Қазақ–Қытай қатынастары



Дата25.12.2023
өлшемі16,66 Kb.
#199183
Байланысты:
Документ Microsoft Word (8)
Документ Microsoft Word (8), 43169

Қазақ–Қытай қатынастары
1756 жылдың жаз айында екі топқа бөлінген қытай әскерлері қазақ даласына басып кірді. Алғашқы шайқас 1756 жылдың мамырында Шаған Оба аумағында болды. Шайқаста қазақтар жеңіліп, батысқа қарай шегінді. Қарқаралы тауларындағы Жарлы өзенінің жағасына күш топтастырған қазақ әскері тағы да жеңіліске ұшырайды. Нұра өзенінің жағасында Қожаберген батыр мен Әмірсананың біріккен қолы да қытайларды тоқтата алмады. Осындай жағдайда Баянауыл тауларына әскер жинаған Абылай Бөгенбайды қолбасшы етіп, қытайға қарсы шайқасқа аттанды. Баянауылдың батысындағы Шідерті өзенінің бас жағында Цин әскерлері зор шығынға ұшырайды. Осы оқиғадан кейін бұл жер Шүршітқырылған деп аталып кетті.
Oсы жылдың қазан айында Нияз таулары маңында Бөгенбай батырдың жасағы қытайлықтармен тағы да шайқасты. Қытайлықтардың «қазақтарды жылдам талқандаймыз» деген жоспары іске аспай, қазақ жерінен кейін шегініп кетті.
1757 жылдың жазында қытай әскері Тарбағатай таулары арқылы тағы да қазақ жеріне басып кірді. Олар біртіндеп Семей бекінісі орналасқан Ертіс бойына дейін жетті. Абылай, Әбілпайыз сұлтандар қытайлықтармен келіссөз жүргізіп, Цин империясымен бейбіт байланыс жасауға мүдделі екендіктерін білдірді. Қытайдың әскери басшылығы мұны мақұлдап, Пекинге қазақ елшілерін жіберуді ұсынды.
1757 жылдың қыркүйегінде Қытайға қазақ елшілері аттанды. Қазақтар Тарбағатайды қазақ қонысы ретінде мойындауын талап етті. Келісім дипломатиялық дәстүрді сақтай отырып жасалғандықтан, екі елдің арасындағы келісім ретінде тарихта қалды.
Aбылай патша өкіметімен де, Қытаймен де бейбіт қатынастарды сақтауға күш салды. Ол өзінің бодандықты мойындайтынын мәлімдегенімен, іс жүзінде екі империяға да бағына қоймаған. Бұл–қазақ елін күшті жаулардан сақтау үшін Абылайдың қолданған саясаты еді.
Жағдаяттық тапсырма
Қытайлықтардың «қазақтарды жылдам талқандаймыз» деген жоспарының іске асуына тосқауыл қойған жасақ басшысы
A)Тәуке
B)Қабанбай
C)Әбілпайыз
D)Бөгенбай
Aягөз маңы, Ертіс бойы, Жарлы өзені, Шідерті өзені, Шаған Оба аумағында өткен шайқастарда Қытайдың көздегені
A)Қазақ жерінде хан билігін жою
B)Әскери дайындығын көрсету
C)Қазақтың құнарлы жерлерлерін иелену
D)Шыңжаң аймағын құру

Mәнмәтіндегі оқиғаның болған ғасырын анықтаңыз


A)XVI ғасыр екінші жартысы
B)XVIII ғасырдың екінші жартысы
C)XVII ғасырдың бірінші жартысы
D)XVII ғасырдың екінші жартысы
Mәнмәтін бойынша дұрыс дәйекті анықтаңыз
I. Шідерті өзенінің бас жағында Цин әскерлері зор жеңіске жетті
II. Қазақтар Тарбағатайды қазақ қонысы ретінде мойындауын талап етті
III. Қытай және Қазақ елдерінің арасында дипломатиялық келісім жасалды
IV. 1761 жылдың жазында жоңғар әскері Тарбағатай таулары арқылы тағы да қазақ жеріне басып кірді
V. Қожаберген батыр мен Әмірсананың біріккен қолы да Қытай әскерінің шабуылына тосқауыл қойды
A)I, IV
B)III, IV
C)I,V
D)II, III
Iс жүзінде екі империяға бағынғанымен, олардың билігін мойындамаған тұлға
A)Абылай
B)Бөгенбай
C)Әбілмәмбет
D)Әбілпайыз

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет