу бекершілік. Бүгінге дейін кейбіреулер өркениетті адам өмірінің 
жайлылық пен молшылыққа кенелуі үшін ғылыми технологиялық құралдардың 
жетілдірілуі және жаңалануымен байланыстырып келді. Өркениеттіліктің адам рухының 
асыл қазыналарынан бастау алатын рухани құндылықтарда, рухани кемелденуде екендігін 
ұғына алмауымыз өкінішті-ақ. Өркениет деген – уақыт, мекен және адам секілді үш фактор 
негізінде рухани кемелденуді қамтамасыз ететін қоғамдық орта, жасампаз ақылға 
негізделген адам өмірінің рухани-материалдық жағын қоса қамтитын идеалды қоғамдық 
жүйе болуы қажет еді... 
Ендігі жерде тоң боп қатқан жерге жағылған отты ары қарай лаулата түсу үшін жастық 
жалынымен жарқын болашақтың туын желбіретер қазіргі ұрпақ болаттай берік сенім мен 
мұқалмас ерік-жігер арқылы өз халқының төл құндылықтарын жанындай қорғауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет