Қазақстан респубикасы білім және ғылым министрлігі


СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ



бет14/15
Дата15.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147504
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
СӨЖ-Нургазина Сания.
247d8c65c85a9c10900c77c1510bf9dc, 9 сынып БЖБ Дүниежүзі тарихы
СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сәбит Дөнентаев өзі өмір сүрген дәуірдің үні болды. Халықты бостандыққа, еркіндікке шақырды. Ақын өлеңдерінде оқу-білімнің жетістігі, әйел теңсіздігі, байлардың қарау мінезі, еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмасы бірде поэтикалық мәнер танытқан ақын. Оның «Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер мейрамына», «Мен зынданда», «Ерікті Айша», «Ерікті Айша», «Әйелдердің он жылдық тойына» деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы түрінде беріледі.
«Болса алыңыз, қыз керек,
Маған жалғыз сіз керек.
Деп Төкішбай жалпылдап,
Алпыстағы жасына,
Қарамастан қарқылдап,
Уәде қылды, қол соқты...
деп, қызын малға сатқан Төкіштей дүниеқоңыз атаны, қалың малшы байлардың адам еркіндігін еріксіз байлаған топастығын әшкерелеп, өткір сынайды.
Табиғат лирикасына жазылған өлең шумағына мән берсеңіз, онда тек табиғат көрінісі ғана суреттеліп тұрмағанын бірден байқайсыз. Жаз мезгілін бейнелей отырып, халықты өмірдің жазына шақырады.
Сылдыр бақай, тақыр танау,
Сәске болмай үйге келді.
Қой пысқырып шөлдеп, шулап,
Ұзын мойнақ көлге келді.
Құдық басы төрт түлікпен
Шаңқай түсте үймеленді.
Сондай - ақ, «Шілде», «Жарық ағаш», «Бірінші май», «Жазғытұры жар басында», «Күздің сыры», «Май туады» деген өлеңдерінде табиғат көрінісін фон ретінде алып, адам өмірі жайында толғанады.
Сәбит сонымен қатар халықтың мәселесін көтеріші, халықты қолдаушы ұлтшыл тұлға болды. Өлеңдерінің ішіндегі мәселені көтеру жағынан маңызды келетін, таптық көзқарасты бейнелейтін өлеңі - «Бозторғай».
Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,
Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.
Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,
Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан.
Ағып жүр оқтай зырлап, көрмей дамыл,
Шыбындан жанын сұрап бір құдайдан.
Тілегі, көздің жасы қабыл болып,
Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілердің кейпін көрсеткен. Шырылдаған бозторғай мұңын айтып өзінен әлді құстарға жүгінгенімен, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, әлімжеттік жасамақ болады. Сөйтіп, бозторғай «Бұл заман байқағанға күштінікі» (Сәбит Дөнентаев, «Менің халім») екенін ашына мойындайды.
С. Дөнентаев көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде М. Әуезовпен бірігіп жазған 1918 жылы жарық көрген «Абайдан соңғы ақындар», 1923 жылы жарық көрген «Мағжанның ақындығы туралы», 1925 жылы жазылған «Аударма туралы», сол жылы жазылған «Сұңқар жыры» атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы творчествосын түсінудің принциптері жайындағы ұғым-түсінігін, көзқарасын көрсете алатын елеулі туындылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет