Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы



бет13/19
Дата06.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#80980
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
1193 буйрык
кызме
стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы
Заңнама институтының қызметкерлеріне еңбек жағдайлар
үшін үстемеақылар

Р/с


Үстемеақылардың атауы

Үстемеақылардың түрлері

Үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе




1

2

3

4

5




1

Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкерлеріне

Құқық саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізгені үшін үстемеақы

ЛА-дан 100 %

Мекеме басшысы белгілеген тәртіппен және шарттармен




2

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметшілеріне

Ғылыми зерттеулердің және ел басшыларына ұсынылатын есеп беру материалдарының жоғары сапасы үшін үстемеақы

ЛА-дан 100 %

Мекеме басшысы белгілеген тәртіппен және шарттармен





Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
18-қосымша

Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар
Ескерту. 18-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 240 (01.01.2019 бастап қолданылады) қаулысымен.

Р/с №

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.



Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттыру





1)

Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi



25 %-дан кем емес

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

2)

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi



25 %-дан кем емес

2015 жылы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

2.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағаты үшін

Түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша ақы

Сағаттық мөлшерлемеден 50 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

3.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне мереке немесе демалыс күндерінің әр сағаты үшін

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы

Сағаттық мөлшерлемеден 50 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

4.

Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне мерзімнен тыс жұмыстың әр сағаты үшін

Мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін қосымша ақы

Сағаттық мөлшерлемеден 50 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

5.

Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне

Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы

Қызметкердің өзінің ЛА-нан 50 %-ға дейін

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды

6.

Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы

Нақты көлеміне қарай

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

7.

Экологиялық апат аймақтарында, оның ішінде:
экологиялық апат
экологиялық дағдарыс
экологиялық дағдарыс алдындағы жағдайдағы аймақтарда тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін қосымша ақы

ЛА-дан 50 %
ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 20 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

8.

Радиациялық қатер аймақтарында, оның ішінде:
төтенше радиациялық қатер
ең көп радиациялық қатер
жоғарғы радиациялық қатер
ең аз радиациялық қатер
жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аймақтарда тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Радиациялық қатер аумағында жұмыс істегені үшін қосымша ақы

2 АЕК*
1,75 АЕК* 1,5 АЕК*
1,25 АЕК* 1 АЕК*

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

9.



Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы



2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде

1)

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына



БЛА-дан 30 %



2)

Тазалаушыларға:
дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды;
дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде



БЛА-дан 20 %
БЛА-дан 30 %



10.



Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы







"1-сыныпты жүргізуші" (В, С, Д, Е санаттары болғанда)
"2-сыныпты жүргізуші" (В, С, Е немесе В, С, Д немесе Д (Д және Е) санаттары болғанда) сыныптық біліктілігі бар жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар жүргізушілеріне



БЛА-дан 35 %
БЛА-дан 20 %



11.



Құрметті атағы үшін үстемеақы







Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Халық" деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Еңбек сіңірген" құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге



БЛА-дан 50 %
БЛА-дан 30 %

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

12.



Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы







Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға



17 АЕК

Көрсетілген қосымша ақы біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті дипломы болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді.

Ғылым докторларына

34 АЕК



13.

Персоналдың жұмысын ұйымдастырғаны үшін

"Аға" мәртебесі үшін қосымша ақы

БЛА-дан 25 %



14.

Ұйымның негізгі персоналына

Бөлімшені (кабинет) меңгергені үшін қосымша ақы

БЛА-дан 50 %



15.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы

ЛА-дан 10 %



Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
* АЕК – заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
**ЕТЖМ – заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері.


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
19-қосымша

Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу
Ескерту. 19-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 28.01.2020 № 11 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Оқитындар контингенті

Сағат бойынша ақы төлеу мөлшері*

Профессор, ғылым докторы

Доцент, ғылым кандидаты

Ғылыми дәрежесі жоқ адамдар

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары және оқушылардың осыған ұқсас басқа да санаттары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді талап ететін лауазымдарды атқаратын жұмысшылар, қызметкерлер, курс тыңдаушылары

0,09***

0,08***

0,07***

студенттер;

0,10****

0,09****

0,08****

аспиранттар, басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орындарының тыңдаушылары, дәрігерлердің консультациялары

0,12*****

0,10*****

0,09*****




Қызметкерлер санаты

Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері*

Оқу сабақтарын жүргізуге қатысатын, пластикалық кейіптерді көрсететіндердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі мынадай мөлшерде белгіленеді:
киімсіз немесе күрделі кейіпте кейіп көрсеткені үшін киім киіп тұрып кейіп көрсеткені үшін

0,04
0,03




Қызметкерлер санаты

Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері

Оқу сабақтарын өткізуге қатысатын оқу-қосалқы персонал қатарындағы адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерлемесі ғылыми дәрежесі жоқ адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді

50%




Қызметкерлер санаты

Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері**

Ғылыми дәрежесі мен атағының бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің консультанттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелеріне және корреспондент мүшелеріне

3%
25%

Ескертпелер:
Ұзақтығы кемінде бір сағат болатын біржолғы консультацияға бір сағат ретінде ақы төленеді.
Сағат бойынша еңбекақы төлеуде ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша ақы ескеріледі.
Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) жоғары білімі бар қызметкерлері негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс ЖОО ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі оқу жылына 225 сағаттан аспайтын, сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогтік қызметпен айналыса алады.
"Халық" деген құрметті атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі профессорлар, ғылым докторлары үшін көзделген мөлшерде, ал "Еңбек сіңірген" құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшін көзделген мөлшерде белгіленеді.
Конкурстар мен байқаулардың қазылар алқасының мүшелеріне, сондай-ақ конкурстық жұмыс рецензенттеріне еңбекақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетін адамдарға көзделген сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
* Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерінің тиісті мөлшерін ескере отырып анықталады.
** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі лауазымдық айлықақыдан пайызбен белгіленеді.
*** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:
жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына/педагогтеріне еңбекақы төлеу үшін;
тілдерді үйрету жөніндегі курстар оқытушыларына/педагогтеріне еңбекақы төлеу үшін;
университеттердің, педагогикалық, инженерлік-педагогикалық институттардың (факультеттердің) студенттері педагогикалық практика өтетін оқу-тәрбие мекемелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
**** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне, сондай-ақ өндірістерден тартылатын мамандарына еңбекақы төлеу үшін;
студенттерге өздері оқытқан пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдаған немесе дипломдық жоба жетекшісі бола отырып, дипломдық жобаны қорғауды қабылдаған жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшін ректорлар мен проректорларға еңбекақы төлеу үшін;
сағат бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өнер және мәдениет ЖОО-да арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргізген кезде;
мейіргерлерді дайындау үшін азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлеріне, қоғамдық кәсіптер факультеттеріне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбекақы төлеу үшін;
оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезінде;
шет тілдерін қарқынды үйрету жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргізу кезінде;
басқа ЖОО-дан тартылатын оқытушыларға студенттердің далалық және педагогтік практикасына жетекшілік жасағаны үшін қолданылуы мүмкін.
***** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемелері, сондай-ақ:
мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшін тартатын ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін;
диссертациялық зерттеулердің консультанттары ретінде тартылатын басқа ұйымдардың жетекші ғалымдары мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін (бір докторантқа жылына 50 сағат);
басшы қызметкерлердің және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін ақы төлеу үшін;
халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
20-қосымша

Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет