Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Мектеп шеңберінде педагогикалық ұжымның дарынды балалармен



Pdf көрінісі
бет221/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
Мектеп шеңберінде педагогикалық ұжымның дарынды балалармен 
жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 
Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу кез келген 
мектептің өзекті мәселесі болып табылады. 
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі 
күні өте қажет. Әрбір талантты бала шығармашылық тапқырлықпен еңбек 
етеді. Ал педагогтың міндеті – балалардың көзге түсе бермейтін қабілетін көре 
білу және оны дамытуды жүзеге асыру. 
Мектеп шеңберінде педагогикалық ұжымның дарынды балалармен
жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 

дарынды балалардың дамуына және 
жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шыңдалуына әсер ететін маңызды 
фактор болып саналады. 
Осы орайда, мектеп шеңберінде педагогикалық ұжымның 
дарынды 
балалармен жұмыс жүргізу жүйесі бар. 


199
Педагогтың дарынды балалармен жұмыс жүргізу мақсаты – 
жан-жақты 
білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау
барынша қабілетті баланы қалыптастыру; бала дарынының ашылуын өз 
қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру, дарынды балалармен жүйелі 
жұмысты ұйымдастыру.
 
Педагогтың дарынды балалармен жұмыс жүргізу міндеттері:
-
балалардың ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру; 
-
балалардың шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; 
-
дарынды баланың шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, 
қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. 
Жұмыс жоспары төмендегідей жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді: 
1. Ерекше қабілетті балаларды анықтау. 
2. Бала қабілеттілігінің бағытын анықтау.
3. Ой-өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру. 
4. Дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу. 
Сынып жетекшісі әр балаға арналған дарындылықты дамыту 
бағдарламасын да жасайды. Онда баланың ерекше көзге түсетін қабілеттері 
сипатталады, олардың дамуына қажет болатын жағдайлар, дамытушы
іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді формалары қарастырылып, іске асырылады. 
Сынып жетекшісінің дарынды балалармен оқудан тыс жеке жұмыс жүргізу 
бағдарламасы төменде көрсетілген үлгімен жасалуы мүмкін (15-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   449




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет