Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының



бет3/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)
2-сабақ
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілікбіліктілік сипаттамалары
Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және бірлескен бастамалар мен әріптестік қағидаты бойынша жасалған ұжымдық шарттар негізінде жоғары оқу орнына тікелей басшылықты жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының мақсаты мен даму стратегиясын айқындайды. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық етеді, қабылдаған шешімдерге, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады, әлеуметтік басымдықтарды, ел экономикасындағы мамандықтарға деген сұранысты ескере отырып, олардың жұмысын оқу, ғылыми үдерістерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарының, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұйымның бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың, тасымалдаушылардың, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді.
Жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізді нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.
Мамандар даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдармен, аралас білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысты ұйымдастырады. Ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдау білдіреді.
Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру бағдарламаларын бекітеді.
Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз етуге, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай жасайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір қызметкерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, белгіленген мерзімде еңбек жалақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
Ұйым ұжымымен бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық келісім-шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталануды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Оған берілген құқықтар шеңберінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға - проректорларға (орынбасарларына), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, ЖОО филиалдарына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін бекітеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттілік негізінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Жоғары оқу орны қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, келісім-шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Сенімхатсыз жоғары оқу орнының атынан әрекет етеді және мемлекеттік билік пен басқару орындарының алдында ұйымның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына, ұсынылатын статистикалық есептері мәліметтерінің нақтылығына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын уәкілетті органға (құрылтайшыға) жоғары оқу орнының оқу, ғылыми және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», »Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет