Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



бет37/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Ойынның мақсаты:

Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту. Логикалық сұрақтармен көбірек жұмыс жасау. Танымдық қызығушылықты ояту, мемлекеттік тілді сүйіп оқуға дамыту.



Жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын ережесі:

1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.

Ойынның басталуы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген, - деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Өз орыңды тап!

2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы

3. МАИ емтиханы

5. Сен білесің бе?

6. Шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру).


1-кезең. «Орнын тап» ойыны. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орынын табады және топтарын қорғайды.

Қызыл топ Сары топ Жасыл топ


  1. кезең. «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» .

Өздері қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ұпайды көп жинаған топ жеңіске жетеді.



1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай 2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 ) 10 ұпай

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді) 15 ұпай

6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа) 20 ұпай

7. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар? (5 ұпай)


3-кезең МАИ емтиханы. Сауалнама.

МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар

С) белгілер

2. Мына белгі нені білдіреді?

А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады В) болмайды С) білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс


А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10 В) 12 С) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

8. Мына жол неше қозғалысты?



А) 4 В) 2 С)1

9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары В) жасыл С) қызыл

Қорытындылау. Жалпы ұпай санымен жеңіске жеткен топ «Үздік жүргіншілер» сыйлығына ие болады.

Қай көше,қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,



Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

10 сабақ

Нәтиже сабақ. Көлік

  1. Су көлігі дегеніміз не?

  2. Теміржол көлігінің тасымалдайтын негізгі өнімдері не?

  3. Теміржол вокзалы адамдарға жолаушыларға қандай қызмет көрсетеді?

  4. Күрделі сөз дегеніміз не?

  5. Астана халықаралық әуежайы салтанатты түрде қашан ашылды?

  6. мына белгі нені білдіреді?

  7. Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?

  8. Дұрыс жауабын тап.

  1. Жаман аттан аяғым ..., Жаман жолдастан таяғым ... .

  2. Адам досымен ... , Ағаш тамырымен ... .

  3. Ел – елдің бәрі ..., Өз елің бәрінен ... .

  4. Көлдің ... – құрақ, Таудың ... – бұлақ.

    1. көркі

    2. артық

    3. жақсы

    4. мықты

9. Жүргізуші ... айып төледі.

А) ережемен

В) ережені бұзғаны үшін

С) ережені бұзғаны туралы

D) ережені бұзбады


10. «Мен жүргізуші болсам...» әңгімелеп беру


ІV модуль.

Менің сүйікті кейіпкерлерім.

1 сабақ

Менің сүйікті кейіпкерім


1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

- Сенің сүйікті кейіпкерлерің бар ма?

- Иә, бар.

- Олар кімдер?

- Алдар көсе, Қожанасыр, Ертөстік

- Қожанасыр қандай кейіпкер?

- Тапқыр, ақылды.
2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

Менің сүйікті кейіпкерім

Қожанасыр – қазақ фольклорының ең сүйікті кейіпкерлерінің бірі. Ол бірде шешен, енді бірде байларды алдап кететін айлакер қу, біресе ашық ауыз аңқау, күлдіргі адам кейпінде суреттеледі. Қожанасыр- момынның демеушісі, қорлық көргеннің жақтаушысы, ақиқат пен әділдіктің төрешісі. Осындай қасиеттері үшін халық оны жақсы көреді.

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетіндегі халық арасына көп тараған ұнамды, күлдіргі кейіпкер. Әр кезде өмір сүрген ақылды да айлакер, тапқыр, әділ адамның жиынтық белгісі.
3-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

1. Дастанның ... бар. A) қарындасына

2. Ол ... өте жақсы көреді В) қарындасы

3. Дастан ... кітап сатып алды С) қарындасын


4-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер.

Каталог: uploads -> doc -> 12c4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12c4 -> Сабақтың мақсаты: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру, оларды ажырату. Наурыз туралы мағлұмат беру
12c4 -> «Құрмет» Орденінің иегері, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаеваның іс-тәжірибесінен. Психологиялық көңіл-күй: «Шахматтар тақтасы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет