Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет20/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«Басқа сыныпта оқитын екі бала менің досымның 
намысына тиді; ол бұған төзіп тұра алмай, 
біреуін ұрып жіберді. Келесі күні ол екеуі оның өзін 
ұрды. Бұл өткен жылы болған еді» [301].
«Біздің сыныпта ұлдар жиі төбелеседі. Олар 
әлденеге ашуланып, төбелесе бастайды неме-
се одан бір нәрсе сұрасаң не ұл баланың көңіл-
күйі болмаса да, ол төбелесе кетуі мүмкін. 
Олар басқаларды үнемі мазақтайды, итереді, 
кітаппен қойып қалуы да мүмкін. Бұл күн сайын 
орын алады десе де болады» [149].
«Биыл қыркүйектің орта шеніне қарай мен бір 
ұлмен төбелесіп қалдым. Ол параллель сыныпта 
оқиды. Ол мені балағаттап, мазақтады, анам 


46
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
туралы жаман сөздер айтты. Ол маған: «Әй, сен 
бері кел» деді. Мен оған қарамай, өз бетіммен 
кете бергем, ол балағаттай бастады. Кейде 
біз осылай төбелесіп қаламыз, ал кейде жай ой-
нап та төбелесуіміз мүмкін, бірақ соңы шын 
төбелеске де айналып кететін кездер болады. Иә, 
біз кәдімгідей төбелестік, бір-бірімізді ұрдық, 
мен де ұрдым; бірақ біз қатты төбелеспейміз. 
Мен ешкімге ешнәрсе айтпаймын» [261].
«Биыл менің досыма балалар тиіскен бір-екі оқиға 
болды. Оны қатты соққыға жықты. Жақында 
басқа сыныптың төрт оқушысы маған тиісті. 
Мұндай кейде болып тұрады» [233].
Балалар физикалық зорлық-зомбылықтың сыныпта 
жиі болып тұратынын, бұл сыныпта ғана емес, үзіліс 
кезінде дәлізде, балалар бір кабинеттен екінші ка-
бинетке ауысқан кезде де орын алатынын айтқан. 
Келесі үзінділер мектепте балалар арасындағы 
психологиялық және физикалық зорлық-
зомбылықтың өзара байланысты екенін көрсетеді. 
«Үзіліс кезінде біз басқа кабинетке бара 
жатқанбыз. Бір ұлды жоғары сынып оқушысы 
ұрып жіберді. Бұдан кейін әлгі жоғары сынып 
оқушысы оның намысына тиетін сөздер айта 
бастады, ал біздің сыныптасымыз оған жауап 
қайтарып, қарсы ұрып жіберді. Ол жоғары сы-
нып оқушысы бұдан бұрын да үзілістерде оның на-
мысына тиетін сөздер айтатын, кейде сабақтан 
соң да солай істейтін, бұл жолы олар төбелесе ба-
стады. Олар бір-бірін жұдырықпен ұрып, қатты 
төбелесті. Олар екеуі ең тентек балалардың 
қатарынан еді. Бұл өткен жылы болды» [274].
«Біздің сыныпта үнемі басқаларды мазақтап, на-
мысына тиетін бір ұл бар. Ол мені де мазақтаған. 
Бүгін ол мені тағы да мазақтады; ол осылай 
жиі істейді. Бүгін дене тәрбиесі сабағынан 
кейін осы жағдай орын алды. Сол ұл мені де, 
басқа балаларды да тебеді, ұрады. Қыздарды да 
ұрады. Маған тиісетін де сол – жалғыз ұл. Ол 
мұғалімдерді тыңдамайды, басқа балаларға ылғи 
қол жұмсайды» [216].
Сынып пен дәлізден тыс, балалар, атап айтқанда, 
дене тәрбиесі сабағы кезінде немесе мектеп-
те өткізілетін спорттық шаралар кезінде, дене 
тәрбиесі сабағының алдында не соңынан киім ау-
ыстыратын жерде зорлық-зомбылықтың куәгері 
болатынын айтады. 
«Шамамен екі апта бұрын дене тәрбиесі 
сабағында киім ауыстыратын жерде екі ұл 
бала төбелесіп қалды. Олар екеуі де менің сыны-
бымда оқиды. Біреуі екіншісін қатты соққыға 
жығып, мұрнын бұзды. Кезекші оқушылар және 
сыныптағы бір қыз араға түсті. Мұғалімдер бұл 
төбелес туралы мұрны бұзылған баланың анасы 
полицияға шағым түсірген кезде ғана білді. Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет