Қазақ тіліндегі анықтауыш және оның түрлері Жоспары: Кіріспе Анықтауыш туралы түсінік Негізгі бөлім Анықтауыш және оның түрлері


Сын есімдерден болған анықтауыштар



бет2/5
Дата09.12.2023
өлшемі23,65 Kb.
#196030
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анықтауыш

Сын есімдерден болған анықтауыштар.
Атрибуттық қатнаста жұмсалатын сөздердің негізгі түрі сын есімнен болған анықтауыштар. Сын есім өздеріне тән қасиеттерімен байланысты заттың сапалық белгілерін я тікелей я ол заттың басқа затқа қатысы арқылы білдіреді. Сын есімнің негізі оның сапаны білдіретіндігінен я затқа тән сапа болатындығынан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады. Басқа сөз таптарынан жұрнақтар жалғанып жасалған туынды сын есімдер де, анықтауыш қызметінде жұмсалғанда, анықтайтын сөздерімен әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста болады. Оларда анықтайтын сөздерінің алдында тұрып негізгі сын есімдермен қабыса байланысады. Мысалы: Жалынды жүректен шыққан сөз бақытты жандардың жанарында от ойнатып, көңілдерін көк аспанға шалқытқан сияқты. Туынды сын есімнен болған анықтауыштардың синтаксистік байланысы зат есімнің түбір күйінде анықтауыш болуынан әлдеқайда босаң болады. Оны мына жайыттан байқаймыз: алтын сағат, тас жол секілді анықтауыштық топтың ортасына басқа сөз кірістіріп, оларды әрлі - берлі ауыстыруға болмайды. Ал туынды сын есімдерден болған анықтауыштар мен анықталатын сөздердің арасында басқа сөздер, көбінесе басқа анықтауыштар бола береді. Мысалы: кең алқапты жазық дала, бұлтсыз ашық аспан.
Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар
Заттың сандық, өлшеулік сапасын білдіретін сан есімдер де анықтауыш қызметінде негізгі және туынды түбір тұлғасында жұмсалады. Грамматикалық өзгерістер ондай анықтауышы бар сөз тіркесінің анықтайтын сөзінде болады. Мысалы: бірінші байлық - денсаулық, екіншісі байлық- ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық. Сан есімдердің анықтауыш қызметте, бір жағынан, заттың есептік, реттік, мөлшерлік т.б санын білдіруі, екіншісі жағынан мезгілдік, салмақтық, көлемдік ұғымның өлшеуіші болуы оның қандай затқа қатысты екіндігіне байланысты: үш бала, он бес қой, алтыншы бригада, бес килограмм қант, бес метр, үш сағаттық жұмыс және т.б. Анықтайтын зат белгілі болып оны басқа заттардан айыра тану керек болғанда, оның алыстығын не жақындығын білдіру керек болғанда сілтеу есімдіктерін анықтауыш қызметінде жұмсаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет