Қазақстан-Ресей медициналық



бет1/7
Дата08.03.2023
өлшемі41,3 Kb.
#171482
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òà ûðûáû àçà ñòàí Ða ñïóáëèêàñûíäà û
0-47030814798 (1), бх Альцгеймер ауруы Дияна (1), сроп 4 (2) (7) 2, Эссеге шаблон d88234aab25f1010066539008e3a6875 (1), анат сроп 1 гармон e89adaa37dd027b675597fa4725ce2f0 (1) (1), Документ (40), Документ (50)

Қазақстан-Ресей медициналық университеті
БОӨЖ№6
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары


Орындаған: Камалова Асем.
Тобы: 105А


Алматы 2023

Жоспар:
1. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасу кезеңдері


Кіріспе


Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.




Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде


қалыптасу кезеңдері

Соңғы жылдары жүргізілген түбірлі экономикалық және құқықтық реформалар қоғамдық сананың саяси әралуандығына алып келді. Мемлекеттегі саяси партиялар рөлінің өсуі олардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына жол ашты. Қазақстан азаматтары саяси партиялардың толыққанды құқықтық институт ретінде қалыптасқанының куәсі болды.


Конституциялық құқықтық ғылымда бұл құқықтық феноменнің көптеген анықтамалары бар. Алайда олардың барлығы бір-бірінен біршама ерекше болғанымен мәні бойынша ұқсас болып келеді, яғни, саяси партияларды заңды түрде тану олардың ерекше құқықтық мәртебесін бекіту және т.б.
Қазақстанда бірлестіктердің құрылуына түрткі болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Жастардың Орталықтың диктатына қарсы шығуы қазақстандықтардың саяси санасына түбірлі өзгерістер әкелді. 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-нің Конституциясының 84-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес, Жоғары Кеңеске сайлау кезінде, халық депутаттарының төрттен бірі қоғамдық ұйымдардан – Қазақстан Компартиясынан, кәсіподақтардан, кооперативтік ұйымдардан, Қазақстан ЛКЖО-сынан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден құралды [62].
1989 жылдың қарашасынан 1990 жылдың наурызына дейін республикада тіркелген, негізінен клубтық сипаттағы 100-ден астам қоғамдық бірлестіктер өмір сүрді. Бұларға
«Форум» қоғамы, «Әділет» және «Мемориал» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Азамат»,
«Бірлік» сияқты жастар ұйымдарын және басқаларды жатқызуға болады.
Алғашқы бұқаралық, жалпы республикадық ұйым ретінде ядролық сынақтарды тоқату мақсатында құрылған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын атауға болады. 1989 жылдың соңында Қазақстанның тәуелсіз қоғамдық ұйымдарының Ассоциациясы құрылды. Оған Демократиялық одақ пен Мемориалдың филиалдары, Невада-Семей, Доверие, Зеленый фронт, Инициатива, Тәуелсіз кәсіподақ, Бірлік және басқалары кірді [63].
Протопартиялық құрылымдардың қалыптасуының бастауы 1990-91 жылдарға келеді. Дәл осы жылдарда Қазақстанда партиялар маңызды рөл ойнайтын партиялық жүйенің қалыптасуына алғышарттар жасалынды. 1990 жылғы КСРО халық депутаттарының ІІ съездінде КОКП-ның кеңестік қоғамдағы жетекші рөлін бекітетін, КСРО
Конституциясының 6-бабының күшінің жойылуы партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына жол ашты.
Кесте №3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген партиялар тізімі





Партия атауы

Куәлік нөмірі мен тіркелу мерзімі

Жетекшінің аты- жөні

Мүшелер саны

Тіркелген филиалдары
жайлы мәлімет

1

« Ақ жол » Қазақстанның демократиялық
партиясы

№580р 12.12.2002ж.

Бәйменов Әлихан Мұхамедияұы

57406*


барлық облыстарда

2

Қазақстанның
азаматтық партиясы

№15р
10.01.2003ж

Перуашев Азат
Тұрлыбекұлы

63458*

барлық
облыстарда

3

«Отан» республикалық саяси партиясы

№14р 10.01.2003ж

Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлы

111123*

барлық облыстарда

4

Қазақстанның аграрлық партиясы

№97р 06.03.2003ж

Мадинов Ромин Ризович

52567*

барлық облыстарда

5

Қазақстанның
патриоттар партиясы

№125р
21.03.2003ж

Қасымов Ғани
Есенгелдіұлы

51188*

барлық
облыстарда

6

Қазақстанның коммунистік партиясы

№123р 20.03.2003ж

Әбділдин
Серікболсын Әбділдаұлы

52246*

барлық облыстарда

7

Қазақстанның «Ауыл»
социал-демократиялық партиясы

№142р 02.04.2003ж

Қалиев Ғани Әлімұлы

61043*

барлық облыстарда

8

«Руханият» саяси партиясы

№ 06.10.2003ж

Жағанова
Алтыншаш Қайыржанқызы




барлық облыстарда

9

«Асар» республикалық саяси партиясы

№ 19.12.2003ж

Назарбаева Дариға
Нұрсұлтанқызы




барлық облыстарда

10

Қазақстанның коммунистерінің
халықтық партиясы

№ 21.06.2004ж

Косарев Владислав
Борисович




барлық облыстарда

11

Қазақстанның демократиялық
партиясы

№ 14.06.2004ж

Нәрікбаев Мақсұт
Сұлтанұлы




барлық облыстарда

*- тіркелген кездегі саны


Партиялар туралы заңды реформалауға қарамастан, елдегі саяси жағдайға байланысты жаңа саяси партиялар пайда бола бермек.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институционализациялануының негізгі кезеңдерін қарастырудың нәтижесі, елдегі азаматтардың саяси партияларға бірігуге конституциялық құқығын жүзеге асыру, идеологиялық және саяси әралуандылықтың даму ағымын одан ары бекіте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет