Қазақстан Ресей медициналық Казахстанско Российский медицинский



бет7/9
Дата29.04.2022
өлшемі43,21 Kb.
#141388
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аг при беременности
Алимжанова, 1, 8 семинар, avidreaders.ru sataninskaya-bibliya
Тырысуға қарсы ем:
Магнезийлік ем преэклампсия/эклампсияны реттеуде неғұрлым зерттелген, нәтижелі, қауіпсіз таңдау әдісі болып табылады.
Бастапқы мөлшері — 5 г магний сульфатының құрғақ затын (20 мл, 25% ерітінді) көктамыр арқылы баяу 10-15 минут ішінде енгізу.
Қолдаушы мөлшері:
— инфузомат арқылы магний сульфатының 1-2 г, 12-24 сағат ішінде көктамырға үздіксіз енгізу керек;
— инфузомат болмаса –320 мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл 25% магний
сульфатын 11 там/мин – 1 г құрғақ зат есебімен, 22 там/мин – 2 г құрғақ
зат есебімен енгізу қажет.
Магний сульфатын көктамырға үздіксіз енгізу ұзақтығы 12-24 сағатқа созылады (1-2 г сағатына) немесе (көктамырға енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өте сирек жағдайда) 10 г құрғақ затты 5 г-нан әр жамбас бұлшықетіне 1мл 2% новокаин немесе 1 мл 1% лидокаинмен бірге енгізу керек.
Магний сульфатының мөлшерінің артып кетуін көрсететін белгілер:
— ТАЖ минутына 16 реттен аз;
— сіңір рефлекстерінің жоғалуы немесе төмендеуі;
— олигоурия (30 мл/сағ аз) магний сульфатының мөлшерінің артып кетуінің қаупін жоғарылатады. Олигурия кезінде мұқият бақылау қажет.
Магний сульфатының мөлшері артып кетсе – оның енгізілуін доғарып, 10 мл 10% кальций глюконаты ерітіндісін 10 мин ішінде көктамырға енгізу қажет.
Гипотензиялық ем:
Артериялыққысымды реттеу АҚ 160/100 мм с.б.б. жоғарылағанда бастау керек, систолалық қысымды 130-140 мм с.б.б. деңгейінде, диастолалық қысымды 90-95 мм с.б.б. деңгейінде ұстап тұру қажет (жатыр-плацентарлық қан айналымның нашарлауына байланысты).
Гипотензиялық препараттарды таңдау — жеке. Тез әсер ететін гипотензиялық препараттар: нифедипин (Са каналдарының блокаторлары тобынан) –бастапқы мөлшері 10 мг (тіл астына), қайталау 30 мин кейін (максималдық тәуліктік мөлшері 120 мг) немесе натрий нитропруссиді (миотропты әсерлі вазодилататор) –бастапқы мөлшері 0,25 мкг/кг/мин. көктамырға тамшылатып бастап, қажет болса мөлшерді әр 5 мин сайын 0,5 мкг/кг ұлғайтып мөлшерді 5 мкг/кг жеткенше енгізуге болады (нәрестеге токсикалық әсеріне байланысты 4 сағаттан артық қолдану қауіпті).
Баяу әсер ететін гипотензиялық препараттар: допегит (орталықтан әсер ететін антигипертензиялық препарат) – бастапқы мөлшері 250 мг/тәу., әр 2 күн сайын мөлшерді 250 мг/тәу. жоғарылатады.
Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
Бақылау мен емдеу ҚТЖП жағдайында акушер-гинеколог және анестезиолог-реаниматологпен бірлесе жалғасады.
Магнезийлік ем босанғаннан кейін немесе эклампсия талмасынан соң оң динамика болғанда 1 тәуліктен кем емес жалғасуы тиіс.
Гипотензивті емді жағдайын тұрақтандырған соң, дәрі-дәрмектік заттарды жеке таңдай отырып, мөлшерін азайта отырып доғару керек.
Эклампсия кезінде тырысу басталған соң босану 12 сағаттан кешікпеуі қажет.
Тырысу кезіндегі көмек
Жабдықтарды дайындаңыз (ауа өткізгіш, сорғыш, маска және қапшық, оттегі) және оттегіні минутына 4-6 л беріңіз.
Әйелді зақымданудан қорғаңыз, бірақ оны белсенді қайтарып ұстамаңыз. Асқазан ішіндегілердің, құсықтың және қанның аспирациясының қаупін төмендету үшін әйелді сол қырына жатқызыңыз.
Тырысудан кейін қажет болса ауыз қуысын және көмейді сорғыштың көмегімен тазалаңыз.
Тырысудан кейін магнезийлік ем дереу бастаңыз.
Бастапқы мөлшері — 5 г магний сульфатының құрғақ затын (20 мл, 25% ер-ді) көктамыр арқылы баяу 10-15 минут ішінде енгізу.
Қолдаушы мөлшері – 320 мл физ. ер-ге 80 мл 25% магний сульфаты ерітіңдісін көктамырға енгізу жылдамдық есебі:
— 11 там/мин – 1 г құрғақ зат/сағ;
— 22 там/мин – 2 г құрғақ зат/сағ.
Магний сульфатының көктамырға үздіксіз енгізу ұзақтығы 12-24 сағатқа созылады (1-2 г сағ).
Тыныштандыратын препараттарды (диазепам) тағайындаудың қарсы көрсеткіші – неонатальді тыныс тарылуына байланысты қолдануға болмайды.
Егер тырысулар 15 минуттан кейін қайталанса 20 минут ішінде көктамырға 2 г магний ерітідісін (10 мл — 25%) енгізіңіз. Егер тырысулар жалғаса берсе, диазепам енгізіңіз.
Бастапқы мөлшері – көктамыр арқылы 2 мин ішінде 10 мг диазепам, қайталанса тағы 10 мг диазепам енгізіңіз.
Диазепамныңқолдаушы мөлшері – әйел тыныштануы үшін, бірақ оны оята алатындай 6-8 сағат ішінде 40 мг диазепамды 500 мл физиологиялық ерітіндімен енгізіңіз.
ТАЖ (тыныс алу жиілігі) минутына 16 реттен кем болса, диазепамның қолдаушы дозасын доғарыңыз.
Ректальді енгізуге болады – 20 мг (4 мл) инесіз шприцпен (немесе несеп катетеріне).
Босанғаннан кейін немесе тырысудан кейін 24 сағат ішінде магний сульфатымен емді жалғастыра беріңіз.
Эклампсия дереу босандыруға абсолютті көрсеткіш емес.
Алдымен науқастың жағдайын тұрақтандыру қажет.
1- кесте — Гипертензиялық жағдайдағы жүкті әйелдерді жалпы жүргізу алгоритмі

Жағдайы/
іс-әрекет

Созылмалы артериялықгипертензия, гестациялықгипертензия

Жеңіл преэклампсия

Ауыр преэклампсия

Эклампсия

Тактика

Зерттеулер, амбулаторлық бақылау

Зерттеулер, мұқият бақылау (мүмкін, амбулаторлы)
7 күн ішінде

Белсенді

Ауруханаға жатқызу



Зерттеулер үшін

Міндетті II-III деңгейлік мекемеге госпиталдау

Арнайы ем

Көрсетілімдер бойынша гипотензия-
лық ем

Көрсетілімдер бойынша гипотензия-
лық ем

Магнезийлік, гипотензиялық

Босандыру



37 аптада босандыру. Ауыр түріне ауысса, тактика басқа (ауыр түрін қараңыз)

Ауыр преэклампсияда жүктіліктің мерзіміне байланыссыз – 12-24 сағ. ішінде, эклампсияда – 3-12 сағ. ішінде.

Алдын алу:
— қауіп тобындағылар аз мөлшерде аспирин қабылдау (аз мөлшер, тәулігіне
75-120 мг);
— қосымша кальций қабылдау (1 г/тәулік).
Әсері дәлелсіз:
— жүктілерді сұйықтық пен тұздан шектеу;
— жүктілердің тағамына нәруыз және көмірсуларды үстемелеу немесе
шектеу;
— қосымша темір препараттарын, фолий қышқылын, магнезиді, цинк, балық
майын, Е және С дәрумендерін қабылдау. 
АҚ өлшеу ережелері:
Сынаптық сфигмоманометр (ол бойынша барлыққолданатын аспаптар калибрленуі қажет) неғұрлым дәл көрсеткіштер береді.
Науқастың босаңсып отыруы, демалыстан кейін (10 минуттан кем емес) өлшеген жөн.
Дене қалпы – жантайып отыру немесе отыру (манжет науқастың жүрек тұсында орналасуы керек), жату–қырымен жату.
Қан қысымын өлшейтін құрылғының манжеті науқас әйелдің иық шеңберіне сәйкес келуі қажет (кіші болғанша, үлкендеу болғаны дұрыс).
Бір қолында өлшеу жеткілікті.
Систолалыққысым деңгейін Коротковтың I тонымен (басталуы) бағалайды, ал диастолалыққысымды V тонымен (тоқтауы) бағалайды. Көрсеткіштер 2 мм с.б.б. дейінгі дәлдікпен белгіленуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет