Ќазахстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет19/21
Дата30.04.2020
өлшемі325 Kb.
#65197
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
kur -aqparat-ugymynyn-qoldanyluy-45

Қорытынды
«Ақпарат» ұғымының жаратылыстану пәндерінде айрықша қолданудың теориялық негіздерін қарастыра отырып мынандай қорытынды жасауға болады.
1. Ақпараттандыру – елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағтталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сияқты бағыттарда көп күш сынауды талап етеді.

Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.

Ел басының жолдауында мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру, жаңа ақпараттық техналогиялармен жұмыс істеуді үйрету, жаппай ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін делінген.
2. Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе жадыда болатын мәліметтер.

Ақпараттық процесстер, яғни информацияны сақтау, өндеу және тарату процесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарған. Адамдар ауызша хабарламалармен, хаттармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бір-біріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; жарнамалық хабарландырулар мен ғылыми мақалаларды басып шығарады; көне хаттар мен құжаттарды сақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы – ақпараттық процесстер.

3. Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материялдық әлем заңдарын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғалысының барлық түрлері мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материяның белгілі бір ажырағысыз қасиетімен және атрибутымен (көрністерімен, әртүрлілігімен, құрылымымен, кеңістікте және уақыт бойынша зат пен энергияның біртексіз таралуымен) байланысты деп есептелінеді.
4. Қоғамды ақпараттандыру (информатизация) – информациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың информациялық талаптары мен құқықтарын қанағаттандыру үшін тиімді шарттар жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Ақпараттандырудың мақсаты – жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.
5. Компьютерлік технологияны пайдаланудағы педагогикалық мақсаттар корсетілген.

Бұл мақсаттар мектептегі оқу үрдісі кезінде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттарын анықтайды.

Танымдық белсенділікті қалыптастыру негізінде компьютерлік технологияны қолдану стратегиясын нақтылайтын жалпы нұсқаулары келтірілген.
6. Қазіргі ақпарат ағымын адамзат тек ЭЕМ – нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ ақпаратты автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады.

Соңғы уақытта компьютер ғылыми ақпараттың зор көзі болып табылады. Бұл ғаламданған ақпарат торы Интернет көп адамдар үшін тіпті негізгі ақпарат көзіне айналған. Одан басқа СД дискіде жазылған электронды кітаптар, оқулықтар және журналдар шықты. Нормативті құжат, классификатор, патент әдебиеті соңғы кезде көбінесе компьютер дискілерінде шығғарылып жатыр. Интернет арқылы қашықтықта оқыту пайда болды, ол күн сайын дамып келеді. Енді оқытушы басқа қалада, тіпті бөтен елде болса да, компьютер мониторы арқылы өз шәкірттірімен қатынасады және оқытады.

7. Кибернетиктер негіздеушілерінен ешкім , өкінішке «ақпарат» терминіне айқын анықтама бере алмады, сондықтан бұл ұғымға көптеген анықтау әрекеттері пайда болды.

Кейбір авторлар Автоматтар теориясы – кибернетика деп санайды. Автоматтар теориясының негізін баяндаған ғалым Дж.фон Нейман.

Мәліметтерді жеткізу нақты өмірде, жалпы байланыс схема түрінде көрсетілген (1.сур.) басқару процессінің, тану және оқыту бөлігі болып табылады.

Ақпарат» және «басқару» ұғымдарының бірігуі ХХ ғасырдың 40-жылдары Н.Винерді кибернетиканы жасауға мәжбүр етті. Кибернетика ғылымы тұнғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі ағзалардағы ақпараттық процесстердің орақ екенін биологияның, әсіресе оның нейрофизиология және генетика сияқты бөлімдерінің дамуына маңызды ықпал етті.

Техникалық кибернетика бәрінен белсендірек дамып келеді. Оның құрамына автоматиканыңтеориялық ірге тасы болған автоматты басқару теориясы енеді. Бұл саладағы зерттеулердің маңыздылығы шексіз.
8. "Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымдарды білдіретін іnformatіo сөзінен шыққан. Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бей­не­сі болып саналады. Ақпарат (материалистік филосо­фия бойынша) – нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқы­лы айтылуы. Хабарлар – информация­ның тіл, мәтін, цифрлық мәлі­мет­тер, график, кесте түрінде бейнелену түрі.

Ақпарат – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.

Сонымен, ақпарат – белгілі бір объект (адам, жануар, зат, құбы­лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұ­маттар жиыны.


9. Америка инженері Р. Хартли 1928 ж. ақпарат алу процесін алдын ала берілген ықтималдықтары бірдей N шектеулі хабарлар ішінен бірін таңдау арқылы қарастыруды ұсынды. Ал таңдап алынған хабар ішіндегі I – информация мөлшерін N санының екілік логарифмі ретінде анықтау керек деп тапты.

           

Хартли формуласы:   I = log2N

Шеннон формуласы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет