Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов



бет2/6
Дата25.02.2018
өлшемі2,46 Mb.
#38223
1   2   3   4   5   6
ӘОЖ 811.512.122

КБЖ 81.63.24+7458

Р 87

Ғылыми редакторлар:

филология ғылымдарының кандидаты, профессор КГУ имени А.Байтурсынова Ахметова Б.З., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Досова А.Т., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайыпбаева А.Қ,

Р 87 Руханият және мәдениетаралық коммуникация: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 21 қараша 2017 ж. – Қостанай қ.: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2017 ж.- б.


ISBN 978-601-7933-83-8


Жинаққа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Руханият және мәдениетаралық коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары енген. Жинаққа енген материалдар ЖОО ұстаздарына, магистранттар мен студенттерге, мемлекеттік қызметшілерге арналған. Қазақстанда қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу мәселесінің жүзеге асырылу жолдарын шешуге бағытталған өзекті мәселелерді қамтиды.

ӘОЖ 811.512.122

КБЖ 81.63.24+7458
ISBN 978-601-7933-83-8

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2017


ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ТАРИХЫ, КЕЛЕШЕГІ

ӘОЖ - 821.512.122.9



ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ

Үсен Айгүл - ф.ғ.д., профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

Қазіргі кезең қазақ халқы үшін үлкен бетбұрыс кезеңі. Себебеі еліміздің президенті Н.Назарбаев Рухани жаңғыру бағдарламасын жариялағалы рухани дамуымызда ілкен реформалар басталды. Оның ең маңызыдысы әрі бірегейі еліміздің латын әліпбиін қабылдауы. Латын әліпбиі туралы жарлыққа қол қойылып, бекітілгелі халық арасында бұл мәселеге қатысты қызу пікірталас толастар емес. Осы мәселеге қатысты ой қорытылып, осы мақалада ұсынылып отыр.

Кілт сөздер: Рухани жаңғыру, латын әліпбиі, идея, ұлттық мүдде.

Қазақ мемлекеті ел болып етек жинағалы осы бір жаңа өлшемге, жаңа белес, үлкен асуды алуға мақсатты түрде, үлкен дайындықпен келді. Халықтың сана-сезімі өсіп, экономикалық жағыдайлар реттеліп, әлеуметтік мәселелер белгілі бір жолға қойылған соң бүкіл халықпен кеңесе отырып, шешілген келелі бір мәселе, тарихи оқиға болды. Өзге түркі тектес халықтардың барлығы дерлік өтіп, олардың іс-тәжірибиесі, қаріпті өзгерту үдерісінің ерекшелігі ескеріліп, талданып, таразыланып үлкен дайындықпен өтіп жатқан тарихи мәселе оң шешілетініне халық та, Елбасы да сенімді. Латын әліпбиіне ауысу заңдылық. Егер әліпби ауыстырылмай, дамудың аймақтық деңгейінде қалып қойсақ, ол ұрпаққа жасаған қиянат болар еді. Сондықтан ертеңгі ұрпақ үшін жасалып отырған бұл қадам қазақ мемлекеттігін дамытудың үлкен белесі. Тәуелсіздігіміздің шешуші кезеңі, әлемдік өркениетке ұмтылудың, ілесудің нагізгі шарттарының бірі.

Бүкіл қазақ баласы қуанып, ұлт болып ұйысқан, жұдырық болып түйілген латын әліпбиі жат емес. 1929-1940 жылдар арасында енгізіліп, халық игеріп, әлеуметке тереңдеп енген еді. «1929 жылдан бастап түркітілдес мемлекеттерде латын әліпбиіне көшу туралы биліктің шешімі болған. Бірақ әртүрлі себептермен Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің ішінде Қазақстанда латын әліпбиіне көшу кешеуілдеген. Сондықтан 1928 жылдың аяғына қарай бұл істі қолға алу туралы Орталық комитеттің арнайы қаулысы болады. Соған байланысты 1928 жылдың желтоқсан айында сол кез-дегі астана Қызылордада конференция өткен болатын. Отырыста латын әліпбиін жақтаушылардан құрылған «Жақ» қоғамының ұсынысымен жаңа әліпби талқыға салынады. Басқосу өткеннен кейін мемлекеттік комиссия құрылып, ол Ораз Жандосовтың басшылығына жүктелді. Ораз Жандосов – өзіне тән іскерлігімен, ойшылдығымен жұмыстың тез арада жолға қойылуын мемлекеттік, республикалық деңгейде орындалуына мұрындық болған кісі. Бұл жұмыс кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асқан болатын. Оның ішінде жаңа әліпбиді оқытушыларды даярлау, қазақтар шоғырланған елдімекендер мен аймақтарға жіберу, арнайы аудиториялар дайындау сынды жұмыстардың барлығы сол қаулы аясында жүзеге асты. Сондықтан латын әліпбиіне көшу бізге жаңалық емес. 1929-1940 жылдар арасында ресми түрде қазақ тілі латын әліпбиін қолданып, ресми құжаттар, хаттамалар, газет-журналдар мен кітаптар латын әліпбиімен басылып шықты» [1].

Латын әліпбиінің халыққа беретін игілігі қандай? Ол бүкіл түркі баласының бірлігіне бағыттайды. ХХ ғасырдың басында алаш арыстары армандаған түркі бірлігі түркі өркениетіне жол ашады. Ежелгі түркі мемлекетінің айбыны мен қуаты бүкіл әлемді таңқалдырған-ды. Бұл туралы М.Жұмабаевтың «Орал тауы», «Алтай» сияқты өлеңдерінде шабытпен жырлағаны белгілі. Бұл сипатты түркі халықтарының бірлігін дәріптеген өлеңдер барлық түркі балаларының әдебиетіндегі негізгі тақырыптардың бірі болды. Түркі халықтарының бірлігінен қорыққан Ресей империясы кейін кирилл таңбасына мәжбүрлеп енгізгені белгілі. «Сол секілді нағыз рухани репрессия – түркі халықтарына ортақ латын әліпбиіндегі қазақ мемлекетін 1940 жылы бір күнде империалистік мақсатпен орыстың шовинистік кириллицасына өткізіп жіберуі болатын. Енді міне, осы рухани репрессияның зардабын жоюдың алғашқы қадамдары жасалып, Қазақ мемлекеті 2025 жылы қайтадан Латын әліпбиіне өтетін болды! Ұлттық рухани отарсыздану латын әліпбиіне көшу әрекетімен басталды!» [2] Жетпіс жыл бойы Қазақ халқын езген отарлық саясаттың соңғы бұғауы кирилл әлібиі тіліміздің төл табиғатына зиян келтіріп, жазылу мен айтылу мәселесінде тіпті алшақ кетіп, айтылу жүйесі өрескел бұзылғаны белгілі. Кей қазақтар өзінің аты-жөндерін ұлттық негізде қабылдай алмайтындай деңгейге жетті. Ата-тегін ұлттық жүйеге аударуда осы кедергінің бар екені жасырын емес. Латын әліпбиіне өту осы негізгі проблеманы шешудің ең тиімді жолы екені анық. Толық тәуелсіздік ең алдымен аты-жөнімізді ұлттық жүйеге көшіруден басталатынын теріске шығаруға болмайды.Сондықтан елге белгілі азаматтар аты-жөндерін қазақшалап, латын әліпбиімен жазу арқылы өзге жұртқа өнеге көрсеткені орынды. Сонда қазақ тілі мен латын әліпбиінің ертеңіне күмәнмен қарайтын кей азаматтардың күдігі сейіліп, ұлттық санаға оралу жолы жеңілдер еді.

Латын әліпбиіне ауысқанда әлемдік өркениеттің есігі айқара ашылып, қазақ ғылымын дамыту тиімді болмақ. «Латыншаға көшудiң терең логикасы бар. Бұл қазiргi заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасырдағы ғылыми және бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiне байланысты» [2]. Еліміздің даму бағыты мен ерекшелігі ғана емес бүкіл әлемдік трендтің өзі латын әліпбиінің қажеттілігін айқындап отыр. Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушы жас ұрпақ әлемдік дамудың көшінен кейін қалмау үшін, жастарды әлемдік білім мен ғылымның нәтижиелерін кең қолдану керек. Ол тек латын әліпбиі мен ағылшын тілі арқылы жүзеге асады.

Рухани жаңғыру бағдарламасын әр қазақ баласы қолдап отыр. Өйткені бұл ел үшін аса маңызды рухани-әлеуметтік, саяси-тарихи мәселе болып келгені анық. Биыл Алаштың 100 жылдығымен бірге жарияланып отырған рухани жаңғыру Тәуелсіздік үлкен бір белесі, шешуші кезеңі. Қазақша сөйлейтін қазақ баласы осы мәселені түсініп, тәуелсіздік алғанан кейінгі 25 жылда тағы бір мерейлі қунышқа кенелген жайын бүкіл мерзімді баспасөз бен түрлі ұйымдарда басқосуларда өтіп жатқан осындай дөңгелек үстелдерде, жиындардан байқалып отыр.

Жаңа әліпбиді жасақтауда ең негізгі назар аударар мәселе - қазақтың барлық төл дыбыстары енген ұлттық әліпбиі болуы керек. Сондықтан бір әліпбиден екіншісіне өту емес, қазақ жазуына реформа жасау деп түсінген дұрыс. «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Біріншіден, қазақ тілінде қанша төл дыбыс бар, соның басын ашып алу керек. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс, 17 дауыссыз дыбыс, бас-аяғы 28 дыбыс бар. Яғни, бізге керегі 28 таңба. Оған кірме дыбыс кіріп кетсе, бүкіл жүйе бұзылады.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда қазақ халық саны 70 пайыздан асты. Бұл кезеңде тәуелсіздіктің соңғы асуы, ұлттық мүддені қорғаудың басты тетігі – латын әліпбиіне көшу. Біз көпұлтты мемлекет денегмен, енді ұлттық мемлекет ретінде ұлттық мүддені алға шығаратын шақ жетті. Әлемдік елдердің көпшілігі өз ұлттық мүддесін қорғау арқылы ғана үлкен жетістіктерге жетіп, мемлекет ретінде толық қалыптасқан. Түркия құрылған кезде түріктер 30 пайыз ғана болғанда Ататүрік «Бұл түріктер құрған мемлекет, сондықтан бұл жерде бәрі түрікше болады. Түрікше сөйлеген адам ғана – түрік» депті. Ұлттық идеология салтанат құрып, ұлттық мүдделер бір мақсатта дамыту қажет. Латын әліпбиіне көшу шын мәніндегі ұлттық сананың жаңғыруы. Жаңаша жазу- жаңаша ойлау, жаңа интеллектуалдық деңгейге көшу. Латын әліпбиімен жадымыз жаңғырып, құл болған кезең санамыздан жоқ болады. Санамыз тазарып, әлемдік өркениетке еркін қосылып, терең сіңісетініміз анық.

Қыркүйек айында көптен күткен латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы таныстырылды. Елбасының өзі ерекше назарда ұстап отырған бұл мәселеге көпшіліктің қызығушылығы ерекше болды. Бүкіл ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі, барлық қоғамдық ұйымдар мен орындарда осы мәселенің талқылануы қазақ халқының әрбір азаматының латын әліпбиі бойынша өзіндік көзқарасының негізділігі мен қызығушылығының ерекшелігіне назар аудартты. Бірақ әліпби жасаушы топтың нұсқамсы көпшіліктің көңілінен шықпай, өз ұсыныстары мен нұсқаларын жолдаушылар ұсынылыған жобаға қарсылық білдіріп, оның нәтижесінде екінші нұсқа жасалуы ұсынылды.

«Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқаларын жасап шықтық. Онда қазақтың ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларын латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданылуы қиындық тудырмайды. Ал орыс тілінен енген ц, ф, х, в секілді әріптер де латын әліпбиінде қолданыс табады» деді Ербол Тілешов» [3]

Бұл әліпби жасаушы топтың тіл ерекшелігін ескермей, технологияға басымдық берілгенін негізгі қателік ретінде таныды көптеген қарсы пікір білдірушілер. Бұл жабаға қатысушы ғалымдардың өзндік ұстанымының болмауы олардың кәсіби мамандығының филология ғылымының өзге салавсы болуында. Сондықтан тіл заңдылығын Байтұрсынов сияқты терең меңгермей, сапалы, барлық халықтың көңілінен шығатын, тіл ережесін қатаң сақтайтын, әрі кирилл кезеңінде зардапқа ұшыраған тіл заңдылығын жөндейтін нағыз қазақ әліпбиін жасау мүмкін емес.

«Екіншіден, ең бастысы диакритикалар төл дыбыстарымызды сақтауға толық мүмкіндік пен кепілдік бермейді. Себебі мобильді телефондар, смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, компьютерлер бүгінде жазудың құралына айналғанда және олар бізге әлемнің түкпір-түкпірінен келетіндіктен, олардың пернетақтасында 26 таңбадан тұратын латын таңбалары ғана орналастырылады. Пайдаланушылар осы бар таңбаларды ғана қолданады. Егер біз латын графикасындағы жаңа әліпбиге диакритикалы таңбаларды енгізетін болсақ, онда көпшілік көп қолданбағандықтан, қазақтың төл дыбыстарын жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде Ә-ні А-мен алмастыру, Қ-ны К-мен алмастыру, сол сияқты Ғ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І дыбыстарын жазбау, әсіресе жастардың арасында жиі байқалады.» [3]

Е.Тілешовтың сөзіне салсақ бүкіл тіл заңдылығы тек пернетақтаға бағындырылуы керек сияқты. Қазақ тілінің өзіне тән үндестік, ассимиляция, айтылу мен жазылу айырымаларына қатысты ой-пікірдің болмауы да әліпби жасаушылардың тіл білімінің заңдылықтарын жете түсіне алмағандығын байқатады. «Үстіміздегі жылы 11 қыркүйек күні қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия қазақ-латын графикасына қатысты өз жобаларын парламентке ұсынды. Осы жоба газеттерде жарияланғаннан бері менен маза кеткендей. Өйткені ол жобада қазақ тілі дыбыстарының ерекшеліктері ескерілмеген. Егер бұл жоба осы күйінде қабылданар болса, төл дыбыстарымызды жоғалтып алу қаупі бар. Қазақ-латын әліпби жобасын әзірлегендер көңілдеріне келмесін, не мектепте, не жоғары оқу орындарының бірінде қазақ тілі дыбыстары жөнінде бір күн де сабақ беріп көрмеген, қазақ тілі дыбыстарының қыр-сырын жете меңгермеген адамдар сияқты. Мұны айтып отырған себебім: 1-сыныпқа келген балаларға А әрпін «а» дыбысының таңбасы деп, Е әрпін «е» дыбысының таңбасы деп үйретіп алғаннан кейін, «ал енді осы екі әріпті қосып айтсаңдар Ә дыбысы болады» деп мен оларға қалай айта аламын, не деп түсіндіремін?! Егер солай деген болсам, «Ағай-ау, А мен Е-ні қоссақ, Ә емес, АЕ болмай ма?» десе, мен не деймін?» [2] деген азаматтың пікірінен бұл нұсқаның деңгейінің төмендігін, тіпті еш негізге сай келмейтінін байқауға болады. Бүкіл қауымның ойы мен сезімін айна қатесіз жеткізген ғалым өз нұсқасын да ұсынады. Латын әліпбиінің өз нұсқасын жасаушылардың көпшілігі тілі білімі маман ғалымдары. Олар кәсіби деңгейінің төмендігінен жіберіліп отырған өрескел қателер ғалымдар тарапынан басқаша реакция тудыруы мүмкін емес еді.

12 қазанда Астанада өткен баспасөз конференциясында Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-методикалық орталығының директоры Ербол Тілешов пен Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбек 32 әріптен тұратын латын әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған. Онда қазақ тіліне ғана тән кейбір дыбыстарды апостроф (дәйекше) арқылы белгілеу ұсынылған. Әліпбидің екінші апострофты нұсқасы бекітіліп, оны үйрету жұмыстары басталып та кетті. Өзбектердің тілді компьютерге икемдеуге негізделген қателігін біз де айналып өте алмадық. Біздің де әліпби жасаушылар тобы пернетақтаны басым назарға алып, тілдің заңдылықтары ескерілмей отыр. Мұндай апострофы өте көп әліпби жер бетінде біреу, ол бізде ғана. Ол біздің болашағымыздың бастауына балап, тарихи маңызды мәселе, ұлттық серпіліс деп таныған жаңа әліпбиіміз. «Өзбектердің қателігі олар авторитарлы жолмен өтті және тілдік ерекшеліктерді ескерген жоқ. Көптің ықыласы болмаған соң ең жақсы деген жобаның өзі ақсап жатады.» [1] Ал Қазақстан бұл реформаға ұзақ дайындықпен келді. Алғаш 2007 жылы көтеріліп, 2012 жылы тағы еске алынып, 2017 жылы нақты қадам жасалып отыр. Халықтың көп күткен шешімі әрбір қазақты шын қуантқаны анық. Бірақ әліпби жасаушы ұйым мен оның қызметкерлерінің әліпбидің екі нұсқасы да халықтың көңілінен шықпай отырғаны бүкіл халықтық талқылау барысында байқалып отыр. Алғашқы қостаңбалы нұсқа да, соңғы апострофты нұсқа да қазақ тілін емес, пернетақтаны басшылыққа алғандығын тіл ғалымдар да, өзге жанашыр азаматтар да айтып, жазып жатыр. «Ал апостроф ағылшын және латын графикасын қолданатын өзге де батыс тілдеріне тән таңба. Ол тілдердегі қолданылу жиілігі өте аз болғандықтан мәтін ішінде оғаш көрінбейді. Оған ағылшын, фрКейінгі жобаның да кемшіліктері жетерлік. Жобада басы артық кірме дыбыстарға арнайы таңбалар берілген және [ә], [ғ], [и], [й], [ң], [ө], [ш], [ч], [ү], [у] дыбыстары апостроф арқылы a', g', i', n', o', s', c', u', y' таңбаларымен берілген. Кирил әліпбиі арқылы екі түймені басып жазатын өң сөзін бұл әліпби арқылы төрт түймені басып o’n’ деп тереміз. Бес түймені басып жазатын өңшең сөзін тоғыз түймені басып o’n’s’en’ деп тереміз. Үтірлерден көз сүрінетіні соншалықты бұл жоба арнайы мақсаттарда қолданылатын фонетикалық жазуға көбірек ұқсайды. Бұл дыбыстар қазақ тілінде жиі кездесетіндіктен апострофтың да қолданылу жиілігі көбейіп, мәтіндер көзге оғаш көрінетін болады. Түбір сөздерді былай қойғанда жоғарыдағы дыбыстардың көпшілігі жалғау, жұрнақтарымызда көптеп кезігетін дыбыс таңбалары. Апостроф жеке таңба болғандықтан жазудағы үнемдеу принципіне қайшы келіп, мәтіндеріміз біршама ұзаратын болады. Қысқасы бұл жоба қабылданар болса қазақ мәтіндеріндегі төл сөздеріміз апострофтардың құрсауында қалатын түрі бар» [4]

Латын әліпбиіне көшкен екінші мемлекет - азербайжан елі. Латын әліпбиінің арқасында орыс ықпалынан әжептеуір босап, Түркия мемлекетімен жақындығы күшейгені белгілі. Ондағы жаңа ұрпақ орыс тілін білмейді, бірақ олар әлемдік даму көшінен қалып отырған жоқ. Экономикасы да, технологиясы да ілгері даму жолына түскендігін өздері де атап көрсетіп, латын әліпбиінің ұлт дамуына тигізген игі ықпалын сезіп отыр. Олар орыс идеологиясынан шығып әлемдік кеңістікке құлаш ұрды.

«Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды.» - деген ғалым Ә.Жүнісбековтың пікірі қазақ тілі бодандық жылдарада қазақ тілінің табиғи дамуының бұзылып, орыс тілінің ықпалымен артикулляциялық өзгерістерге ұшырап, тіл тазалығы сақталмағаны анық. Сондықтан ғалым латын әліпбиі тек таңба ауыстыру ғана емес, тілді түбегейлі реформа жасап, өзіндік табиғи болмысын қайтару деп ұғады.

Латын әліпбиіне көшудің қаржылық шығыны туралы пікірлер сан алуан. Қиын кезеңде қажеті жоқ деп тоқтатақысы келетіндер де табылуда. Қаржы мәселесі елдің ұлттық саяси және рухани мәселені кейінге қалдыруда себеп болмауы керек. Ұлт мүддесі мен ұрпақ болашағы үшін кемеріне келіп тұрған әліпбиді жаңартудан бас тартып, болмаса кейінге қалдыру қателік болар еді. Тоқсаныншы жылдардың басындағы үлкен қиындықтарды елемей өткен көрші мемлекеттер отырып қалған жоқ. Олардың саяси-экономикалық, рухани-мәдени дамуы кенжелеп қалмай, өзге халықтармен үзеңгілес, қтарлас келеді. Қайта біз экономиканы жолға қойып, тұрақты даму барысында іске асырғалы отырған игілікті бастаманы кейінге қалдырудың еш себебі жоқ.

«Біз араб графикасынан латынға көштік. Таза беттен бастадық. Бізге қарағанда, сіздерге жеңіл болуы тиіс. Латын графикасында кириллицамен туыстас әріптер көп. Олар христиан дінінің негізінде қалыптасқан гомогенді әліпбилер» -деген түрік ғалымдарының пікірі орынды. Расында, араб графикасымен латынның образы еш үйлеспегенмен, Түркияда маңызды мәселе – әйелдер сауатсыздығы шешілді. Ол кезде Түркия әйелдерінің 90 пайызы сауатсыз еді. Латынға көшу арқылы әйелдер арасындағы сауаттылықты көтеріп алды. Яғни, латынға көшу арқылы қазақ тілін оқымай жүргендерді оқытып алуға болады. Болашағын ойлаған орыс тілді, орыс мектептеріндегі қазақтар енді орыс жақққа алаңдаудың мәнсіз екенін түсініп, қазақша оқытып, латынша жазатын болады. Түркияда Латынға көшу әкімшілік ресурстың ығымен, Кемаль Ататүріктің күштеуімен ғана жүргізілген жоқ. Мешіт пен мұнараларға парақшалар ілініп, халық көп жиналатын, ерекше сенім артқан имамдар латын қарпі туралы уағыз оқығаны туралы деректер бар. Сондықтан Бізде де латын графикасын ұлттық идеологиямен байланыстырып, ұлттың жаңа жолын көрсету керек.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу заман сұранысы екенін негіздеді. Латын әліпбиіне көшуде Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан мен Түркия мемлекетінің тәжірибесі жинақталып, Қазақстан жағдайына қолайлы шешімін табуы қажет. Қазір әлемде 112 мемлекет – латын әліпбиін, 48 мемлекет – араб әліпбиін, әлемдік банк жүйесі бойынша экономикасы озық 30 елдің – 22-сі, ал экономикасы дамушы іргелі 10 елдің 7-еуі латын әліпбиін пайдаланады»- деген деректерге сүйенсек, әлемнің қаутты бөлшегі болғымыз келсе, ұрпақты әлемдік өркениеттің бел ортасында жүрсін десек, латын әліпбиі біздің жаңа биігіміз болуы керек. Соңғы ел көкейіндегі дөп басқан жаңалық еліміздің сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың пікірі: «Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет» [5]. Бұл пікір арқылы халық апаострофты нұсқаны тоқтатып, оның орнына дұрыс нұсқа енгізілу мүмкін деген үміті бар.

Елбасы тарапынан дер кезінде ұсынылған құжат. Елбасы үміті мен халық сеніміне балаған латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан бұл мәселе бүкіл ұлтты ұйыстырған игі шара, тарихи қадам. Қоғамдағы жас баладан, қарт ақсақалдарға дейін, оқушыдан президентке дейін ешкімді айналып өтпейтін, барлығын бірдей толғандырып, бірдей ойландырған таңба ауыстыру халқымыздың бүкіл жадысын өзгертетін концептуалды жүйе. Сондықтан халық пікірі ескерілуі қажет, тілші ғалымдар мен әліпби жасауға қатысушы әрбір азамат жауапкершілікті терең сезіну керек. ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов арабша төте жазуға да, кейін латын әліпбиін жасауға да атсалысқаны белгілі. Ол кезең тілі білімі ғылымының енді ғана дами бастаған кезі еді. Сол кезеңнің өзінде сапалы әліпби дайындағын азаматтардың пікірлеріне ден қойып, 1929 жылы енгізілген әліпбиді негізге неге алмасқа. Сол әліпбиді жетілдіріп, пернетақтаны да ескеріп жаңа әліпби жасалу керек. Бұл біз үшін тіпті жаңа, тосын дүние емес, 1929-1940 жылға дейін халық қажетін өтей білген өте сапалы латын әліпбиі болды емес пе? Қазір неге халықтың көңілілінен шығып, тілдің табиғатын терең таныған толықққанды әліпби жасау мүмкін болмжатыр деген сұрақ бар халықтың көкейінде. «Халық айтса, қалт айтпайды». Қазақ тілін пайдаланушылардың басым бөлігі қарапайым халық. Әліпби ауыстырған сәтте жоғалып кетпей ме, тіліміздің түркілік, қазақы болмысы, қазаққа ғана тән әуезді дыбыстары өзгеріске ұшырап кетпей ме деген қорқыныш бүгінгі таңда әрбір қазақты мазалап отыр. Латын әліпбиі халықты біртұтас ете ала ма? Орыс тілді және қазақ тілді болып екіге бөлінген ұлт енді жазу тұрғысынан да бөлініп, жік тереңдеп кетпей ме деген қорқыныш көптің көңілін алаңдатуда. «...латын әліпбиіне мемлекет түгел өте ме, әлде тек қазақ тілі ғана өте ме?»-деген басты сұрақ – елдің сұрағы болып тұр. Ертең бүгінгі халіміздей мемлекеттік тіл өз жайында- босағада, ресми тіл –орыс тілі төрде келе жатқанындай жағдай енді әліпби статусында да қайталанбай ма? Заң тілімен айтқанда, де-юре ойдағыдай екі тілдің де-факто әділетсіз статустары енді әліпбиде қайталанбайтынына кім кепілдік бере алады?» - деп толғанған азаматтың сұрағы өте өзекті. Қазақ тілді халық тілдік тұрғыда ғана емес, жазу тұрғысынан да қағажу көріп, ертең қоғамдық мәселелерде қиындыққа тап болмауы керек. Ол үшін әліпбиге қатысты қатаң заң қабылдануы керек. 2025 жылы бүкіл мемлекеттік ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету ұйымдарының барлығы тек латын әліпбиінде жазылу талап етілмесе, кириллица қосақталып отыратын болса, латын әліпбиі керексіз болып, халыққа қажетті қызметін атқара алмайды. Сондықтан кирилл әрпіне орыс тілі сияқты статус берілмегені дұрыс. Себебі ол латын әліпбиінің терең сіңіп, кең жайылуына, қазақтың шын мәніндегі әліпбиі болуына кедергі келтірері хақ. Сондықтан бұл әліпбидің заңдық негізі күшті болуына мән беру керек. Сонда ғана орыс тілід қазақтарды шын мемлекеттікке бет бұрғанымызға сендіріп, біртұтас ұлт болып, жасампаз мемлекет құруға мүмкіндік бар.

Латын таңба ұйыстырсын ұлтымды,

Оралса екен орыс тілді қандасым.

Біртұтас боп ел ертеңі жаңғырып,

Мәңгілік ел идеясы самғасын.

Өркениет жақындасып еліммен

Ұрпақтарым бірге болмақ әлеммен

Тілі жақын, жазуы бірдей болған

Түркі халқы бірлігіне сенем мен.

Басты мәселе латын әліпбиін енгізу туралы жарлыққа қол қойылды, яғни негізгі шешу қадам жасалды. Жасалған нұсқаларды жетілдіру әлі көп талқыланатын мәселе. Бұл соңғы әрі бірегей нұсқа емес. Ол туралы Елбасының өзі де айтып өтті. Нұсқаларды қолдана келе олардың кемшілігі мен қателігі көрінеді. Сол тұста қапы қалмай өзгерістер енгізіп отырыу қоғам мен маман ғалымдардың ісі. Сондықтан осындай қызу талқылыау жалғаса беруі керек және ол өте белсенді және ымырасыз болғаны жөн. Тіліміздің табиғатына толық сай келетін оның бар болмысын ашатын нағыз әліпби жасалмай бұл талқылау мен халықтық бақылау тоқтамау керек. «Ал Латынның үтірлі нұсқасы көзге күйік болып тұрса, ол өмірге енгенде, кемшіліетері көрінгенде, түзетіле береді. Әліпби өзгертуге болмайтын Құран емес. Өзбектер төрт рет, түрікпендер мен тәжіктер екі-үш рет қайта түзеді әліппелерін.»

«Елбасы: «Алдымен экономика, содан соң саясат» деген ұстанымын тиянақтап, енді халқымызды «тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» Олар, атап айтсақ, заман талабына сай – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білім салтанаты, эволюциялық даму және сана ашықтығы. Осылардың діңгегі, іргетасы, мазмұны әрі формасы – тіл екені бесенеден белгілі. Олай болса, латын негізді қазақ жазуының реформасы – рухани жаңғыруымыздың белортасы, шешуші факторы, терең мәнге ие бастама. Бұл тек қана тілдің реформасы емес – діл реформасы, жанымыздың жаңғыруы, маңызды стратегиялық бағдарлама. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген ұлағатты пайымның ұлыстық, этностық шеңберінен шығып – ұлттық, мемлекеттік, азаматтық мәртебеге ие болуының айқын айғағы. Бұл – болашағымыздың тізгінін өз қолымызға алудың, Президент сөзімен айтсақ, «болашаққа бағдар», «рухани жаңғырудың» өзегі, Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарында сап түзеуінің жарқын кепілі.» - деген әліпби жасаушы ғалым Е.Қажыбектің пікірі әліпби мен тіл мәселелсінің біртұтас екендігін айқындап, әліпби арқылы тіліміздің де тұғырына қонатындығына сенім ұялатады. Әліпби ауыстырудың саяси межесі орыс империализмімен алыстау болса, ұлттық межесі ұлт ретінде қазақ тілін біртұтас мемлекеттің тілі ретінде өз тұғырына қондыру, ұлтты ұйыстырып, Мәңгілік ел болуға бағыт алу. Қазақ халқы ата-баба жерінде өзінің тілі мен төл жазуы, шекарасы мен ұлттық рәміздері, халық сайлаған президенті бар мемлекет болғанда ғана толық азат ел болады. Өзге ұлт тілінде сөйлеп, өзге ұлт тілінде сөйлейтін адам ешқашан өз ұлтының перзенті бола алмайды. Ол да бір тамырынан айрылған қаңбақ та бір. Сондықтан ұрпағымыз көне түркілік тамырымызға берік байланған қуатты ел болу үшін осы бір қиын да қасиетті міндетті абыроймен шешу біздің елдігімізге сын.


Әдебиет:

1 Латын әліпбиі – бірегейлік пен жаңғыру негізі. https:// aikyn.kz/2017/09/26 /28088.html

2 Қазыбек ИСА Abai.kz 3. Е.Қажыбек. https://egemen.kz/article/158164-latyn-alipbiininh-ulgisi-tanystyryldy 4. Қ.Қыдырбайұлы.: http://e history.kz/publications/ view/3467

3 Қ.Қыдырбайұлы.: http://e-history.kz/kz/publications/view/3467

4 Байынқол ҚАЛИҰЛЫ, Жас Алаш №75 (16261) 21 қыркүйек, бейсенбі 2017

5 Е.Қажыбек. https://egemen.kz/article/158164-latyn-alipbiininh-ulgisi-tanystyryldy.


ӘОЖ 811.512.122



ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖАҺАНДАНУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Досова А.Т.ф.ғ.к., доцент, Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мақалада Қазақстанда қазақ жазуының латиницаға көшуіндегі қиындықтарды шешуге бағытталған өзекті мәселе қарастырылған. «Қоғамның рухани жаңғыруы» бағдарламасында көрсетілген мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін мемлекеттік саясаттың бірнеше бағыттары айқындалған. Автор қазақ жазуының латиницаға көшуіндегі жақсы жақтарды көрсете білген. Олар: қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын жаңғырту, Қазақстанды түркі әлемімен жақындастыру, жаңа жазудың қазақ тілін жаһандық ақпарат кеңістігіне енуіне мүмкіндік беруі.

Кілт сөздер: тіл, қазақ жазуы, латын әліпбиі, орфоэпия, ақпарат.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам. Президент өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай алға ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелердің толық концепциясын жасады. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары, болашағы айқындалған. Соның ішінде, қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр [1].

Ғылым мен технологияны дамыту арқылы әлемдегі 30 алдыңғы қатарлы елдердің қатарына енуді басты меже етіп алғанымыз белгілі. Отаншылдықты дамыту, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру, ұлттық бірегей тектілік дегеннің өзі үлкен-үлкен көкжиектерге жетелейді. Латын әліпбиіне көшуіміздің өзі жалпы қазақ халқына көп жаңалық әкелетіні түсінікті.

Қазақстандағы қазақтың барлығы қазақ тілінде сөйлейді, жазады, іс-қағаздарын жүргізеді деп айта алмаймыз. Ол - қазақ халқының тағдыры, бұны біз мойындаймыз. Қазақтың барлығы қазақ тілінде сөйлемеген жағдайда латынға асығыс көшудің қиындықтары болатыны белгілі. Сондықтан Президентіміз «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы қазақтар ғана емес, тұтас халықтың 95 пайызы 2025 жылы мемлекеттік тілді игереді деп болжады. «Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады. … ең бастысы — қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деген болатын [2].

Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Бірақ алға қойған мақсатқа дұрыс құрылған кешенді шаралар арқылы қол жеткізуге болады.

Мемлекетіміздің басты мәселесін дамыту үшін келесі тұжырымдарды нысанаға алып, іс жүзіне асыру керек. Олар:

1 Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі тіліміздің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беруі керек;

2 Латын графикасының пән ретінде орта және жоғары оқу орындарында оқытылуы;

3 Еліміздің солтүстік өңірлерінде орыс тілді халықтың шоғырлануына байланысты латын әліпбиіне көшу мәселесінің орыс аудиториясында насихатталуы.

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі тіліміздің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беруі керек дегенге келетін болсақ, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқыту барысында басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептің бастауыш сыныбынан бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс тобы құрылып, еліміздің түкпір- түкпірінен келген ұсыныстарды ескере отырып, қазіргі таңда 32 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің нұсқасы әзірленді. Бұл әліпби қазақ тілінің ұмыт болған орфоэпиялық заңдылықтарын қайта жаңғыртады деген ойдамыз. Мысалы, ұзын, жұмыс, құқық деген сөздер қалай жазылса, солай айтылып жүр. Негізінде ұзұн, жұмұс, құқұқ деп айтылуы керек.

Латын әліпбиіне көшу, негізінде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, кириллица негізінде құрастырылған әліпбиіміздің салдарынан тіліміздегі жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы орфография мен орфоэпия талаптарын жүйеге түсіру деп білеміз.

Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан әліпби  мен жазу мәселесіне әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан жете назар аударған жөн. Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Қазіргі филолог мамандар әліпби жасау  үшін алдымен графикалық лингвистика  теориясын терең танып,  тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне жете назар  аударып, бөгде  тілдерден енген сөздерге қатысты фонемаларды қалай  таңбалау  керек  деген  мәселелерді шешіп алу керек,  одан кейін тілдің  болмысын танытатын негізгі заңдылықтарын біліп, тілдің  табиғатына сай келетін, өзіндік дыбысталу  ерекшеліктеріне кері әсер етпейтіндей мәселелерді ескеру керек деген тұжырымдар келтіруде. Жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де  назарға алынуы тиіс деген.

Латын графикасының пән ретінде орта және жоғары оқу орындарына оқытылуы төл әліпбиіміздің бекітілгенінен бастап қолға алынуы керек. Республика бойынша тілдерді дамыту орталықтарында латын қаріптерін үйрететін курстар ашылып, халықтың игілігіне жұмыс істеулері керек. Бұндай курстар жоғары оқу орындарына да енгізілуі тиіс.

Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу қазақ аудиториясында жақсы талқыланып, қалың қазақ қауымы бұл бастаманы қолдап отыр. Осы мәселе орыс тілді аудиторияда да насихатталуы керек деп ойлаймын. Бұл Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлттар арасында осы мәселеге байланысты түсініспеушілікті жоюға ықпал етер еді.

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындаймыз. Компьютерлік техникалардың, құрал-аспаптардың көпшілігі латын тілінде жұмыс істейді. Жастарымыз бір-бірімен латын әріптерімен хат алмасады. Латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамымызға бұрыннан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берер мүмкіндіктері орасан зор. Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашылады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндіктер береді.


Әдебиет:

1 Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // «Егемен Қазақстан» газеті. 26 сәуір 2017 ж.

2 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан 2012 ж.

ӘОЖ 811.512.


ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІНІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ – ТАРИХИ ШЕШІМ
Бимағамбетов К.Ә.– Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы

Мақалада қазақ жазуының латын графикасына көшуі тарихи шешім екендігі нақты фактілермен дәлелденген.

Кілт сөздер: Рухани жаңғыру, болашақ, қазақ тілі, тәулсіздік, тарих.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

2017 жылдың 26 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойып Қазақ жазуының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Барша көзі ашық, көкірегі ояу қазақстандықтар бұл қадамды толық қолдайды.

Себебі ол қазақ халқының рухани дамуына жол ашады және ел егемендігінің нышаны болып табылады.

1992 жылдың мамыр айында Түркия Республикасы үкіметінің бастамасымен Анкара қаласында барлық тәуелсіз түркі мемлекеттерінің өкілдері жиналып, латын әріпінің негізінде жаңа әліпби жасау мәселесін талқылады.

Бір аптаға созылған маңызды басқосу барысында барлық тәуелсіз түркі мемлекеттерінің өкілдері кириллицадан латын әрпіне көшуге келісті.

Содан бері қазақ ғалымдары жаңа әліпбиге көшу жолында жұмыс атқарып келді.

Түркияда өткен ғылыми мәжілістің нәтижесінде Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан латын алфавитіне көшіп алды.

Ендігі кезек Қазақстанға да келіп, жаңа әліпби дайындағанда біз жоғарыда аталған мемлекеттердің тәжірибесін пайдаланып, оларда орын алған кемшіліктерді ескеріп, латын әрпінің негізінде қазақ әліпбиін жасадық. Президенттің бұл үлкен бастамасына бүкіл қазақстандықтар қатысты.

Жалпы алғанда біз қазақ тілін латын әліпбиіне көшіре отырып, әлемдік мәдениетпен етене араласып, қазақ тілін кеңінен танытатынымызды ұмытпауымыз қажет. Латын әліпбиіне көшу – тарихи тамырымызға оралу.

Латынға көшудің терең логикасы және мұның үлкен саяси мағынасы да бар, біз тәуелсіз мемлекет екенімізді көрсете білдік. Себебі біздің келешегіміз осыған да байланысты болып келеді. 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу да осыған байланысты. Латын әліпбиіне өту әлемдік инновацияларды жедел игеруге, келешегімізге нық басып, технология мен коммуникацияны меңгеруде мүмкіндік беретін құрал. Сонымен қатар кең сөйлеуге, ағылшын тілін және медицина саласын меңгеру үшін жол ашатын мемлекеттік маңызды шаруа. Бір сөзбен атап айтқанда, бұл ғажап дүние. Бұдан айырылып қалмау керек.

Бұл реформаның енуі үшін уақыт қажет. Жаңа әліпбиді оқыту, қазақ тілді оқулықтар, әдебиет шығару, баспасөзді латын графикасына ауыстыру көп еңбекті талап етеді. Алайда қазақ халқының келешегі үшін, рухани дамуы үшін, кезінде тоталитарлық режимнің күштеп енгізген әрпінен бас тарту егемендігімізді нығайтуға, мемлекеттік тәуелсіздігімізді сақтауға жол ашып отыр.

Сонымен қатар, Елбасымыз айтқандай қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді.

Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Мысалы, ежелден қазақ даласында руникалық орхон-енисей жазбасы қолданылса, 9 ғасыр бойы қазақ халқы араб алфавитін жүргізді, одан кейін 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды, демек 10 жылдан астам латын алфавитін пайдаланды.

1920  жылдары латынға көшу қажет деген мәселе күн тәртібіне қойылды. Қазақ зиялыларының бірсыпырасы осы пікірді қолдады. Қызу пікірталастар, айтыстар, дөңгелек үстелдер басындағы ойлар баспасөз беттерінде жарияланды. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Әбдірахман Байділдин “Біздің жобамыз”  атты мақаласыңда Мәскеуде қызметте және оқуда жүрген қазақ жастарының латыншылдар ұйымын ашқанын айтады. Күн тәртібінде бұл мәселенің неге қатты қойылып отырғанын айта келіп, “Елді сауаттандыру керек. Бұл игі істі тездетуге араб әрпі жарамсыз, тез хат танытып, тез жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де кедергілері көп. Саны 24-28, ал басуға, жазуға келгеңде 100-ден асады. Шым-шытырық нүктелер көп, жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай оқылады, пән белгілеріне жарарлық таңбалар жоқ” деген уәж айтады.

Мәскеуде, Тәшкентте латыншылдар ұйымдары құрылды. 1924 жылы маусым айында Орынборда  әліпби  ауыстыру мәселесін талқылау мақсатында Қазақ-қырғаз білімпаздарының тұңғыш сиезі ұйымдастырылды.  Аталған жиында  қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов:«Біз қазаққа латын әрпін күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үйрену, жазуға тым пайдалы, жеңіл. Түрік (араб) әрпінің біреуі төрт түрлі, латындікі бір ғана түрлі» деп, латын әліпбиі Қырғыз, Өзбек, Түрік  сынды шығыс елдерінде қолдау тауып отырғандығын да айтты.

1926 жылы бірінші бүкілодақтық түркологиялық съезінде түрік халықтары «яналиф» бірыңғай түрік әліпбиін қабылдады.

1927 жылы 19-қарашада Халық Комиссарлар кеңесінің шешімімен Жаңа қазақ әліпбиінің орталық комитеті құрылды. Аталған шешім негізінде комитеттің төрағасы - Нұрмақов Нығмет болса, мүшелікке Тоқтабаев Кәрім, Жандосов Ораз, Байділдин Әбдірахман, Ермеков Әлімхан, Тоғжанов Ғаббас, Шонанов Телжан сынды қайраткерлер тағайындалды.  

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Басылымдардың барлығы дерлік латын әліпбиіне көшірілді. Ауылдарда жаппай сауаттандыру мақсатында қызыл отаулар тігіліп, ол жерде латын әліпбиі насихаттала басталды

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Латынға көшу мәселесін дұрыс-бұрыс деп, таласып, дауласудың қажеті жоқ. Дұрыстығы әлдеқашан дәлелденген. Оны қайталап айта бермеу керек.

«Көз қорқақ, қол батыр» демекші, үлкен қадамға бет алдық. Біздің аталарымыз латын әрпінде оқыған, жазған. Осы уақытқа дейін кітапханаларда сол жылдары латынша шыққан еңбектер бар. Бүгінде кирил әрпінде оқитындар латынға көшкен уақытта осы уақытта дейін жазылған еңбектерді, кітаптарды оқи береді, оған қоса жаңа әліпбиді үйренеді. Ал жастарымыз ағылшын, француз, неміс тілдер арқылы латын әріптерін біледі. Енді бүкіл халық болып жаңа бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін меңгеру және дамыту жолында жұмыла жұмыс істейік.

Әліпбилерді жаңарту – бұл қалыпты тарихи тәжірибе. Қазіргі ақпараттық және технологиялық кеңістікте латын жазуы – жаһандық прагматистік құрал, ол ешкімді бөліп жармайды. Кері­сін­ше, бұл коммуникация құралы. Және де ол қазақстандықтарға жақсы таныс. Латын әліпбиі ұлттық сөздігімізге халықаралық, ғылыми-техникалық лексиканы бейімдеуге оңтайлы мүмкіндік бермек.

Қазақ тілінің әліпбиін латынға көшіру табандылықпен жүзеге асырылды. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 сессиясында Елбасы «Біз қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру мәселесіне қайта оралуымыз керек. Кезіңде біз оны кейінге қалдырдық. Латын графикасы коммуникация кеңістігінде басым.» - деп ой салды.

2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» - деп мәлімдеді [1].

Ал 2017 жылы қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылданып, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажеттілігін айтып, алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс деп нақты тапсырмалары берілді. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұратының атап өтті.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру әлем елдерінде тұрып жатқан қандастарымыздың қазақ тілін үйренуіне де жақсы жағдай жасайды. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ

Латын әрпіне көшу − түбі бір, тарихы ортақ түркі халықтарымен жақындастыра түсетіні де маңызды факторлардың бірі. Олармен бірлесе отырып, гуманитарлық ғылыми-зерттеулерді жаңа сатыға көтеруге мүмкіндіктеріміз көбейеді. Туыстас халықтардың ынтымақтастығынан ешкім ұтылмайды. 
Әдебиет:

1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан 2012 ж.


ӘОЖ - 821.512.122.9



ҚАЗАҚ ҚАНДЫ ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ
Бекқожа Жылқыбекұлы - ф.ғ.к., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
Бүгінгі таңда ұсынылған жүзден астам әліпби жобасын жинақтап, жүйелейтін болсақ, оларды кірме дыбыстармен ішінара ымыраластырылған әліпби, кірме дыбыстармен мүмкіндігінше толық ымыраластырылған әліпби, түркі кеңесі ұсынған ортақ түркілік әліпби жобасы және төл дыбыстарымызды бейнелейтін таңбалардан құралған таза ұлттық дәстүрлі әліпби жобасы қатарлы нұсқалардың бар екендігі белгілі болып отыр. Әрине, бұл нұсқалардың бәрінде де барлық ұлттарға ортақ қолданылмалы дыбыстар төңірегінде күрделі мәселе жоқ деуге болады. Алайда мұндағы ең маңызды түйіншек кірме дыбыстар мәселесі болып отыр. Оның ішінде жаңа әліпбиімізге «v, f, h қаріптерін қосу қажет сияқты» (Мырзаберген Малбақұлы) дегендей сыңайлар белең алуда. Сонымен бірге «ежелден бері келе жатқан ортақ сөздік қорда ф, х қаріптерімен жазылатын сөздер ерекше мол» деген уәждер де жиі кездеседі. Егер біз бүгін «ф» мен «в»-ны қимасақ, ертең «ч», «щ» мен «ц» - ны әліпбиімізден іздейтін боламыз. Сондықтан кірме дыбыстарды жаңа латын әліпбиімізден түбегейлі аластауымыз керек. У мен И - дің дауыссыз дыбыс екенін білмейтін “профессорлар” мен “академиктеріміздің” бұл мәселедегі ұстанымы «тағылымшылдықпен» көзге түсіп жүргендігі жасырын емес. Бұл тұрғыда тіл ғалымы Ә.Жүнісбектің сөзімен айтқанда, «әлеми жазудың тәжірибесіне қарасақ, ешбір мемлекет, ешбір халық кірме дыбыс үшін арнайы таңба ойлап таппайды немесе сол кірме дыбыстың төркін таңбасын алмайды. Таңбаны сол өзінің төл әліпбиінің ішінен қарастырады. Кірме дыбысқа сол дыбыстың төркін таңбасын қоса алу деген бұрынғы кеңес түркі республикаларында (оның қақ төрінде өзіміз бармыз) ғана болды».

Егер біз кірме дыбыстарды әліпбиімізге енгізетін болсақ, онда 1929 жылы ц дыбысына байланысты бір ғана ереже болса, ал 1938 жылы ц дыбысына байланысты тағы бір ереже қабылданғаны сияқты немесе 1938 жылы ю әрпіне байланысты ереже толықтырылғаны секілді қосымша емле-ережелер қаптап кететіні даусыз. Бұлай кірме дыбыстардың таңбалануын қосалқы ережелерде көрсететін болсақ, онда жаңа әліпбиге көшудің ешқандай қажеттілігі қалмайды. Сондықтан бір әліпбиде бір ғана емле ережесі болу керек деген заңдылықты қатаң сақтау қажет. Өйтпегенде біз тағы да қателікке бой алдырамыз да ана тіліміздің дәстүрлі жалпақ тілдік әуез-мәнерінен біржолата айрылып қаламыз. Сол себепті қабылданатын жаңа латын әліпби жобасын кең көлемді талқылаудан өткізу керек. Осы барыста «өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші мен де өз талғамым бойынша ұлттық дыбыстарды таңбалаған әліпби жобамды көптің назарына ұсынып отырмын.



Бекқожа Жылқыбекұлының әліпби жобасы

Bvkhozha Zhelhebekuleneng clipbiy zhobase




кирилше

лат.



Кирилше

лат.

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14


А а

Ә ә


Б б

Ғ ғ


Г г

Д д


Е е

Ж ж


З з

Й й


Ққ

К к


Л л

М м


А a

С с


B b

F f


G g

D d


V v

Zh zh


Z z

Y y


H h

К к


L l

M m


15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28


Н н

Ң ң


О о

Ө ө


П п

Р р


С с

Т т


У у

Ұ ұ


Ү ү

Ш ш


Ы ы

І і


N n

Ng ng


O o

Q q


P p

R r


S s

T t


W w

U u


J j

X x


E e

İ i

Бұл әліпби жобасының ерекшелігі: Жоба кірме дыбыстардан ада-күде арылып, негізінен «бір дыбыс – бір әріптік» ережені сақтады. Дыбыстарды таңбалаған кезде таңбаның қосарлануы мен асты, үсті белгілері болмау жағы қарастырылды. Әсіресе, өткен күндердегі жазу ауыстыру «науқанынан» сабақ алып, А-Ә, О-Ө, Ғ-Г, Қ-К, Н-Ң қатарлы ұлттық төлтума дыбыстарымыздың таңбаларының бір-біріне өте жақын деңгейде ұқсап қалмауы көзде ұсталды. Өйткені дәл осылай істегенде ғана бір-біріне жақын әрбір жұп дыбыстардың бір-бірінің орнына қолданылып кететін бұрынғы қателіктерімізді қайталамайтын боламыз. Сонымен бірге ұлттық төлтума дыбыстарымызға таңба белгілегенде дәл қазіргі кезде пернетақтада бар латын әріптерін пайдаланып дыбыстарды таңбалау жағы ескерілді. Өйтпегенде көптеген әурешіліктер мен қаржылық қиыншылықтар туындайтындығы сөзсіз. Ал талас-талқы мен ой-толғам жарысы оқырмандар жағынан бола жатар деген ойдамын.

Алайда біз латын әліпбиіне көшуден бұрын қазақ тілінде неше дыбыс бар деген сұраудың жауабын тұрақтандырып алуымыз керек. Әрине қазақ тілінде 28 дыбыстан артық дыбыс жоқ. Басқа тілдерден кірген сөздерді осы 28 дыбыстың әрібі арқылы өз тілімізге бейімдеп жазуымызға әбден болады. Сондықтан одан артық дыбыс бар деген орысқұлдық түсінікті жоюымыз керек. Өйтпегенде оңбай қателесеміз.

Бұл әліпби жобасындағы қосар әріптер zh мен ng қатарлы таңбалар халықаралық өлшемге сәйкес келеді. Олар оқырмандарға жат емес. Егер бұл жоба қабылданар болса, ң ға тілі келмейтін толып жүрген қазақтар қытай мен ағылшыннан ұйалса да бұл дыбысты дұрыс айта алатын болады. Ағылшын тілін былай қойғанда тіпті қытай тілінің піңиндерінде де осылай оқылады. Ал қ дыбысының н әрібімен бейлененуі де солай. q дің қ болып оқылуына қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі ұтымды. Бұған мысал ретінде QAZAQ пен HAZAH деген жазуды салыстырып көрсек көзіміз жетеді. Екінші нұсқасын кез келген ағылшын мен қытай дұрыс оқи алады. Қалған ә, ү, ө, ғ қатарлы төлтума дыбыстарымыз бен г, к қатарлы дыбыстарымызға оның сыңарларына жақын емес таңбалар ойластырсақ жеткілікті. Қалған ортақ таңбалардан көп мәселе шықпайды.

Бұл жердегі ең басты мәселе дыбыстарды дұрыс бөле білу. Ол менің түсінігімше қазіргі қолданып отырған әліпбидегі жалпы қазақ тіл дыбыстарын төлтума дыбыстар, қолданбалы дыбыстар және кірме дыбыстар деп үш топқа бөлуге болады. Орыс тілімен салыстырмалы түрде бірінші топқа қазақ тіліндегі мына әріптер жатады. Олар: ә, ү, ө, ұ, ғ, қ, ң .

Қазақ тілінің ұлттық сын-сыйпатын айқындайтын тіл дыбыстары төлтума дыбыстар деп аталады. Бұл тіл дыбыстарын таңбалаған әріптерді ағылшын тілі мен орыс тілі дыбыстарымен салыстырғанда қазақ тіліндегі қолдану аясы өте маңызды. Өйткені бұл тіл дыбыстарына қазір әлемге үстемдік құрып отырған ағылшын тілі мен құлдық санамызды құрсаулап келе жатқанн орыс тілінде дәл келетін тура дыбысы жоқ болғандығы себепті, компьютер тілінің пернетақтасынан орын ала алмаған. Сондықтан осы бір төлтума тіл дыбыстарымыздың маңызы қазақ тілінде мүлде көрнектіленбей келеді. Оның мысалы ретінде «ә»-нің орнына «э» немесе «е»-нің, «ө»-нің орнына «о»-ның, «ғ»-ның орнына «г»-нің, «қ»-ның орнына «к»-нің, «ң»-ның орнына «н»-ның, «і»-нің орнына «и»-дің, «ұ»-ның орнына «у»-дың қолданылуын көлденең тартуға болады. Сол себепті біз қазақ тілінде өз ұлытымызға ғана тән өзіндік ерекшелігі бар осы төлтума дыбыстарымыздың маңыздылығын жете түсінібей тұрып, латын әліпбиіне өтудегі тіл мәселесінің түйіншек түйткілдерін шеше алмайтындығымыз анық. Әсіресе, латын жазуына көшкенде осы бір ұлттық төлтума дыбыстарымыздың бір-біріне жақын келетін жуан, жіңішке дыбыстардың дербес таңбалануына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені бұл тіл дыбыстары ана тіліміздің мән-мәйегін айқындайтын бағдаршам екендігі айдан анық. Сондықтан бұл дыбыстарға таңба белгілегенде өте сақ болуымыз керек.
Әдебиет:

1 Жүнісбеков Әлімхан. «Қазақ фонетикасы». – Алматы: «Арыс», 2009, - 312 бет

2 Серекенова Қ.Қ. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»: Оқулық, Екінші басылым. - Алматы. «Эверо», 2014 - 168 бет

3 Сапархан Мырзабеков. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», Оқу құралы. Алматы: «Дәуір-кітап», 2013, - 220 бет

4 Қ Күдеринова. «Қазақ жазуының теориялық негіздері», Екінші басылым, - Алматы: «Мемлекеттік тіл дамыту орталығы», 2010, - 280 бет

5 Оразбаев. Ф, Қасабек.Қ «Қазақ тілі», Оқу құралы. - Алматы. «Арда», 2006 - 184 бет

6 Аханов К. «Тіл білімінің негіздері», Оқулық, 3 бас. Алматы: «Санат», 1993, - 496 бет

7 Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы», Арын Е, Құдабаев А құрастырған - Повладар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2008 - 172 бет

8 С.М.Исаев . «Қазақ тілі», Оқу құралы. - Алматы. «Өнер» баспасы, 2007 - 208 бет

9 Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу құралы.-Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. –135бет.




УДК 94(47).084:811.512.122
ДИСКУССИИ 20-30-Х ГОДОВ ХХ ВЕКА О МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСКОГО АЛФАВИТА
Ерменбаева Г.К. - к.и.н., доцент кафедры истории Казахстана

Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева
В ХХ веке в казахском обществе трижды менялась письменность (арабская, латиница, кириллица). В печати была организована широкая дискуссия по вопросу языковой политики. Данная статья посвящена дискуссии, развернувшейся в газете «Советская степь» между сторонниками и противниками реформирования казахского алфавита.

Ключевые слова: Латиница, модернизация, казахский алфавит,арабская графика
Предложения о переходе на латинскую графику руководством Казахстана высказывались и прежде. К примеру, выступая 24 октября 2006 года на XII сессии Ассамблеи народа Казахстана, президент страны Н.Назарбаев заявил: «Нужно вернуться к вопросу о переходе на латиницу казахского алфавита. Мы в своё время отложили его. Все же латинская графика доминирует сегодня в коммуникационном пространстве. И не случайно многие страны, в том числе и постсоветские, перешли на латиницу. Специалисты в течение полугода должны изучить вопрос и выйти с конкретными предложениями» [1]. Действительно, в современном информационном, технологичном пространстве латиница - это инструмент коммуникаций.

Начало политического решения по этому вопросу Глава Государства озвучил позднее в Стратегии «Казахстан-2050» в декабре 2012 года, в которой указал на необходимость перехода на латинский алфавит с 2025 года.

В мировой истории есть немало примеров модернизации алфавита. В эпоху Возрождения средневековый готический алфавит был модернизирован по античным образцам. Так в Италии в XV веке возникла классическая латиница, как ее тогда называли – антиква. Этот алфавит совершенствовался в разных странах, в том числе в Англии.

Модернизации подвергся в свое время и славянский алфавит. В XVIII веке Петр I, проводя европеизацию России, ввел новый гражданский шрифт, в котором старая кириллица была модернизирована по образцам европейской латиницы. Наконец, в 20-30 годы XX века, когда из 72 языков СССР 50 были переведены на латиницу, разрабатывался, как известно, проект перевода на латиницу русского языка. Сторонником такого перевода был первый нарком просвещения РСФСР Анатолий Луначарский.

Латиница используется в более 100 странах мира. Турция с 1929 года, Азербайджан с 1992 года, Узбекистан и Туркменистан с 1993 года перешли на латиницу. Из истории известно, что в Казахстане латиница использовалась с 1929 по 1940 годы. Но в связи с идеологической политикой советского режима, Казахстан был вынужден перейти на кириллицу.

В 20-х годах ХХ века вопрос о реформе тюркского языка был настолько серьезен, что вызвал необходимость созыва специальных совещаний и съездов. Так, 12-17 июня 1924 года в Оренбурге состоялся І съезд казахских работников просвещения. В его работе приняли участие А.Бокейханов, М.Дулатов, А.Байтурсынов, Х.Досмухамедов, М.Жолдыбаев, Н.Тюрякулов, А.Кенжин, Е.Омаров и другие видные общественные деятели и ученые. Одним из эмоционально дискутируемых был вопрос о реформировании алфавита. Доклад об орфографии сделал Ельдес Омаров, содокладчиком выступил Мухтар Мурзин. Ко времени этого съезда Казахстан имел уже 3 проекта нового казахского алфавита на латинской основе – Н.Тюрякулова, М.Мурзина, Х.Досмухамедова [2, с. 403].

В ходе обсуждения вопроса о реформировании алфавита сформировалась группа так называемых «арабисты» во главе с А.Байтурсыновым и группа «латинистов» во главе с Н.Тюрякуловым. Выдающийся казахский литератор, один из лидеров движения Алаш Ахмет Байтурсынов еще в 1912 году создал и усовершенствовал арабскую графику и орфографию казахского языка (сингармоничный алфавит и орфографию). В результате изучения и отбора звуков казахского языка и арабской графики в 1924 году была создана оригинальная «байтурсыновская орфография», получившее народное название «Төте жазуы» («Ясное письмо»). Ученые - лингвисты отмечают необычайную простоту и емкость данного письма, которым некоторые зарубежные казахи пользуются и в наши дни [3].

А.Байтурсынова поддерживали Х.Досмухамедов, М.Дулатов и др. Результат голосования за реформу алфавита показал преобладание сторонников латинского алфавита. Постановлением съезда Академическому центру Наркомпроса КАССР было поручено заняться изучением этого вопроса.

В эти дни новый латинизированный алфавит приобрел государственный статус в Азербайджане, что повлекло масштабные дискуссии не только среди тюркских народов. Активное обсуждение и обмен мнениями по вопросу реформы языка развернула Научная ассоциация востоковедения, которая была образована после поездки и встречи с общественностью Симферополя, Ташкента, Уфы, Оренбурга, Казани специальной делегации Комитета нового тюркского алфавита во главе с С.Агамалы-оглы в 1924 году.

Съезд казахских работников просвещения в Оренбурге не завершил дискуссию о реформе алфавита, а инициировал проведение тюркологического съезда во главе с Научной ассоциацией востоковедения и Обществом изучения Азербайджана. І Всесоюзный тюркологический съезд состоялся в марте 1926 года в городе Баку. В нем приняли участие такие величины как Б.Чобан-заде, В.Бартольд, А.Самойлович. Казахстан представляли А.Байтурсынов, Е.Омаров, А.Байсенов и Б.Сулеев. На съезде был рассмотрен 3-летний опыт Азербайджана, успевшего даже при частично проведенной латинизации транскрипции сделать огромное культурное дело. Очевидное преимущество латинизированного алфавита было подтверждено отечественными и заграничными учеными востоковедами. Введение нового современного алфавита взамен старой арабской было принято подавляющим большинством участников съезда (101 за, 7 против, 6 воздержавшиеся). Данный представительный съезд дал мощный импульс, легитимность и смысловую базу к переходу письменности тюркских народов СССР на латинский шрифт [3].

В эти годы на страницах газеты «Советская степь» С.Диманштейном, воглавлявшим Всесоюзную научную ассоциацию востоковедов, Т.Шонановым ответственным секретарем Центрального Комитета нового казахского алфавита, Н.Тюрякуловым руководителем Центроиздата народов СССР (1924-1928), членом Комиссии по латинизации письменности народов СССР и другими поднимается вопрос о перемене транскрипции. Отмечая о затруднениях чтения арабской письменности для недостаточно грамотных, число которых является преобладающим и состояние косности тюркских языков, авторы поддерживают необходимость реформы тюрского языка.

Ректор Московского института востоковедения М.Павлович питает надежду на предстоящий тюркологический съезд, задачей которого было оказать научную помощь в решении практических потребностей, выдвигаемые самими заинтересованными тюркскими народностями при выработке наиболее рациональной системы письма, предоставляя выбор конкретного алфавита на усмотрение самой народности [2, с. 362].

Автор статьи «О перемене транскрипции (в порядке постановки вопроса)» Н.Феоктистов, озабоченный медленным культурным развитием Казахстана, связанное с сохранением архаической арабской письменности, указывает на путь разрешения этой основной задачи: «Это немедленный постепенный переход на новотюркский алфавит. При этом условии техническая неграмотность в Казахстане может быть ликвидирована в течение ближайшего десятилетия» [2, с. 363].

Поддерживая Н.Феоктистова в своевременности вопроса о латинизации казахского шрифта, другой автор - П.Михеев отмечает: «Отсутствие компактности, определенности, чрезвычайная каллиграфическая сложность начертания арабского алфавита делает трудноусвояемым при изучении и еще более трудным при изготовлении типографских шрифтов и всевозможных клише» и призывает казахских работников отнестись к этому явлению с объективной, научной меркой и учесть, какая колоссальная экономия будет во времени и энергии распространения грамотности и тюркизации, если алфавит будет прост для усвоения, начертания и изготовления [2, с. 366].

По мнению Т.Шонанова вопрос перевода казахского народа с арабского шрифта на латинский по своей актуальности и масштабности не может уложиться в рамках газетных статей и заметок. Поэтому он знакомит читателей «Советской степи» с положением дела, изложив историю возникновения во второй половине ХІХ в. вопроса о замене арабского алфавита латинским по инициативе известного азербайджанского писателя М.Ф.Ахундова. Идея Ахундова тогда не получила осуществления и после Октябрьской революции вновь всплыла на поверхность общественной жизни с новой силой. Отмечая о появлении интереса к этому вопросу среди учительства и учащейся молодежи Казахстана он пишет: «Первыми приняли латинский алфавит азербайджанцы, якуты и карачайцы, ингуши, тюрко-болгары стали печатать книги новым шрифтом. В Дагестане образовался комитет нового алфавита под руководством главы дагестанского правительства Коркмасова. В Турции Министерство народного просвещения недавно внесло предложение в парламент о принятии на госбюджет работы по проведению в жизнь латинского алфавита. Недавно радио сообщило постановление турецкого правительства о решении перейти на латинский алфавит. ГУУЗом Туркменистана выработан проект туркменско-латинского алфавита. Киргизы, узбеки и башкирцы принципиально решили о необходимости перехода на новый алфавит. Наконец, это движение захватывает и Казахстан» [2, с. 368].

Указав недостатки арабского алфавита, Т.Шонанов отмечает о необходимости большой выдержанности, умелой тактики, упорной и мнолетней работы по введению нового алфавита, так как многие смешивают перемену шрифта с переменой языка. Позже в другой статье «Педагогика и арабский алфавит», он поясняет насколько арабский алфавит удовлетворяет педагогические требования. «Алфавит, отвергающий добрую часть основных требований педагогики, должен быть отвергнут и сознательным учителем», таким обращением к учительству Казахстана, которое в силу своего почетного и ответственного положения призван идти в первых рядах культурного движения, завершает статью [2, с. 371].

На совещании 1926 года в г. Кзыл-Орде по вопросу реформирования алфавита в защиту латинизации, как орудия культурного развития и приобщения европейской культуре, выступил известный казахский писатель А.Байдильдин. Перечислив недостатки арабского алфавита, А.Байдильдин пишет: «Латинские знаки - не только знаки техники и науки, но и знаки, усвоенные общей письменностью почти всех культурных народностей. Так что с приемом латинского алфавита нам сильно облегчится усвоение завоеваний общечеловеческой культуры» [2, с. 375].

Казахским латинистам-новаторам противостоял Ахмет Байтурсынов, который считал, что вопрос о замене арабского шрифта латинским не является вопросом, вызванным жизненной необходимостью. Видный педагог - просветитель А.Байтурсынов аргументировал тезис о том, что переход на латиницу приведёт к потере национальной духовности и культуры, накопленных веками казахским и другими тюркоязычными народами. Не отрицая трудностей в освоении арабской графики, он предложил продолжить работу по ее усовершенствованию. «Возбуждение вопроса о замене арабского шрифта латинским побудило многих заниматься сравнительным изучением названных шрифтов и в достаточной степени подробно и углубленно. При этом изучении обнаружились такие качества того и другого шрифта, на которые раньше не обращалось внимание», отмечает А.Байтурсынов. Свое выступление на совещании А.Байтурсынов завершает достижениями в области улучшения алфавита и орфографии и на опережении ряда передовых стран в этом отношении [2, с. 380].

24 февраля 1927 года на страницах «Советской степи» была напечатана статья Н.Тюрякулова «Еще раз о новом алфавите», написанная в резко полемическом тоне и содержащая ряд выпадов и обвинений против Научно-методического совета Наркомпроса и в частности против его председателя М.Жолдубаева. Сторонников арабского алфавита Н.Тюрякулов называет консерваторами, а их позицию называет саботажем нового алфавита. М. Жолдубаев – председатель Академического центра Народного комиссариата просвещения КазАССР, публикует ответную статью «О новом алфавите (ответ Научно-методического совета Наркомпроса КазАССР тов. Тюрякулову)», где отмечает: «Проблеме нового казахского шрифта Научно-методический совет Казнаркомпроса придает чрезвычайно важное значение и в соответствии с этим ведет интенсивную работу по ее разрешению». Далее он пишет об организации при НМС «Общества любителей нового шрифта» во главе с Шонановым, который согласно плану НМС делает доклады о ходе и развитии своей работы и отмечает о том, что Научно-методологический совет свою работу по разрешению проблемы нового шрифта ведет в полном соответствии с поставновлением Бакинского тюркологического съезда [2, с. 396].

В заключительной части Тезисов к докладу Центрального Комитета нового казахского алфавита (ЦК НКА), подготовленного Т.Шонановым в мае 1927 года о положении нового алфавита в Казахстане отмечается о необходимости, моральной и материальной поддержки, со стороны Всесоюзного Комитета нового тюркского алфавита. Задачами ЦК НКА являются выработка нового алфавита, развитие издательской деятельности и ознакомление учителей с новым алфавитом, открытие филиалов во всех городах Казахстана и добиться перед правительством официального равноправия алфавита со старым.

После продолжительных дебатов и дискуссии в 1927 году в КАССР объявлен официальный переход на латиницу. По решению КазЦИК при местных исполкомах создаются комитеты нового алфавита (КНА). В список членов Всесоюзного Центрального Комитета Нового Тюркского Алфавита вошли О. Джандосов, Н. Нурмаков, Т. Рыскулов и С. Асфендиаров. В 1928 г. в КАССР было около 80 обществ сторонников нового алфавита (5000 членов) [4, с. 40].

Весной 1929 г. постановлением ЦИК СССР и СНК СССР арабская графика выводится из употребления.

25 июля 1929 г. ЦИК и правительство республики утвердили новый казахский алфавит на основе латиницы. К этому времени грамотных на основе арабского письма в республике было около 8-10%, издавалось 10 газет и 2 журнала, около 100 книг общим тиражом до 3 тыс. экз. каждое. Однако узость базы арабского алфавита, как и всех других, была обусловлена прежде всего отсталой материально-технической базой региона и общей массовой неграмотностью [4, с. 40].

Кроме того, именно с принятием официального решения о новом алфавите связан ощутимый рост финансирования как из бюджета КНА, так и из бюджета КАССР. На 1929 год приходится наибольшее число изданий, выпускавшихся одновременно на арабской и латинской основе.

В 1932 г. на арабской основе уже ничего не издавалось, на латинице – 60 изданий [4, с. 40].

Таким образом, к концу 1930-х годов на основе унифицированной общетюркской латиницы «Яналиф» («Новый алфавит») были созданы и планомерно внедрены латинские алфавиты для десятков языков народов СССР, включая и казахский.

Переход казахской письменности на латинскую графику на текущем историческом этапе в полной мере обоснован. Он призван поднять национальное самосознание и придать дополнительный импульс развитию казахского языка, его роли в жизни современного Казахстана. Латиница успешно вытесняет другие системы письма и по праву может считаться международной и универсальной. На сегодняшний день латиница является самым распространенным письмом.
Литература:


  1. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на ХІІ сессии Ассамблеи народов Казахстана (Астана, 24 октября 2006 года) http://www.zakon.kz/77635-vystuplenie-prezidenta-respubliki.html

2. История Казахстана в документах и материалах: Альманах. Вып.1. Алматы:LEM, 2011.-436.

3. История казахской письменности https://exclusive.kz/istoriya_pismennosti.



  1. Аманжолова Д.А. Языковая политика и культура управленцев Казахской АССР.1920-1936 гг. https://cyberleninka.ru/article/n/yazykovaya-politika-i-kultura-upravlentsev-kazahskoy-assr-1920-1936-gg.

ӘОЖ 811
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ТУРАЛЫ ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ


Қайыпбаева А. – ф.ғ.к., доцент, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Бұл мақалада латын тіліне көшудің негіздері лингвистикалық тұрғыдан сөз болады. Мақалада тіл жанашырларының пікірлері қарастырылған.

Түйін сөздер: латын, бағдарлама, әліпби, филолог, қоғам.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде «Егеменді Қазақстанда» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген. Латын тіліне көшудің терең логикасына тоқталған. Қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның,XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктерін атап өткен елбасының бұл пікірлерін кафедраның ғалымдары, оқытушылары толығымен қолдады.

Тілдік отбасы – үндіевропа жазуы латын тілінен алынған. Латын тілі – медициналық терминдердің ғылыми негіздері. Алғашқы медициналық кітаптардың 70 %-ы латын тілінде шыққан. Латын тілінің ғылымда үлкен рөлі бар. Қазіргі заманауи тілдердің негізі – латын тілінен бастау алады. Латын тілі – көне тіл, оның негізінде тұтас өркениет пайда болған.

Осыған орай, болашақта, кафедрада білім беру бағдарламасына «Салыстырмалы тіл білімі»:«Ежелгі тілдер» траекториясын енгізу қарастырылуда. Елбасымыз айтқан келешек жастардың жаңа әліпбиге көшуіне нақты қадам ретінде жоғарыда айтылған траекторияға енетін пәндердің яғни,латын тілі негіздері, ежелгі түркі тілдерінің бағдарламаларын, силлабустарын, оқу әдістемелік кешендерін дайындауды алдағы жылдардың еншісіне қалдырдық.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ көптеген елдердің жоғары оқу орындарымен серіктес университет болып табылады. 2016-2017 оқу жылында университеттер арасында 80 келісімшартқа қол қойылды. Соның халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Чехия, Болгария,Польша, Ресей, Швейцария, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия және т.б. елдер университеттерімен, білім беру орталықтарымен бағдарлама алмасу бойынша студенттер, магистранттар алмасып, оларды жыл сайын тағылымдамадан өткізіп тұру ісі жолға қойылған.


Соның 10 келісімшарты бойынша 6М020500-филология мамандығында білім алушы магистранттар жыл сайын өздері қалаған шетелдің жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу тағылымдамаларынан өтеді. Егер бір әріп-бір дыбыс ретінде құрылған сәтті әліпби жасалып жатса, түркі елдерінің әдебиеті мен мәдениетіне жақындай түсер едік.

Бір топ магистрант Польшада,Чехияда академиялық икемділік шеңберінде өздерінің магистратурадағы білімдерін еуропалық үлгіге сай жалғастырып, білім қорларын толықтырып оралды. Алыс-жақын шет елдердегі жоғары оқу орындарында, магистратурада, докторантурада білім қорын толықтырулар бәсекеге қабілетті маман дайындауда тиімділігі зор мүмкіндік.


Ал латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін тіл мамандарының барлығы да бір ауыздан қолдайды десек артық айтпағанымыз.

ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаевтің «Қазақ әдебиеті» газетінің 42 нөмеріндегі пікіріне тоқталсақ, қазақ алфавитінің ұсынылған нұсқасының артықшылығы компьютерде қолдануға жеңілдеу. Бәрібір қосымша әріптер енгізілуі керек. Осындай қосымша әріп қатарына, мысалы «ә» әрпі лайық. Бұл әріп кириллицада да жоқ, латиницада да жоқ. Бұл дыбыс арабтан немесе парсыдан енуі әбден мүмкін. Бірақ бүгін қазақтың төл дыбысына айналды. «Ә» әрпін қазақтың төл әрпі ретінде, арнайы символ ретінде, дәл осылай клавиатураға енгізген жөн. Бұндай болмаған жағдайда, мысалы ә-ні бірінші нұсқадағыдай «ае» деп диграф қылып жазатын болсақ, «Әлім» әйелімге айналып кетеді. Енді екінші нұсқадағы ә-нің шаруасын қарастырайық. Бұл жерде екі жағдай болуы мүмкін. Бірінші жағдай: ә-ге клавиатурадан арнайы орын табылмайды. Онда ә-ні жазу үшін алдымен а-ны іздеп, содан кейін апострофты іздеп әлек болып жатамыз. Бұл тірлік сирек қайталанса бір сәрі, бірақ Ә әрпі қазақ тілінде көп кездесетін әріп. Сонда қазақ текстін жазу жылдамдықты баяулататын көңілсіз шаруаға айналады. Латын алфавитіне негізделген қазақ алфавитінде қазақтың төл дыбыстарына үстемдік берілуі тиісдеп,Асқар Жұмаділдаев шегелеп айтады.Бұл пікірлеріне құлақ ассақ жаман болмаc еді.

Филология ғылымының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі Өмірзақ Айтбайұлының пікірінде мынадай ойлар айтылған. Яғни, тарих беттерін парақтай түссеңіз, қазақ жазуы басынан не өтпеді дейсіз! Әу баста А.Байтұрсынұлы қалыптастырып берген жазу үлгісінен айрылғаннан бастап, қазақ жазуы кириллица тұтқынында өмір сүріп келді. Жазу ұлттық үлгіден адасып, орысталқылық кейіпке түсті. Сол үлгімен әлі күнге жүріп келеміз. Елімізде Тәуелсіздік таңы атқалы бері осы мәселе күн тәртібінен түспей келеді. Бұл – заңды құбылыс. Іргелі ұлттар өмірінде орын алған тарихи оқиғалар көбімізге мәлім. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақ елінің тарихында да осындай іргелі оқиғалар болды. Бұларды еске ала отырған жөн сияқты. Ең алдымен, Тәуелсіздік қарсаңында «Қазақ тілі» қоғамының құрылып, елім деген азаматтардың ана тілінің жоғын жоқтауға жаппай жұмыла кіріскенін айтпауға болмайтынын ғалым қадап-қадап айтады.

Сол сияқты ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлының пікірінше: «Латын графикасы негізіндегі ұлттық әліпбиге көшкенде қазақ тілінің табиғи заңдылығын қамтамасыз етуді ойлауымыз қажет. Парламентте қарастырылған нұсқаның олқылылықтары көп. Заңға тілді бағындыруға болмайды. Кирилден қашып отырғанымыздың негізі сол. Тілдің заңы тілдің табиғатынан шығуы керек. Үндестік заңы деген тілдің қаны мен жаны. Жалғамалы тілде екі дыбысты бір әріппен беруге болмайды. Жоғарыға ұсынған нұсқаны қарап шықтым. Я, ю,щ,й-дан бас тарттық. Ц мен ч-дан неге бас тартпағанбыз? Цирк демей, сирк десек, Чапай демей Шапай десек ештеңе де өзгермейді ғой. Ақыры қысқарттық екен, осы әріптерді де алып тастайық»-деген тұжырымдар ұсынады.

Филолог, саясат ғылымының кандидаты Төрегелді Тұяқбайдың көзқарасы бойынша мынадай пікір айтады. Жаңа әліпби нұсқасын әзірлеудегі ең басты қателік: жобадан ешқандай да тұжырымдамалық сипат байқалмайды. Сол себептен оның мақсаты да айқын емес. Әліпби халық үшін емес, ғалымдарға, оның өзінде де лингвист ғалымдарға арналып жасалғандай әсер қалдырады. Әзірлеуші жұмыс тобы жобаны ғылыми-теориялық жағынан негіздейміз деп отырып, мәселенің практикалық-прагматикалық жағын ұмытып кеткен сияқты. Осы жобада қазақ тілінің фонетикалық заңдылығының, яғни үндестік заңының сақталмауы – ана тіліміздің тамырына балта шабумен, «тіл тұмауын» өршіте түсумен бірдей. Шетелдік инвесторлар қазақтың жер байлығына көз салады да, тіл байлығына неліктен қызықпайды?

Герольд Бельгер бір сұхбатында Тіл білімі институының қорында 1937 жылдан бері 2 миллион 400 мың қазақ сөзінің жиналып қалғанын, ағылшын тілінің сөздігі 240 мың сөзден ғана тұратынын айтқан еді. Өзгенікін он орап алатын не деген байлық! Осы тіл байлығымыздың өзін танытып, көрсете алсақ, қанеки! Шетелдіктер халқымыздың ділі қаншалықты қатты болса, тілі соншалықты тәтті екенін түйсінуге тиісті! Тілім тұнсын тұмадан, ділім тұрсын дін аман!-деп Г.Бельгер де мемлекеттік тілге жанашырлығын білдірген.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілге алаңдаушылар өте көп.Жоғарыда аталған тіл жанашырларының пікірін ескерусіз қалдыруға болмайды.



Каталог: files -> nauka
nauka -> Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста
nauka -> «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының Қарары
nauka -> Дипломдық ЖҰмысты орындау бойынша әдістемелік нұСҚаулық ШҚму әН 001-15 Екінші басылым
nauka -> Қостанай облысының Әкімшілігі
nauka -> АҚпараттық хат қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы-Тәуелсіз Қазақстанның негізігі бастауы және Мәңгілік Ел» идеясы тақырыбындағы ғылыми-практикалық республикалық конференция. Ел
nauka -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі
nauka -> Атты III республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді Конференция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет