Қазақстан респубикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/15
Дата15.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147504
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
СӨЖ-Нургазина Сания.
247d8c65c85a9c10900c77c1510bf9dc, 9 сынып БЖБ Дүниежүзі тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
1900-1960 жж. қазақ әдебиет тарихы

Орындаған: Нургазина Сания.


Қабылдаған:Ибраева А.Д.
ФилКББИ Филология 301-топ, 3курс

  1. Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет

МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ
Ұлттық поэзиямызда жұлдыздай жарқыраған таланттардың бірі өлеңмен өзі туралы айтқандай 5 жасында-ақ желдей тасып, тоғызға қараған жасында Мұса мырзадай қоғам қайраткерінен «Мәшһүр» атты алған аса зерек, тума талант дарыған, он бесінде біртіндеп емес, бір түнде кеудесіне өнер өлең болып құйылып, тылсым қасиет қонған ерекше ақындық дарынның иесі, халық ауыз әдебиетінің інжу-маржанын жинаушы, тарихшы, шежіреші, аудармашы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы артында аса мол мұра қалдырған біртуар тұлға.
Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында«Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» сияқты халық жырларын,
шығыс қиссаларын жатқа айтады. СолсебептідеМәшһүрдегенатқаиеболады.«Мәшһүр» арабшабелгілідегенмағынаныбілдіреді.Медресееоқыпжүргенкезіндеолбалалардыңалдыболып, 15 жасынанөлеңжазабастаған.Олтуралыақынныңөзі: «Жабыстымағанөлеңонбесжаста,
Жұртайтты: «Не қыласың» — дедібаста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,
Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша» — дейді.
Мәшһүр-Жүсіп шеберлігі, бейнелеу тәсілдері дегенде, ол мәнерлеген сөз кестелерінің алдымен ұлттық бояумен көмкерілгенін, көп детальдің ұлттық өрнекке сай сұрыпталғанын дәлелдеу қажет:
«Өнерге өзіңді өзің ерте баулы,
Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы».
Бұл деталь, жастық ауылының бір күн көшіп кетуін бейнелеу өрнегі, негізгі тіршілігі малмен, көшумен байланысты қазақ ұғымына неғұрлым жақын түсінікті болумен де мәнді. Ауыл көшуімен, басқа жерге ауысуымен, яғни шұғыл алыстауымен салыстыру нәтижесінде жастық шақтың да тез өтуі мүмкіндігі ұтымды кестеленген. Сол тәрізді:
«Бұл жалғанның жүзінде көңілің өспей,
Көрінгеннің жұртында қалдың көшпей» тармақтарында басқалар аттанғанда ере алмай қалуды сипаттау да малы барлар ғана көше алатынын бағамдап өскен қазақ үшін аса аянышты халді жайып салады.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылғы «Хал-ахуал» кітабында шығыс поэзиясында кең әспеттелген махаббат, бақыт символы бұлбұл мен гүл жарасымдығын қызықтап, бұлбұлдың түнімен қызыл гүлдің ашылуын тосуын, арман етуін жырлағаны белгілі. Ақын сонымен бірге орыс поэзиясы дәстүріне де иек артып отырған. Бұл ақынның шеберлігімен бірге тақырыптық аясы мол кемел талант иесі екенін де білдіріп тұрғандай.
«Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім – ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пірдің һүмматы болып жәрдем,
Бір ұшсам, кете берем, бар қанатым, – деп жырлағандай шығармашылығы халқымыздың тарихымен, салт-дәстүрімен, бай ауыз әдебиетімен тығыз байланысты өрілген ақынның дара туындылары өзіндік қолтаңбасымен ғасырдан ғасырға жалғасып, тәлім-тәрбиелік әсері, өнегесі мен тағылымы талай ұрпақтардың жан дүниесін кемелдендіріп, рухани тұрғыдан байыта берері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет