Ќазахстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ақпаратты өрнектеу форматтары



бет16/21
Дата30.04.2020
өлшемі325 Kb.
#65197
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
kur -aqparat-ugymynyn-qoldanyluy-45

Ақпаратты өрнектеу форматтары
Компьютерлердің жұмысын қарастырудан бұрын ақпаратты өрнектеу форматтарын білу қажет. Ақпараттың өлшем бірлігі болып байт саналатындықтан, сандарды өрнектеу форматтарының негізін байт ұғымы құрайды, кез келген сан байттар тізбегінен тұрады, олар солдан оңға қарай нөлден бастап нөмірленеді.

Ақпарат өңдеу аспаптарында жиі кездесетін формат – машиналық сөз. Ол қатар тұрған 4 байттан немесе 32 биттен тұрады. Оның жартысы қысқартылған формат ретінде жиі қолданылады да, жартылай сөз форматын құрайды. Кейде екі еселенген сөз, яғни 8 байт тізбегі де қолданылады (64 бит).

Ақпаратты өңдеуде оның тұрақты және айнымалы тізбектері де кездеседі. Жоғарыда көрсетілген жарты, бүтін және екі еселенген машина­лық сөз ақпараттың тұрақты тізбегіне жатады. Көбінесе тұрақты тізбек ре­тін­де сандық, ал айнымалы тізбек ретінде ұзындығы 1 байттан 256 байтқа дейін болатын мәтіндік ақпарат қарастырылады. Сонымен, компьютерлер­дегі ақпаратты өрнектеу форматтарын төмендегі суретте көрсетілген түр­де бейне­лей аламыз.

Компьютерлерде жылжымалы нүкте арқылы бөлшегі бар аралас сан­дар жазылады және олар бүтін сандарға қарағанда жиі кездеседі. Мұнда да сандар екілік жүйеде бейнеленеді. Олардың форматы толық және екі еселенген машиналық сөз (1.5-сурет) болуы мүмкін. Биттер 0-ден 63-ке дейін нөмірленеді. Сол жақ шеттегі 0-бит санның таңбасын өрнектейді. Жылжымалы нүктелі сан мына түрде жазылады:



мұндағы p – санау жүйесінің табаны (оң бүтін сан); z – санау дәрежесі; S A санының мантиссасы. Бұл жерде нүкте бекітілмеген, мұнда оның орны дәрежемен анықталады. Мысалы, 687,53510 саны берілсін делік. Оны жылжымалы нүкте арқылы жазсақ, А=687,53510=0,687535 103 болады. Мұндағы S = 0,687535 – мантисса, ал санау дәрежесі z =3, ал санның негізі р =10.


Б И Т Т Е Р

0 7 8 15 16 23 24 31 32 39 40 47 48 55 56 63


Ақпараттың тұрақты (а) және айнымалы (ә) тізбектері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет