Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау


-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылықты



Pdf көрінісі
бет93/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

5.3-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылықты 
анықтау
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Мектепте мектептегі зорлық-
зомбылықтың жұмыс 
бабындағы анықтамасы 
бар, ол балалар бетпе-бет 
кездесетін және шешетін 
балаларға қатысты күш 
қолдану нысандарына ықпал 
етеді. 
11
27,5%
Басқа мектеп директорлары олардың пікірінше 
мектептегі зорлық-зомбылықтың үлгілері бо-
лып табылатын қылықтардың кең шеңберін 
анықтап, анықтама берген; алайда оларда мек-
теп зорлық-зомбылығы туралы және осындай 
зорлық-зомбылық ретінде қандай әрекет түрлері 
қарастырылуы жөнінде нақты не келісілген 
түсінік болмаған. Мысалы, бір директор зорлық-
зомбылықтың үш түрі бар екенін түсіндірген: 
«оқушылар арасындағы (қорлау), оқушы мен 
мұғалім арасындағы және ата-аналар мен балалар 
арасындағы. Біздің мектепте зорлық-зомбылық бар; 
балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың белгілі бір 
пайызы бар шығар, бірақ ол шамамен 1-3%-дай ғана»
[25]. Салыстыратын болсақ, тағы бір мектеп ди-
ректоры зорлық-зомбылықтың екі түрі бар екенін 
сендірген 
«моральды және физикалық; физикалық 


126
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық денсаулыққа залал келтірумен бай-
ланысты, ал моральдық зорлық-зомбылық кемсіту 
мен қорлаумен тығыз байланысты»
[1]. 
Мектеп директорларының көпшілігі бала-
лар арасында болатын әрекеттер арқылы 
мектептегі зорлық-зомбылыққа анықтама беруге 
тырысқанымен, оалар көрсеткен әрекеттер ара-
сында айтарлықтай алшақтық байқалған, мұны 
төменде келтірілген цитаталардан көруге болады. 
«Мектептегі зорлық-зомбылық – бұл 
жоғарғы сынып оқушыларының төменгі сынып 
оқушыларынан ақша бопсалауы, оларға қоқан-
лоққы көрсетіп, нашар қылықтарға күштеуі. 
Мектептегі зорлық-зомбылық сондай-ақ 
оқушылар тарапынан жәбірлеуді қамтиды» [19].
«Зорлық-зомбылық актісі кішкентай оқушыларға 
қатысты зорлық-зомбылықты бейнелейді, ол 
біреуді қандай да бір әрекетке күштеуді, қыз ба-
лалар арасындағы дауды және ақша бопсалау не 
қоқан-лоққыны біріктіреді» [26].
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық – бұл 
оқушылар бір-біріне қоқан-лоққы көрсетіп, 
бір-біріне дене күшін қолдануы. Бұл сондай-ақ 
балалардың біреуді ауыр нәрселер айтып зәбірлеуі 
немесе тіл тигізіп зәбірлеу» [29].
«Зорлық-зомбылық – бұл балалар бір-бірімен 
қайшылыққа түсіп, төбелесуі және бір-біріне 
зәбірлеуі» [12].
Кейбір мектеп директорлары зорлық-зомбылыққа 
анықтама берген кезде өз мектептерінде зорлық-
зомбылықтың жоқтығын сендіріп баққан. 
«Біздің мектепте балаларға қатысты зорлық-
зомбылық жағдайлары болған емес, бірақ, менің 
пікірімше, балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
– бұл біреуге тіл тигізу, біреуге қоқан-лоққы 
көрсету немесе денесіне зақым келтіру арқылы, 
пышақ не таяқ секілді қарудың қандай да бір 
түрін пайдаланып күш көрсетіп ақша немесе 
киім тәрізді заттарын тартып алу» [31]. 
Мектеп директорларының көпшілігі мектептегі 
зорлық-зомбылыққа балалар арасында болатын 
зорлық-зомбылық ретінде анықтама бергенімен
кейбір директорлар бұл анықтамаға мұғалімдер 
тарапынан болатын зорлық-зомбылық актілерін 
де қосқан. Екі мектеп директоры түсіндіргендей:
«Мұғалімдер баланың арына тіл тигізгенде, қол 
жұмсап, балалардың арасынан өз сүйіктілерін 
ерекшелегенде және балаларға қатысты 
кемсітушілікті жүзеге асырғанда. Бұл сондай-ақ 
мектептері біреуді қорлау немесе ақша бопсалап, 
соққыға жығу» [21].
«Бұл оқушылар сабаққа кешігіп, мұғалімнің 
айтқанын тыңдамаған кезде оқушылар мен 
мұғалімдер арасында туындайды. Бұл үнемі 
әлеуметтік қиындық салдарынан бола бермейді. 
Балалар да бір-бірен қоқан-лоққы көрсетеді. 
Зорлық-зомбылық – бұл балалардың бір-біріне 
күш көрсетіп немесе сөзбен белгілі бір әрекетке 
мәжбүрлеуі. Қазіргі уақытта балаларды күшпен 
не сөзбен мәжбүрлеуге жол берілмейді» [18].
5.3-кестеде көрсетілген сандық мәліметтер 
дәйексөздерде ұсынылған сапа көрсеткіштерімен 
үйлесімде мектеп директорларының мектептегі 
зорлық-зомбылық туралы нақты түсінігінің 
жоқтығын және жеткіліксіз түсіну мектеп зорлық-
зомбылығы жағдайларын анықтау мен тиімді елеу 
немесе балалар арасында не мектеп мұғалімдері 
мен мамандандырылған қызметкерлер құрамы 
тарапына зорлық-зомбылық туындауының алдын 
алу қабілетсіздігінің себепшісі болатындығын 
дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет