Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары


Мінездемені талап етуші ұйымның аты



бет22/24
Дата06.02.2022
өлшемі148 Kb.
#59373
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
1276 e 13
1276 e 13, b214
Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".
Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда
1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
2) білімі туралы құжат көшірмесі;
3) бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
4) анықтамалар жіберіледі.
Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.
Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.


Үлгімен танысыңыз.
Мінездеме
Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы Айы, күні, жылы /аты-жөні, қолы/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет