Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



бет2/21
Дата20.09.2022
өлшемі0,5 Mb.
#150117
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2-практикалық-жұмыс-Енбек-қызметімен-байланысты-жазатайым-оқиғалар-мен-қызметкерлер-денсаулығының-
Отсканированные документы, 8 сынып БЖБ 4- тоқсан, Доклад

Жұмыстың мазмұны



  • еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесінің қолданылу аясы;

  • тексеруге жататын жазатайым оқиғаның түрлері;

  • жазатайым оқиғаны уақытылы және дұрыс тексеруге кәсіпорын басшылары мен мамандарының жауапкершілігі;

  • әр түрлі категориядағы жазатайым оқиғаларды тексеру реті (өндірістік, арнайы тексеруге жататын, жұмысқа келе жатқанда немесе жұмыстан қайтқанда болған оқиғалар);

  • жазатайым оқиғаларды тіркеу және құжат толтыру;

  • жазатайым оқиғаларды талдау және статистика.

Жұмысты орындау реті


1. Енбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын тексеру есепке алу ережесін оқу. 2. 1-суретті қолдана отырып (оқытушы берген тапсырма бойынша) алынған ақпаратты талдау және жазатайым оқиға туралы Н-1, Н-2 нысанындағы актілерін толтыру.
3. Әдістемелік нұсқауда берілген тапсырманы орындау. 4. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жалпы мағлұматтар


Өндірістегі жазатайым оқиға - деп өндірістік қауіпті факторлардың әсерінен жұмыскерлерде болған кездейсоқ жағдайды атайды. (МЕСТ 12.0.002-80 ЕҚСЖ «Негізгі ережелер, терминдер мен анықтамалар»).
Өндірістік зақымдану - деп қызметтік міндетті атқару кезінде немесе өндірістік жағдайда болған жазатайым оқиғалардың жиынтығын атайды.
Өндірістік зақым - деп еңбек міндетін орындау кезінде, өндірістік қауіпті факторлардың әсерінен кенеттен болған адам ағзасының жаралануын атайды.
Жарақат сипаты бойынша өндірістік зақымдар жіктеледі:

  • механикалық (сынық, дененің кесілуі тілінуі т.б.);

  • жылулық (жылулық соққы, күйік, үсіну т.б.); - химиялық (химиялық күйік, өткір улану г.б.); - электрлік (электрлік күйіктер, электрлік соққы т.б);

  • сәулелік (радиоактивтік зақымдар, ультрадыбыс т б. ),

Кәсіби ауру - қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе к,атты ауру (пневмокониоз, ревматизм т.б.).
Кәсіби улану - өндірістік үрдістер кезінде бөлінетін улы заттардың адам ағзасына әсер ету нәтижесінде туындайды. Улы заттардың өткірлігі мен концентрациясына байланысты кәсіптік улану, удың әсерімен бірге жылдам туындауы мүмкін немесе адам ағзасына физиологиялық өзгерістер енгізіп, біртіндеп пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет