Қазақстан Ресей медициналық Казахстанско Российский медицинский


Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі



бет6/9
Дата29.04.2022
өлшемі43,21 Kb.
#141388
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аг при беременности
Алимжанова, 1, 8 семинар, avidreaders.ru sataninskaya-bibliya
Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі
Алғашқы медико—санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде:
— АҚөлшеу;
— жалпы несеп талдауы (нәруыз);
— жалпы қан анализы (гемоглобин, тромбоциттер).
Стационар деңгейінде:
— АҚөлшеу;
— ЭКГ;
жалпы несеп талдауы, тәуліктік несептегі протеинурия;
— жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
— биохимиялыққан талдауы (жалпы нәруыз, креатинин, АлАТ, АсАТ,
мочевина, билирубин);
— коагулограмма;
— нәрестеніңКТГ-сы;
— УДЗ;
— допплерометрия.
Емі:
АМСК:
«Преэклампсияныңжеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған соң науқас әйелді диагнозды нақтылау үшін жоғары деңгейлі мекемеге жолдау керек.
Жеңіл преэклампсия емді қажет етпейді, тек мұқият бақылау қажет.
Келесі шарттар орындалса, амбулаторлық бақылауға болады:
— науқас өз жағдайын адекватты бағаласа, дәрігердің нұсқаулықтарын
орындаса;
— кез-келген уақытта медициналық көмек алуға мүмкіндігі болса.
Ауыр преэклампсия белгілері болса магний сульфаты мен гипотензиялық емді бастау қажет.
Міндетті түрде сол жерде науқастың жағдайын тұрақтандырған соң, III-деңгейлік мекемеге жеткізу қажет, мұндай мүмкіндік болмаса жедел көмек көлігімен жақын аймақтағы II-деңгейлік босандыру мекемесіне жеткізеді.
Стационар (1-кесте):
Қабылдау бөлімінде ауыр преэклампсиямен түскен жүкті әйелді дәрігер қарайды.
Босану қызметі немесе қағанақ суының босануға дейін кетуі анықталса, жүкті әйелді босану бөліміне жатқызу керек. Акушер-гинеколог анестезиолог-реаниматологпен бірлесе науқастың жағдайына қарай сәйкес бөлімге (жүктілік патология бөлімшесі, қарқында терапия жүргізу палатасы(ҚТЖП)) жатқызуын шешеді. Науқасты кез-келген бөлімге алып бару тек қана сырғымалы төсекпен іске асырылады.
Босану қызметі жоқ ауыр преэклампсия белгілерімен 34-аптаға дейінгі жүкті әйел магнезийлік және гипотензиялық емді бастаған соң III- деңгейлік мекемеге ауыстырылады.
Ауыр преэклампсияның жалғыз нәтижелі емі – тек босандыру болып табылады.
Мерзіміне дейін босандырып алуға көрсеткіштер (гестация мерзіміне байланыссыз):
— ауыр преэклампсия;
нәресте жағдайының нашарлауы;
— преэклампсия симптомдарыныңөршуі.
37 апта және одан жоғары жүктілік мерзімінде ауырлық дәрежесіне қарамастан босандыру көрсетілген.
Оперативтік босандыруға қарағанда табиғи босану жолдарымен босану тиімдірек.
Жетілмеген жатыр мойны (Бишоп бойынша бағалағанда 6 баллдан төмен) болғанда босануды индукциялау үшін ПГ Е2 немесе Е1 қолдануға (қынап арқылы) болады.
Жетілген босану жолдарында (Бишоп бойынша бағалағанда 6 баллдан жоғары) амниотомия, окситоцин қолдануға болады.
Босану кезінде жансыздандыру әдісі – перидуралды анестезия.
Ауыр преэклампсия кезінде кесар тілігіне көрсеткіштер:
— дайын емес босану жолдарында босануды қоздырудың әсерінің болмауы;
— қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы.
Науқас әйел мен нәрестенің жағдайын (ұзақ және тұрақты кардиотахография (КТГ)) мұқият қадағалау керек.
Күтім қауіпсіз жағдайда жүргізілуі тиіс, яғни әйелді жалғыз қалдыруға болмайды.
Оперативті босандыру кезінде жансыздандырудың таңдамалы түрі өткізгіштік анестезия: спиналдық немесе перидуралдық.
Жалпы анестезияныңқауіптілігі/қиындығы:
— көмей ісінуінен интубация кезінде қиындықтар;
— интубация және экстубация кезінде (систоликалық АҚ) САҚ кенеттен жоғарылауынан ми ішілік қан құйылудыңқаупі жоғары;
— өкпе тамырларындағы қысымның жоғарылауынан өкпе ісінуінің қаупі
жоғары.
Ауыр преэклампсияда диагноз қойылғаннан кейін 24-48 сағат ішінде босандыру қажет.
Тек ерекше жағдайларда, жүкті әйелдің жағдайы тұрақталған соң, нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық болса, гестацияның 32 аптасына дейінгі мерзімде ЖММК мекемесінде жүктілікті созуға болады.
Симптоматикалық ем:
Қазіргі уақытта тек екі түрлі симптоматикалық емді тағайындауға негіз бар: тырысуға қарсы және гипотензивті ем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет