Қазақстан Республикасы Алматы 2022 жыл Қазақстан анимация өнерінің балалардың санасының Қалыптасуына ықпалы



Дата22.05.2022
өлшемі159,16 Kb.
#144477
Байланысты:
залввла


Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ


ТЕЛЬМАН АЙША ҚУАНЫШҚЫЗЫ
ҚАЗАҚСТАН АНИМАЦИЯ ӨНЕРІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ САНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛЫ”


Кинотану 1- курc

Қазақстан Республикасы
Алматы 2022 жыл

ҚАЗАҚСТАН АНИМАЦИЯ ӨНЕРІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ САНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛЫ


1.ӘЛЕМ ТӘЖІРИЕСІНДЕГІ АНИМАЦИЯ ӨНЕРІНІҢ БАЛА САНАСЫНА ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ ТҰЖЫРЫМЖАМАСЫ...


1.1 ӘЛЕМДІК АНИМАЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ…...............................................................................................................


1.2 АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕРІНІҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ӘСЕР ЕТУ ТҰЖЫРЫМДАРЫ…........................................................................


2. ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫНЫҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУІ….....................................................................


2.1 ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ КИНОСТУДИЯЛАРЫ.…


2.2 ҚАЗАҚ ЕҢ АЛҒАШҚЫ АНИМАЦИЯЛАРЫ…..............................

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста мен балалардың психологиясына әрекет етуші факторларды жазып өтпекпін, нақты айтқанда балаңыз нені қарайды және оны қалай қабылдайды деген сұрақтарға жауап беруге тырысамын.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Бәріміз білетіндей қазіргі заманда балаларды жұбату үшін көбінесе ата-аналар балаларының қолдарына телефон бере салады, бірақ ары қарай бала не қарайтынында шаруалары жоқ, ең бастысы алда тұрған жұмыстарын бітіру. Бүлдіршіндер ненің жаман ненің жақсы екенін айыра алмайды, сондықтан олар үшін барлығы қызық.
«Балалар және телевидение» мәселесі қазіргі таңда тек ата-аналарды ғана емес, жалпы қоғамды алаңдатады. Өйткені бүгінгі күнде балақайлардың көп бөлігі далада ойнаудың орнына онлайн ойындармен қатар гаджет алдында отыруды жөн көреді. Ішкі жан дүниесі жаңадан қалыптасып келе жатқан бала үшін ойын да, ертегі де, теледидар да өте қызық. Күнде өзі үшін жаңалық ашып, бәрін білуге ұмтылатын бала үшін теледидар тек уақыт өткізу үшін ғана емес, тәрбие орталығы ретінде өте маңызды. Нақтырақ айта кетер болсақ, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тәрбие құралы мультфильмдер болып табылады. Бірақта, қазіргі біздің арналардан көрсетілетін мультфильмдер ауру жасап жатырғаны мәлім.
Балалар барлық назарын экрандағы мультфильмге аударған уақытта, олар өзін қоршаған ортадан алыстап, ешқандай дыбысқа да мән бермейді. Ал мультфильмдерді көріп болған соң балада агрессия, қорқыныш сезімдері оянады.
Бүгінгі күнде «жөнсіз мультфильмдердің» бала психикасына әсері бүкіл әлем мамандарын толғандыруда. Мысалы, Жапонияда 38 сериялы «Пакемондар» атты мультсериалды көрген соң бес жүзден астам бала қояншық (эпилепсия) ауруының белгілерімен ауруханаға түскен. Сонымен қоса «Телепузики» мультфильмінің продюсері бұрынғы прдюсері Сара Грэм аталған бағдарлама галюциногеннің әсерімен жасалғанын мойындаған екен.
Мамандардың айтуынша, мультфильмде агрессия болса да, ол көңілді түрде көрсетілсе, аса зиян емес. Айталық, мысық пен тышқан туралы «Том мен Джерри» мультфильмі. Серия бойы мысық тышқанды қуып, екеуінің бір-біріне деген ашуы келіп, түрлі әрекеттер жасайды. Бірақ аяғында мейірім жеңіп, ешқайсысы өлмейді. Бұл бала психологиясы үшін өте маңызды. Ал «Мадагаскар», «Көліктер», «Мұз дәуірі» мультфильмдерінде жамандықты жақсылық жеңгенімен бала тұрмақ үлкеннің құлағына жағымсыз сөздер, тіркестер жиі кездеседі.Қазіргі заманда онсыз да гиперактивті балалар өсіп келе жатқандықтан олар мультфильм немесе мультсериал кейіпкерлерінің іс-қимылдарын қайталауға тырысады. Сырттан бұл өте сүйкімді болып көрінгенімен бала психикасында мүлдем басқа қабылдаулар. Ютуб желісін барлығымыз білеміз ол желіде қаралымға арналған видеолар ересектерге де, балаларға да, жарай береді, яғни бұл Ютуб желісі әртүрлі жастағы көрерменге арналған. Ал арнайы балаларға арнайы Ютуб желісінде шынымен балаларға арналған бірақ психологиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ бұл жерде неше түрлі мылқау видеолар, неше түрлі баланы баурап алатын, бірақ сапасыз әрі жиеркенішті екенін әр ата-ана байқап та жатқан жоқ. Келер ұрпаққа бұл тікелей әсер етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Бұл тақырып жайлы Аида Машурова, Баубек Нөгербек, Алма Айдар, Нұрсұлу Жаманбаева, Бауыржан Нөгербек өз жұмыстарында атап өтті.
Зерттеудің мақсаты
Бұл жұмыстың ең басты мақсаты бала психикасына салғырттық танытпай оның жақсы жаққа дамуын қамту.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет