Қазақ тілін оқытуда жаңа технологиялар көмегімен білім беру сапасын көтеру тәсілдері қойшыбаев Махамбетжан Нахыпбекұлы



Дата05.06.2017
өлшемі71,68 Kb.
#17733
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУ ТӘСІЛДЕРІ

Қойшыбаев Махамбетжан Нахыпбекұлы

Ф.ғ.к аға оқытушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан mahat75.62@mail.ru

Досмамбетова Шолпан Базарбаевна

П.ғ.магистрі аға оқытушы Болашақ университеті, Қызылорда, Қазақстан

Аннотация: В статье рассматриваются проблемы использования инновационных технологии в преподовании казахского языка различных учебных организациях.

Түйін сөздер: жаңа технология, ақпараттық технология, көрнекі құрал, инновация, модульдік оқыту технологиясы

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны барлығымызға мәлім. [ 1 ] ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми- техникалық үдірістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдына да жаалдына да жаңа міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мүғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектаулдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетінеайналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін ( есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдары қарастыру қажет. Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиялық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды.Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік шығармашылық құзіретін дамыту арқылы оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету болып табылады. Бұл үшін:



1.Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. 2.Мемлекеттік тілді оқытуда – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Ақпараттық технологияны оқыту үдерісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан – жақты ізденіп,сабаұтарын қызықты әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер мен жоғары оқу орындары арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсету мүмкіндігі туды. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін ұалыптастыру. Мектепте қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Тілді оқытып, үйретудің сапасына арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, білін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігіменжан – жақты терең таныстыру. Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасын артуына, қатысымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тлдік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдени аралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктеріғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық – коммунакациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін , ақпараттық- технологиялық құзіреттілігін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.[2] Мектептерде және жоғары оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақтілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады. Өз тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін үнемі қолданудамын: - деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы; -модулдік технология; -дамыта оқыту технологиясы; -ақыл-ой, іс-әрекеттерді жандандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы; -ынтымақтастық оқыту технологиясы; Қазіргі таңда оқыту технологиясы қалай оөыту керек деген ғылыми тұжырымдармен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек, ұандай принциптер арқылы , қандай факторларды үнемі ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан, оқыту технологиясы оқытудың мақсат ,мазмұн,принцип, әдіс және құралдармен тығыз байланысты. Қоғам талабына сай инновациялық технологияны меңгеру ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық технологияларының түрлерін ұсынады: - құрылымдық логикалық технология; - интерграциялық технология; - ойындар технологиясы; - тренингтік технологиясы; -ақпараттық технология; - сұхбаттық технология. Бүгінгі кезде әдістеме саласында жоғары аталған технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей шарттар қажет: - оқу үрдісін белсендіру және басшылыққа алу; - студенттердің ғылыми – әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарға алу; - жаңа пәндік білім стандартымен танысу. Осы шарттарды үнемі ескеріп жүрсек, педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдаланумен ерекшелінеді. Білім беру барысында оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру қажет. Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын бақылауға бағалауымыз керек. Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады. Компьютердің әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін. Тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген қателерді түзету, мәтін бойынша тапсырмалар орындау және тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді. СтуденттердіСтуденттердің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми-педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модулдік оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модульдік оқыту технологиясы жаңа технологиясының әр пәнбойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі бөлімінен және қорыту. Әр модульге оқытушы өз уақытын бөліп, қойылған ақсаттарына жетуге тырысады. Оқытушы сабақты ұйымдастыру түрлерін ойластырады. Оқу материалдарын тақырыптың мазмұнына сәйкес деңгейлік тапсыру болуы қажет. [3] Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысындағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп, қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен , олардың сөздік қорын байыту; әдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет. Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойынша өзекті болып отыр. Әрбір педагог:мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсат – білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз. Қорыта келе көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орындары мен мектептердің оқу процесінде қлодануға өте тиімді.Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астан,2010.

  2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы тұжырымдамасы. – Астана, 2001.

  3. Н.Амирғалина

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет