Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру



Дата27.12.2016
өлшемі13,19 Kb.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру

  • Мақсат:
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Танымдық қабілеттерді дамытуда ескеретін қағидалар

Шығармашылық тапсырмалардың талаптары

Баланың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері

  • Зейін қоюшылығы;
  • Баланың өз еркімен білімге деген құлшынысы;
  • Жұмыс барысында кездескен қиыншылықтарда жағымды эмоцияда болуы;
  • Аталған міндетті шешу жолдарына ұмтылыс жасауы;
  • Интеллектуалдық жетістіктерге қажеттілігі;
  • Ұсынылған әрекет тәсілдерін меңгеруге талпынысы;
  • Таныс емес нәрселер мәніне көңіл бөлуі.

Танымдық әрекеттерді қалыптастырып, дамытатын құралдар

  • Есте сақтау қабілеті;
  • Өз-өзін ұстау қабілеті;
  • Ынта;
  • Еңбексүйгіштік;
  • Өздігінен жұмыс істей білу;
  • Логикалық ойлай білуі;
  • Танымдық қызығушылығы.

Шығармашылық жұмысқа баулудың әдіс-тәсілдері

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
  • Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  • Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
  • Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс;
  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
  • Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
  • Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру;
  • Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін тапсырмалар

  • 7 сынып Әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша Тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім және туыстарым қай тілде сөйлейді?
  • Тапсырмалары:
  • - Сенің отбасың ана тілінде сөйлеседі ме? (Сөйлемесе, не себепті?)
  • Өз пікірлеріңді білдіріңдер.
  • - Отбастарыңда сөйленетін тіл туралы достарыңмен пікірлесіп, өзара жұпта сөйлесіңдер.
  • - «Туысы бірдің- уысы бір» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
  • - Отбасы мүшелерінің отбасындағы орны мен міндеттері. Пікірталас құрыңдар.
  • - Отбасы, ана тілі туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.

Тақырыбы: Сыйлықтар. Мен досыма қандай сыйлықтар беремін?

  • Тапсырмалары:
  • Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарыңа тілек айтыңдар.
  • Сендер туған күнге бармақсыңдар. Осы жағдаят бойынша жұпта диалог- пікірталас құрыңдар.
  • Сыйлық міндетті түрде қымбат, сапалы болуы керек. Келісесіңдер ме? Ойларыңды айтыңдар.
  • Өз ұлтыңның сыйлық беру дәстүрі туралы реферат жазыңдар.
  • Тақырыбы: Менің жазғы демалысым
  • Тапсырмалары:
  • Жазғы демалыстарыңнан қандай әсер алдыңдар? Әңгімелеңдер.
  • «Менің жазғы демалысым» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
  • Тақырып бойынша диалог құрастырап, өзара жұпта сөйлесіңдер.
  • Жазғы демалысты қайда өткізген дұрыс? Сұхбат құрыңдар.

Тақырыбы: Ас- адамның арқауы

  • Тапсырмалары:
  • Саған қандай тағам ұнайды? Әңгіме жазыңдар.
  • «Ас- адамның арқауы» дегенді қалай түсінесің? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.
  • Сенің тамақтану режимің. Монолог түрінде баяндаңдар.
  • Асханада қалай тамақтанып жүрсің? Диалог құрыңдар.
  • Ас туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.
  • Тақырыбы: Киім
  • Тапсырмалары:
  • Киім кию өнер ме? Сұхбат құрыңдар.
  • Ұлттық киімдерді күнделікті киер ме едің? Өз ойларыңды айтыңдар.
  • Мектеп оқушысының киімі. Киім үлгілерін суреттеңдер.

Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін мәтінмен жұмыс барысындағы тапсырмалар

  • Әлеуметтік- мәдени ая бойынша Тақырыбы: Музыка. Біздің еліміздің сазгерлері 1.Мәтін: Сұлу, әдемі музыка (120 бетте)
  • Сөздікті талдап,
  • сөз тіркестерін,
  • сөйлем құрыңдар
  • Мәтінді түсініп,
  • рөлге бөліп
  • оқыңдар
  • Мәтін бойынша
  • сұрақ-жауап
  • құраңдар
  • Неге қалмақтың ханы
  • Саймақты
  • тұтқыннан босатты? Өз
  • ойларыңды белгілеңдер
  • Мәтіннің мазмұны
  • бойынша
  • қорытынды жасаңдар
  • Өздерің қандай шешім
  • ұсынар едіңдер?

Мақал- мәтелдермен жұмыс:

  • Мәтін: Ән- көңілдің ажары (121 бетте) Тапсырмалары:
  • Музыкаға байланысты мақал- мәтелдерді оқып, мағынасын түсіңдіріңдер.
  • Бір мақал бойынша шағын әңгіме құраңдар.
  • Өздерің ұнататын музыка, топтар туралы өзара сөйлесіңдер.
  • Мәтін: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан (125 бетте)
  • Тапсырмалары:
  • 1. Мәтінді сөздік арқылы түсініп оқыңдар.
  • 2. Тірек сызбалар арқылы мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
  • 3. Мектептегі музыкалық үйірмелер туралы әңгімелеңдер.
  • 4. Қазақ халқының бір музыкалық аспабы тарихынан қосымша мағлұмат табыңдар.

Мәтін: Ұлттық аспаптар Дауылпаз (126 бетте)

  • Тапсырмалары:
  • Диалог негізінде соңын өздерінше аяқтаңдар.
  • Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңдар.
  • Бір ұлттық аспапқа сипаттама беріңдер.
  • Мәтін: Халық әндері (129 бетте)
  • Тапсырмалары:
  • 1. Халық әндері адамды неге тәрбиелейді? Өз ойларыңды белгілеңдер.
  • 2. Қазақтың халық әндері деген қандай әндер? Өзара сөйлесіңдер.
  • 3. Бір халық әнін жаттаңдар.

Мәтін: Күй аңыздары (133 бетте) Тапсырмалары:

  • Мәтінді түсініп оқып, тірек сызбаны толықтырыңдар.
  • Өзара диалог құрыңдар;
  • Жоспар құрып, толық әңгімелеңдер;
  • Мәтін: Құрманғазы Сағырбаев (153 бетте)
  • Тапсырмалары:
  • Мәтінді түсініп оқып, диалог бойынша сөйлесіңдер.
  • Маған қандай сазгерлер ұнайды? Шағын шығарма жазыңдар.
  • «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа тірек сөздер арқылы әңгіме дайындаңдар.
  • Құрманғазы Сағырбаев жайында қосымша мәлімет жинап, реферат жазыңдар.
  • Мәтін: Әженің әлдиі (137 бетте)
  • Тапсырмалары:
  • 1. Мәтін бойынша монолог дайындаңдар.
  • 2. Өзара ана әлдиінің құдіреті жөнінде диалог құрыңдар.
  • 3.Сендердің өмірлеріңде музыка қандай рөл атқарады? Шағын шығарма жазыңдар.

Тапсырмаларды орындаудан күтілетін нәтижелер:

  • 1.Оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілеті дамиды;
  • 2. Күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыланады;
  • 3.Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, іскерлік дағдылары жетіледі;
  • 4.Тілге деген қызығушылықтары артып, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдері оянады.

Каталог: uploads -> doc -> 1266
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1266 -> Сабақ тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет