Практикалық тарсырмалар Ұсынылған педситуацияларды шешу 1. Бағалау ситуациясы Қоңырау соғылды. Сабақ басталды. Мұғалім сабақ өткізіп жатыр. Бір кезде класқа мектеп директоры кірді де, мұғалімнен кеше мектептің педагогикалық кеңесіне неге келмегенін, оның себептерін ежелеп сұрай бастады. Мұғалімде үн жоқ.
Сұрақтар:
Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Жағдайдан қалай шығуы керек?
2. Бағалау ситуациясы Мектеп директоры өзінің жұмыс практикасында үнемі, сабақ басталарда, мұғалімдердің жоспарларын тексеретін болған. Осындай тексерістердің бірінде, бір мұғалімді жоспары болмағандықтан, екінші мұғалімді жоспары болғанымен, сабаққа қажетті құралдарды әзірлемегендіктен, сабаққа жібермеген.
Сұрақтар:
Директор дұрыс істеді ме?
Ол осылай жасауға құқылы ма?
Сіз директордың орнында болсаңыз , не істер едіңіз?