Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»



бет1/2
Дата20.10.2023
өлшемі22,59 Kb.
#186913
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Абай ашық сабақ
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл, ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, 7919

Бөлімі: 2 – бөлім. Абайды оқы, таңырқа!

2 – бөлім. Абайды оқы, таңырқа!

Педагогтің аты-жөні:

Пралиева Айжан

Күні:

15.11.2022

Сыныбы: 6 «Ғ »

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.2.1 – әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.1.4.1 – көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Құндылықтарға
баулу



Тақырыпты жан-жақты талқылау, талқылау барысында оқушылар өзара жақсы мен жаманды ажырата біледі. Жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуге тырысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу;
Оқушыларды түгелдеу;
Топқа бөлу. ( талап, еңбек, қанағат, рақым сөздері арқылы топқа бөлінеді.)
Сабаққа назарын аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау ( «Жаңбыр тамшылары» әдісі).



Оқушылар сабаққа назарын аударады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере алады

Дескриптор:
Оқушылар таңдаған сұрақтарына жауап береді – 2 ұпай.



Оқулық
Сұрақ тамшылары
Слайд

Сабақтың ортасы

28 мин


Жаңа сабақ.
Балалар, дәптерімізге бүгінгі күннің жадын, тақырыптың атын жазайық.
Қарашаның он бесі
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіну және көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Балалар, Абай атамыздың 170-тен аса өлеңдері бар. Бұл өлеңдерінің тақырыптары алуан түрлі. Бүгін біз Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысатын боламыз.


Абай қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім, ғылым, өнерді халықтың қажетіне жаратуға мән берген. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі 1886 жылы жазылған. Көлемі – 77 жолдан тұрады. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, осындай асыл қасиеттерді уағыздау – Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық – тақырыптық желісінің бірі. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет