Қазақстан ғылымының Қазіргі жағдайы мен мәселелері «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр»



Дата05.03.2023
өлшемі23,21 Kb.
#171113
Байланысты:
Эссе рубежка-наукометрия
Introduction to the specialty, СРО темиртау ЗС НР, Баланы кітап о У а баулуды жолдары

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ


«Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» 
Әбу Насыр әл-Фараби

Қазіргі жаһандық кезеңде әр мемлекеттің жарқын болашағы мен елдік дамуы оның ғылым мен білім беру саласының жоғары көрсеткіштері екені анық.


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы 01 маусымда Ұлттық ғылым академиясының сессиясындағы сөзінде: «Ғылым мен технологияны, инновацияны дамыту – еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын негізгі саланың бірі. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптарға және ұлттық мүддемізге сәйкес айқындаймыз»,- деген болатын.
Сондай-ақ, осы сессия барысында Мемлекет басшысы: «Елдегі ғылым саласын күшейту үшін тиісті министрлікті екі басқармаға бөліп, оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады деп есептеймін», - деп айтқан. Бұл еліміздің ғылым саласындағы мәселелерді сатылап шешуге, ғылымды дамытуды үлкен мән беріп, жоғары нәтижелер күтудің айқын жолы.
Мемлекет тарапынан білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін кеңейту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру мақсатында ҚР Үкіметі 2019 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» қабылдады. Бағдарламаның іске асырылуының негізгі мақсаты:
1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.
Ал бағдарлама негізінде ҚР ғылымы дамуында басшылыққа алынатын келесі міндеттер қойылған: Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту; Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру; Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында»: Ағымдағы жағдайды талдау; Халықаралық тәжірибеге шолу; Ғылым саласын дамыту пайымы; Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін іске асыруға бағытталған.
Қазіргі таңда осы мелекеттік бағдарламалар аясында жұмыстар жүргізіліп, міндеттер іске асырылу үстінде.
Еліміздегі ғылым саласын дамытуға арналған жұмыстардың нәтижесінде, біршама ілгері жылжып, нәтижелерге қол жеткізілді. Отандық ғылымның қазіргі жағдайына тоқталатын болсақ:

  • Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту іске асуда (педагогикалық мамандыққа грант санын ұлғайту, түсу баллын жоғарылату, стипендиясын көтеру, ЖОО-ны түлектерін кәсіби тесттен өткізу);

  • Жыл сайын магистранттар мен PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаюда, яғни мемлекеттік гранттар саны; докторантурағы жылына 2 рет оқуға түсуге мүмкіндік берілуі;

  • Жастарды ғылымға тарту, ғылыми жұмыстармен айналысып, нәтижелер шығаруға негізінде постдокторантураның ашылуы;

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында магистратура мен докторантура бойынша түсушілер санын арттырып, техникалық мамандықтарға үлкен мән берілу;

  • Университеттерге академиялық еркіндік беріліп, алдыңғы қатарлы оқу орындарын ғылыми зерттеу институттарына айналдыру іске асуда;

  • Оқу орындарында педагогикалық жүктемені азайтып, ПОҚ-ң (профессор-оқытушылар құрамы) ғылымға көңіл бөлуге мүмкіндік беру мәселесі іске асуда;

  • ЖОО білім мазмұнын жаңғырту мақсатында жаңа оқу бағларламалары енгізілуде;

  • ПОҚ мен ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің өсуі, яғни ҚР ҒжЖБМ бекіткен журналдарында, WoS, Scopus, РИНЦ және басқа да журналдардағы ғылими жариялымдылық. Сонымен қатар жариялымдылық нәтижесін қаржыландыру, сыйақы беру жүзеге асырылады;

  • ЖОО-да академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру бағдарламаларының болуы, кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі іске асады;

  • Ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту негізінде– ғылымды интернационалдандыру.

  • Жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурстар өткізу, арнайы ғылыми гранттар бөлу; қазақстандық жобаларды іске асыру барысында шетелдік ғалымдарды тартып, олардың тәжірибесін игеру арқылы отандық ғылым дәрежесінің көтеру;

  • Ғылым, білім және өндірістің өзара байланысын ұштастыру мақсатынды, дуалді оқытуды, теорияны практикамен байланыстыру, педагогикалық тәжірибенің сағаттарын арттыру жұмыстары жүргізілуде;

  • Педагогикалық мамандыққа түсушілерге және түлектерге деген талаптардың жоғарылау. Білім, білік, дағдысы қалыптасқан, кәсіби құзыретті педагогикалық маман иесі, қызымет ету барысынды орта, кәсіби, жоғары білім беру мекемелерінде сапалы білім беруге мүмкіндік алады, одан көзі ашық-көкірегі ояу білімді жастар сусындап шығатын анық;

  • Ғылым - цифрландыру жүйесінде іске асуда. Бұл дегеніміз - ғалымдар үшін есеп беруді қысқарту, жобаларға қатысу, оны қаржыландыруға өтінім беруі мен есеп беруі, ғылымға бөлінетін мемлекеттік қаражатты бөлу, пайдалану және тиімділік үдерісінің толық ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  • Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын негізінді білім алуды вертикалды және горизонталды түрде дамыту. Яғни вертикалды интеграция - еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатындағы кәсіптік білім берудің сатылары мен деңгейлері бойынша: білікті жұмысшы – орта буын маманы – бакалавр – магистр және PhD докторы, постдокторантура схемасы бойынша тұлғаның саналы түрде білімін дамытуы және интелектуалды дамуы; Ересектерді оқыту немесе горизонтады үйлестіре оқыту - тұлғаның кәсіптік қызметтің кез келген сатысында және кез келген білім деңгейі негізінде біліктілігін арттыру мүмкіндігі;

Қазақстан ғылымының дамуындағы жағымды жақтарымен қоса туындайтын мәселелері де бар. Оларға тоқталып кететін болсам:

  • ҚР білім беру мен оқыту қанағаттандырмағандықтан таланттылардың елден кетуі (утечка мозгов). Бұл жерде білім алушы жастар да, білікті маман иелерініңде шетелге кетуін айтуға болады, сонымен қатар мамандардың басқа салаға ауысып кетуі;

  • Білім берудің жаһандануы салдарынан бәсекелестіктің өсуі. Мемлекет ішінде және шетелдерде бәсекелестіктің арту деңгейіне сәйкес, ғалымдардың осы бәсекелестікке төтеп бере алу деңгейі;

  • NEET санаттағы жастарының үлесі. Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі "Not in Empoloyment. Education or Training" ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ "не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді.

  • Ақпараттық техниканың күн сайынғы даму деңгейінің артуына орай, халықтың цифрлық сауаттылығы мен ақпараттық құзыреттілігін дамыту маңыздылығы;

  • Интернет желісінің қолжетімділігіне орай халықтың медиабілімі мен медиасауаттылығы, шынайы ақпарат пен теріс ақпаратты ажырата білудегі құзыреттілігін дамытудың өзектілігі;

  • Отандық ғылымның дамуына кері әсерін тигізетін жемқорлық факторы.
Атаған мәселелерді шешу жолында мемлекет тарапынан жұмыстар атқарылуда. Әсіресе жас ғалымдарды қолдауға үлкен мән берілуде. Мысалы докторанттарға шет елдік кеңесшіні тағайындау, шетелде тағылымдамадан өту арқылы шетелдік тәжирибені жинақтау, әлемдік кітапханалардан ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша мол ақпарат жинау мақсатталған.
Сондай-ақ, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұйымдастыруымен: «2020-2022, 2021-2023, 2022-2024, 2023-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс», «2022-2024, 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы», «2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс», т.б., жобалар ұсынылған.
«Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазіргі қоғам – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең.
Қорытындылай келе, елінің ертеңін, өзінің жарқын болашағын ойлаған ізденімпаз, оқимын, оқығанды тоқимын, ғылым жолына түсемін деген жастарға тамыры терең ғылым жолының есігі айқара ашық, мүмкіндіктер жетерлік. Тек ниет, табандылық, оқу, алға мақсат қою қажат.





Ырымбаева Н.А.
«Педагогика және психология» ББ бағдарламасы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет