«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата20.10.2023
өлшемі1,13 Mb.
#186900
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл
ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, 7919, Абай ашық сабақ
 
Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтіннен факті мен автордың көзқарасын білдіретін ақапараттарды 
табыңыз және себебін түсіндіріңіз. 
2. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап 
беріңіз. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салыстырыңыз. 
[10] 
1-мәтін
– Біз Қазақстанға 1944 жылы Грузияның Түркияға шекаралас Ахалкалак деген қала-
сынан жер аударылдық. Ол кезде мен кішкентай қызбын. Соғыстан кейін Қазақстанның да 
жағдайы нашар болатын. Киерге киім, ішерге ас таба алмай қатты қиналдық. Десек те, қазақ 
халқы бізді бетімізден қаққан жоқ. Кеудемізден итермеді. Керісінше, бізге ерекше құрмет 
көрсетіп, бүтінін бөліп, жартысын жарып беріп, аман-есен осы күнге жеткізді. Жалпы, қазақ 
– адамгершілігі асқақ, арамдықтан ада, тумысынан таза, қиянаттан шет, өзі дара, жүрегі бала 
халық. Оның жүзінен иман төгіліп тұрады. Қазақтар ешкімді алаламайды, ешкімнің 
бөтендігін бетіне баспайды. Мен бұл халыққа өле-өлгенше қарыздар болып өтемін. 
Ұлтаралық келісім – ол қарапайым адамдар арасындағы достық пен махаббат, сенімділік пен 
төзімділік. Түсіністік болу үшін, біріншіден, адамгершілік болуы керек. Екіншіден
айналасындағы әрбір адамға дәрежесіне қарамастан мейірім шуағын төге білгені дұрыс. 
Үшіншіден, өз ұрпағына адами махаббат сезімдерін жеткізе білгені жөн. Сондықтан да 
әлемдік, жаһандық, одан қала берді ұлтаралық түсіністік деген кезде осындай кішігірім 
нәрселерден бастау керек. Келеңсіздіктер адамдар бір-бірін түсінбегендіктен туындайды. 
Түсіністік болмаған жерде береке болмайды. Құдайға шүкір, бізде бас-басымызға би болуға 
ұмтылу жоқ. 
Асылы ОСМАН, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы 
Cұрақ: 
Түрлі келеңсіздіктер неден туындайды? Ұлттар арасындағы түсіністік қандай жағдайда 
пайда болады?
 
2-мәтін
«Ас – адамның арқауы» деп жатады. Дұрыс тамақтануды білсек, денсаулығымыз дұрыс 
болады. Дұрыс тамақтануды денсаулығына алаңдайтын әрбір адам білгені дұрыс.

Бір стақан суды әрбір тамақтану алдында ішу. Су аштық сезімін қадағалап, зат 
алмасуды ретке келтіреді. Күніне 1,5 литр су ішу сіз үшін тұрақты ереже болсын. 
Адамның денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын есептесек, ол барлық алмасу, 
қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады.

Зиянды/каллориясы көп тағамды түскі сағат 12-ге дейін жеуге болады. 

Рациондағы барлық гарнир түрін көкөніске алмастыру қажет. 

Тамақты 2,5-3 сағат сайын аз ғана бөліктен жеп тұрыңыз. 

Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып 
тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс. 


27

Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл 
атқарады. 
Егер біз дұрыс тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз 
сауығып, көңіл күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Кез келген аурудың алдын алатынымыз анық. 
Cұрақ: 
Дұрыс тамақтануды белгілі бір қағидаларға сүйеніп жүргізу қаншалықты маңызды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет