Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Дыбыс сәйкестіктерінің тіл дамуында мынадай қызметтері болған



бет23/43
Дата04.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#194882
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
аза тіліні с зжасамы А. Б. Сал ынбай – ф. . д., профессор І.
Бұдабай қабылұлы , 1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org
Дыбыс сәйкестіктерінің тіл дамуында мынадай қызметтері болған:

  1. түркі тілдерінің алтай тобындағы тілдерден ерекше тіл ретінде жіктелуінің негізі болған;

  2. қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен ерекшеленуінің негізгі қайнар көзі;

  3. сөз таптарының жіктеле дамуының негізгі қайнар көздерінің бірі болған;

  4. бір тілдің диалектілік ерекшеліктерінің шығуының басты көздерінің бірі болған;

  5. қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық және мағыналық жағынан дамуының бір тәсілі ретінде қалыптасқан.

Фонетика-семантикалық сөзжасамның қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуында да атқаратын рөлі бар. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген туынды сөздердің екіншілік мағыналары – осы сөзжасамдық тәсілдің жемісі. Мысалы: өкімет-үкімет, өкім-үкім, ауа-әуе, ақ-әк, аса-есе, бақ-бау т.б.
Семантикалық сөзжасам Сөзжасамның көне әрі
ежелгі тәсілдерінің бірі -
семантикалық сөзжасам. Тіл білімінде сөздің ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей-ақ, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына берудің мұндай тәсілін сөзжасамдық конверсия деп те атайды. Сөзжасамдық конверсия аффиксацияға қарама-қарсы қойылады. Яғни аффикстік тәсіл арқылы сөз мағынасы тек белгілі сөз тудырушы тұлғаның (жұрнақтың) жалғануы арқылы ғана екіншілік мағына иелене алса, конверсияда туынды атаудың жасалуы үшін, ешқандай тұлғалық өзгеріс болмайды. Сөз өзінің тұлғалық жамылғышын өзгертпей-ақ, екіншілік мәнге ие бола алады.
Тұлғалық өзгеріссіз-ақ сөздің мағыналық дамуы арқылы туынды сөз жасалуы туралы теориялық мәселе қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысанына айналған жоқ. Осы күнге дейінгі жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында сөзжасамның суффикстік тәсілі мен аналитикалық тәсіліне көп көңіл бөлінеді де, сөздің ішкі мағыналық дамуы арқылы жасалатын сөзжасамдық конверсия немесе семантикалық сөзжасамның теориялық мәселеріне талдау жасалмайды. Дей тұрғанмен, қазақ тілінің ішкі табиғатында сөздің мәні мен мағынасын өзгерту үшін, оған жұрнақ жалғау, не екі сөзді біріктіру тәсілі ғана қолданбаған. Сонымен бірге сөздің мағыналық дамуы негізінде де көптеген туынды атаулар жасалған. Түбір мен негіздің шегінде болғандықтан, конверсиялық сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздердің қалыптасу кезеңі көне кезеңде белсенді болған. Қазақ тілінің байлығы сөздің әр алуан мағынада қолданыла алуымен астарласып жатады. Бір сөздің бірнеше мағынада жұмсала алуы тіл дамуының негізгі заңдылықтарының бірі. Түркі тілдеріндегі етістік пен есімнің гомогендігі тікелей конверсияның нәтижесі ретінде бағаланады. Яғни тіл дамуында болмыстың атауы мен оның іс-әрекетін атау бір тұлғамен таңбаланған. Мұның да өзіндік ішкі заңдылығы болса керек. Белгілі бір зат, оның қозғалыс-қимылы, белгісі – әуелде бір ғана дыбыстық жамылғыш арқылы таңбалана келіп, кейіннен сөйлеуде әртүрлі қызмет аясында қолдану барысында мағыналық дамуға жеткен.
Сөздің дыбыстық жамылғышын өзгертпей-ақ, туынды мағынада жұмсалу қасиеті, ең алдымен, сөйлеуде, атаудың әртүрлі қызметте жұмсалуымен байланысты пайда болады. Сөз мағынасының жіктеле дамуындағы сөйлеудің рөлі мен маңызы ерекше. Тек сөйлеу арқылы ғана атау өзінің туынды мағынасына жіктеліп, жаңа ұғымды атау қабілетіне ие бола алады. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағыналық құрылымын тану аса күрделі. Түркітануда семантикалық сөзжасам негізінде жасалған атаулар көптеген ғылыми еңбектерде тарихи омоним ретінде де танылғаны белгілі. Дегенмен, сөздің мағынасы терең зерделегенде, мұндай туынды сөздердің арасындағы генетикалық-мағыналық байланысты айқындау аса қиындық туғызбайды.
Тілдің ішкі даму табиғатын тап басып тауып, ішкі иірімдерін түйсіну оңай шаруа емес. Әсіресе тұлғалық жағынан ерекшеленіп, анық көрініп тұрмаған сөздердің ішкі мағынасына терең бойлау оңай емес. Сондықтан да тұлғасы ортақ, мағынасы әртүрлі болып тұрған таңбаның (бірі – зат есім, бірі – етістік) тарихи даму байыбына бармай-ақ, омоним ретінде тани салу оп-оңай. Бірақ ғылыми жағынан толық дұрыс тұжырым бола алмайды. Тұлғалық жағынан ешқандай өзгеріске түспей-ақ, мағыналық байланыстылығы мен негізділігін сақтай отырып, туынды мағынаға көшуін, олардың мағыналық ерекшелігін тек сөйлеуде (речь), лебізде (высказывания) немесе контексте ғана айыруға болады. Яғни сөздің мағыналық дамуы сөйлемдегі қызметімен тікелей байланысты. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағынасы сөйлемде туындайды, сөйлем ішінде анықталады. Жекелей тұрғанда мұндай тұлғаларды бір-бірінен айырар, мағыналық ерекшелігін анықтар белгі жоқ. Сондықтан сөз қасиеті тек сөйлеуде не контексте ғана айқындалады. Семантикалық сөзжасамның тарихи бір буынды түбірлердің мағыналық дамуында өте маңызды рөл атқарып, заттық және қимылдық мағыналы атауларды жасағаны туралы айтылды. Сондықтан біз қазіргі тіл тұрғысында семантикалық сөзжасам тәсілімен жасалған атаулардың мағыналық құрылымын саралаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет