Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет134/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

2. Дүниелік емес кісі ақылары
Денеге байланысты кісі ақысы. Адам өлтіру немесе бір денесіне жарақат салып, ауыртып
қою осыған жатады. Алдымен Аллаһқа тəубе етіліп, содан кейін жəбірленушіге немесе
мұрагерлерінің шешіміне қарай ақы төленеді. Жəбірленуші немесе мұрагерлері қылмыскерді
қоя берсе де, ақша талап етіп барып кешірсе де, сотқа шағымданып жазалануын талап етсе де өзі
біледі. Бірақ, бұл жерде жанға-жан, қанға-қан деген үрдіске рұқсат етілмейді.
Ар-намысына нұқсан келтіру. Яғни ғайбаттау, жала жабу, мазақ ету, балағаттау, тіл тигізу,


қорлау əрекеттері. Мұндай кезде Аллаһқа тəубе етіп, əлгі адамнан барып кешірім сұрау керек.
Туыстарға жəне некеге байланысты ақылар. Өзгелердің əйелдері, бала-шағалары мен басқа
да туыстарына жасалған қиянаттар. Бұл жағдайда Аллаһтан кешірім сұрап тəубе ету керек.
Діни тұрғыдан кісі ақылары. Адамдардың діни білім алуына немесе ғибадат етуіне кедергі
келтіру. Мұсылмандарға кəпір немесе пасық деу. Бұл кезде Аллаһқа тəубе етіп, сол адамдардан
барып кешірім сұраған жан. Хадистерде осы діни ақылар туралы мыналар айтылған. Егер біреу
басқаға кəпір, пасық, өтірікші деген сияқты жүйкесі сыр беретін сөздер айтса, егер бұл сипаттар
аталған адамда бар болса, айтылған сөз барып иесін табады, ал егер бұл қасиеттер жоқ болса,
онда, əлгі сөз айтқан адамның өзіне қайтады. Айтылған сөз ауаға сіңіп жоғалмайды. Кісі əр
сөзінен жауап беретінін ұмытпауы керек.
Бірнеше жыл бойы арам мен адалды ажыратып жатпай, кісінің көз жасына қалып мал тауып
келген адамдар бір-ақ күннің ішінде бүгіннен бастап тəубе еттім деп, құрғақ тəубемен өздерінің
ұждандарын да, мойындарындағы ақыны да тазарта алмайды. Айтпағымыз, күнəдан кейін
тəубенің болатыны сияқты, кісі ақысын жегеннен кейін де баяғыда алынған болса да,
мойынындағы жүктен құтылған дұрыс. Ал, баяғыда ақысын жеген адамның разылығын қалай
алады?
Зат иесінен барып кешірімін алу ақыны жеген адам тарапынан қайтарылып немесе зат
иесінің дүниеде де, ақыретте де ештеңе талап етпей кешіруі Аллаһтың кешіріміне себеп
болатыны белгілі. Өйткені, жақсылық жамандықты жояды («Һуд» сүресі, 115-аят). Зат иесінен
жақсылап кешірім сұраған адам мойнындағы ақыдан құтылды деген сөз. Əйтпесе, кешірім сұрау
нəтижесінде Аллаһ кешіруге мəжбүр болады деген ой қате. Осы кешірім сұрау нəтижесінде
мейірімі шексіз Аллаһ тағала қаласа, өзара кешірім алысқан кісі ақыларын кешірер деген үміт
бар. Ал кешірім сұраспаған кісі ақылары турасында Ұлы Аллаһ ақы жеген адам мен ақы иесінің
арасында сауап-күнə алмасуы жасайтынын (ақысын жегені үшін сауабын алып ақы иесіне беріп,
сауабы жетпесе ақы иесінің күнəларын мұның мойнына ілуі) хадистерде білдірген. Бұл тұтастай
Аллаһтың еркінде. Күнə жасап тəубе еткеннен, ақысын иесіне қайырып беріп кешірім
сұрағаннан бұрын сол күнəға бармаған дұрыс. Кісі ақысын жегенде жақсылап тəубе етіп,
ақысын иесіне қайырып кешірім сұрау мұсылмандардың өзара татулықтарының іргесі
сөгілмеуіне сеп болады. Ашу мен кектің сақталуы жеке адам мен қоғамның тыныштығына
нұқсан келтірмей қоймайды. Мұсылмандар арасындағы татулыққа сызат түсіреді. Шама
келгенше кешірімді болған дұрыс. Өйткені, кешірімді Аллаһ тағала да кешіргендерді жақсы
көреді. Бір жағынан адамның кісідегі ақысын кешірер-кешірмесі де өзінің құқы.
Жаназа намазы оқылғанда имамның немесе сол жердегі үлкендердің бірінің жұрттан
қайтыс болып жатқан адамда кеткен ақылары болса, кешірілуін сұрау ол адамның ұсақ-түйек
əділетсіздіктеріне ғана қатысты. Бұл қайтыс болған адамның мойнынан жеген барлық ақылары
түсіп қалды деген сөз емес.
Кісі ақысына кешірім сұрау туралы мына тоқтамға келе аламыз. Адамдардың біреулерден
жаны шығардай болып кешірім сұрадың ширкке мүлде қатысы жоқ. Бұл бар болғаны иман мен
ақиқаттың талабы. Бірақ, ақы иесінің ақысын қайтармастан құрғақ кешірім сұрай салу дұрыс
емес. Аллаһқа тəубе ету керек. Жəне де аталмыш кісі кешірмесе, Аллаһ та кешірмейді деп
қайғыға салынып, жаға жырту да орынсыз іс. Себебі, ақыреттегі жай-күйіміз бір Аллаһқа ғана
аян.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет