Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет11/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

4. Дін мен ар-ұждан бостандығы
Сенім мен иман адам баласының басты байлығы. Адам дінге сенсе де, сенбесе де өз еркінде.
Бұл тұрғыда ешбір шек қойылмаған. Біз бұл жолдарда дін жəне ар-ұждан бостандығы деп,
Құдайға құлшылық ету, діни жоралғыларды орындау бостандығын сөз етіп отырмыз.
Ислам тарихына көз жүгіртсек, мүминдердің ар-ұждан бостандығы жолында арпалысқан
күрестің өте көп екенін көреміз. Алысқа бармай-ақ қояйық, күні кеше Кеңестің құдайсыз
саясаты күшіне мініп тұрғанда, ата-əжелеріміздің тығылып намаз оқығанын бəріміз білеміз.
Дінді апиын деп түсіндіріп, момын елдің құлшылық қылу құқығын шектеген коммунистік
идеология Аллаһтың хақ жолын ұстанған алаш арыстарын ескіліктің қалдығы, халықтың жауы
деп абақтыға тоғытты.
Исламның алғашқы кезіндегі мұсылмандарға жасалған зорлық-зомбылықтың адам төзгісіз
болғаны соншалық, олар ел-жұртын тастап, əуелі екі мəрте құрлық асып Эфиопияға көшсе, одан
кейін Мəдина қаласына қоныс аударды. Исламға қарсы осындай нəрселер туралы айтылған
аяттардың бірінде мұсылмандарға қысым көрсетушілердің: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет