Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет4/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)
4C17B0D7-9E92-4790-8F06-879E9986C52B
ойын тәсілін
 
әлеуметтік психологиялық тренингпен
байланыста қолдану. Ол 
үшін жазушы шығармасынан үзінді келтіру арқылы жұмбақталған тапсырма беріледі. Мәселен, «Биікте» тарауында 
Абайдың сүйіп атқаратын еңбегі және де өзі қаншалықты алыстағысы келгенімен соншалықты жақындай түсетін, «бұған
масыл болып, асыла жүретін тағы бір міндеті болды», ол – дау-шарға билік айту. Осы екі әрекеттің Абай өмірінде егіз
қозыдай қосарланып жүретінін Әуезов осы тарауда тартымды көрсете білген. Пушкиннің Татьянасын аударып отырғанда
«сенімді шабыт» келгенін сезген Абай «көзі жасаурай, ерні жыбырлай отырып», көңіл құсын Ақшоқының қос биігіне 
3


ұшырып ән шығаруға кіріскен сәтінде сырттан Көкшенің қияс ұрысы Тұрсын мен уақтың жоқшысы Сәрсеке кіріп келеді.
Абайдың «түу, аяз келді-ау!», «шетелдің кісілерімен амандасты» деген сөздері арқылы Әуезов бұл қонақтардың мезгілсіз
келгендігін дәл бере білген. Осы дауды Абайдың тезарада шешуіне негіз болған себептер бар, соны табуымыз қажет және сіз
Абайдың орнында болсаңыз қандай шешім қабылдаған болар едіңіз? (ескерте кету керек: осы адамдар Абай алдына екі ай 
бұрын дәл осы мәселемен келген болатын...).
«Іздесең – табасың, алыссаң – аласың» ойыны білімгерлерді еркін ойлауға, еркін сезінуге, белсенділікке,
шығармашылыққа бастайды. Сонымен қатар, бұл ойын жарқын, мықты сезімдерді оятумен қатар оның ережесі, мақсатымен
сәйкес өтуі де шарт. Осындай ойын түрлері шығарманы мақсатты түрде оқи отырып, зеректікті дамытады. 
В.А.Сухомлинский: «Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп дидактикалық 
ойындардың педагогикалық және психологиялық негізін нақты түсіндірген. Ғалым психологтар К.Гроос, Э.Клапаред,
А.Диваев, У.Бонтендайк, Р.Гаупп, В.Штерн, Н.Д.Виноградов, В.П.Вахтерев ойын теориясын құрастырып, іс әрекеттің 
маңызды түрі ретінде, оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. Р.Уорфордтың пікірінше, имитациялық ойын – оқыту 
құралы ретінде оқушыларды өзін басқаларға, өзгенің орнына қоюға, кез-келген жағдайды өзге адам басқа қырынан қалай 
көретінін байқауға, оны тікелей өзі шынайы жолмен қатыса отырып шешуге ынталандыруға үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет