Қазақстан монғол және кейінгі қола дәуірінде ХІІІ ғ. басы



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі29,8 Kb.
#118745
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ДƏУІРІНДЕ
ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ДƏУІРІНДЕ, 2 ter ru
Моғолстан хандығы. ХІV ғ. ортасы — ХVІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы — дулат тайпасының көсемі Əмір Болатшы. Алғашқы ханы — Тоғылық Темір (1348—1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері əулетінің негізін салды. Астанасы — Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Аумағы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы — Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік жəне парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік жəне түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едəуір бөлігі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлігі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.
Билеушінің дəрежесі — хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы жəне жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы əмірлерінен ханның көмекшілері — ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі жəне сыртқы істері, əскери жорық жəне жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің ихта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж жəне қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық əскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. əртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мəуеран-нахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол əкесінің орнына 1362—1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат əмірі Қамар ад-Дин — Жетісуды, Енке төре — Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Əмір Темір ХІV ғасырдың 70—80-жылдары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр Қожа хан (1385—1399 жж.) өзін Темірдің вассалы деп мойындайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан тұсында (1408—1418) елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Темір тұқымынан тəуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады.
ХV ғ. 1- жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі. Уайс хан (1418—1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті, олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Тұрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мəжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан (1433—1462) ХV ғ. 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. ХV ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жəнібек пен Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты:
— қазақтарды ойраттарға жəне Темір əулетіне қарсы əскери күш ретінде пайдалану;
— қарсыласы Əбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462—1487) мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487— 1508) Жетісуда жəне Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 ж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сөйтіп, ХVІ ғ. басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі жəне олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына жəне қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына аумақтық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет