Қaзaқcтaн pecпублиkacы aуыл шapуaшылығЫ


ТАРАУ. Елді мекенінің табиғи-географиялық ауа райы мен климатық жағдайы



бет3/20
Дата07.02.2022
өлшемі274,61 Kb.
#86210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Отчет, Тәліп Ә.
328165, 328165, 328165

2 ТАРАУ. Елді мекенінің табиғи-географиялық ауа райы мен климатық жағдайы


«Green Town South» ЖШС шаруашылығы Түркістан облысында орналасқан,елді мекенніңклиматы континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Түркістан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға
Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк шығысында таулы және тау етегiндегi жерлер бақ отырғызу үшiн жақсы орын болып табылады. Бұл жерлерде жемiс дақылдарынан мол, сапалы өнiм алынады.
Алматы және Жамбыл облыстарында жемiс шаруашылығы үшiн төмен таулы аймақтар (теңiз деңгейiнен 800-1200 м биiктiктегi) анағұрлым құндырақ болып табылады. Мұндай жерлерде бақ үшiн жақсы учаскелер - саздақты қуатты қосылыстар төселген таулы қара топырақты, солтүстiк экспозициялы жазық беткейлер. Солтүстiк беткейлерде теңiз деңгейiнен 1350 м биiктiктегi жемiс ағаштары жылудың жетiспеушiлiгiнен зардап шегедi. Бұл биiктiкте бақты оңтүстiк беткейлерге отырғызған дұрыс.
Оңтүстiк Қазақстан облысында жемiс дақылдарын өсiру үшiн қолайлы жағдайлар таулы және тау етегiндегi аймақтардан басқа облыстың сұр топырақты оңтүстiк бөлiгiнiң тегiс аудандарында ғана бар.
Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында бақ өсiру үшiн тегiс учаскелер мен солтүстiк экспозицияның аласа беткейлерi таңдалады. Мұнда оңтүстiк беткейлерге, сондай-ақ ойпаң жерлерге бақ отырғызуға болмайды. Бақ үшiн iрi өзендердiң жоғарғы басы да жақсы. Мұнда топырақ жақсы кәрiзделген. Баққа орын таңдағанда ең алдымен учаскенiң табиғи қорғалуын, қардың қалың түсуiн және суландыру мүмкiндiктерiн ескеру қажет.
Батыс Қазақстанда бақтар негiзiнен шығыстан соғатын зиянды желдерден жиi зардап шегедi. Мұнда отырғызу үшiн батыс және солтүстiкбатыс беткейлердi бөлген жөн. Ең жақсы топырақтар - қара топырақ, қоңыр қызғылт, саздақ және құмдақ топырақтар. Баққа орын бөлген кездегi ең басты талап – суару үшiн тұщы су көзiнiң жақын жерде орналасуы.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет