Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. С. Пушкин атындағы №1 мектеп гимназия Ангаралиева Перуза Байрамқызы



бет6/7
Дата28.06.2017
өлшемі1,63 Mb.
#20514
1   2   3   4   5   6   7

8- сынып, Мектеп

1. Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы қабылданды?/1992ж. 2наурыз

2. Көк түс ненің белгісі?/адалдық, тазалық белгісі

3. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы жарияланды?/1997 10 қазанда

4. Ұлттық валюта қай кезден бастап айналымға түсті?/1993 ж.15.11

5. Теңгенің қанша құпия белгісі бар?/16-ға жуық

6. Валюта дизайнын жасаушы топ жетекшісі болған кім?/Тимур Сүлейменов

7. Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?/ «Еуразия» құрлығында

8. «Тамыр» деген ұғым нені білдіреді?/дос-жаран,сыйлас,қимас

9. Семей полигонында бірінші бомба қай жылы жарылды?/1949 жылы,29.08

10. Барлығы неше жарылыс өткізілді?456

11. Ақырғы сынақ қашан болды?/1989,19.10

12. Жер шарының неше пайызы тұщы су?/2,5пайыз

13.Қазір қанша адам тұщы су тапшылығына ұшырады?/1,7млрд.

14. Қазақстанның экономикалық аймақтары/Батыс,Солтүстік, Орталық, Шығыс

15. Батыс Қазақстан аймағына жататындар/Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы

16. Солтүстік Қазақстан аймағына жататындар/Қостанай, Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Павлодар,Екібастұз

17.Орталық Қазақстан/Қарағанды, Жезқазған,Ақмола, Павлодар

18. Шығыс Қазақстан/ Семей, Зайсан, Марқакөл

19. Оңтүстік Қазақстан/Қызылорда, Жамбыл, Алматы

20. Ұлы Жібек жолының жалпы ұзындығы неше мың шақырым?/ 7 мың км

21. Қаратау тауының ұзындығы мен биіктігі/420км, биік жері-2176 км

22. Шыңғыстауда дүниеге келген үш кемеңгер ақын-жазушылар кімдер?/Абай,Шәкәрім,Мұхтар

23. Марқакөлдің ұзындығы қандай?/ көгілдір, тереңдігі -27 м

24. Балқаш қаласы қай жылы салынған?/1937ж

25. Кімдерді кәсіпкерлер деп атаған?/ Елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдар

26. Инвестиция дегеніміз не?/ Бірлесіп кәсіпорындардың дамуына шетел қаржыларын тарту

27. Бүгінде елімізде қанша газет-журналшығады?/1500-ден астам

28. «Газет- халықтың көзі, құлағы,тілі »деген кімнің сөзі?/

29. Алғаш рет қазақ тілінде газет қай жылы, қандай газет шыққан?/ «Түркістан уалаяты»,1870 жыл 10 мамыр, Ташкент

30. Қазақтың тұңғыш журналистері/Ешмұхамбет Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаев)

31. «Айқап»журналының редакторы/М.Сералин

32. Әйелдер арасынан тұңғыш журналист/Нәзипа Құлжанова, жастар газеті бойынша-Сара Есова,әйелдер журналын басқарған-Ләзиза Серғазина

33. «Майкрософт» компьютер корпорациясының басшысы кім?/Билл Гейтс

34. Қазақстанның эстрада жұлдыздары кім? Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, Н.Өнербаев

35. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндегі Франкфуртте ән шырқаған кім?/Ә. Қашаубаев

36.Француз жазушысы Анри Барбюс сөзі/ «Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім?»

37. «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі, «Халық қаһарманы» атағын алған сазгер кім?/Н.Тілендиев

38. Оның еңбектері/ 400-ге жуық әндер мен романстар, «Достық жолымен»балеті, «Алтын таулар» операсы, «Ата толғауы»-ның авторы

39. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм ауданында туған , әнұранның музыкасын жазған кім?/ Ш.Қалдаяқов

40. «Азия дауысы» қандай фестиваль?/халықаралық

41. «Әнші балапан » ше?/ Республикалық

42. Спорт қашан пайда болда?/4 мың жыл бұрын

43. Тәуелсіз Қазақстан қай жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитеті мүшесі болды?/ 1994 ж

44. Қазақтың атақты спортшылары/ Серік Қонақбаев,Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов,

45. Шахмат қашан пайда болды?/ 1500-2000 жылдай бұрын Үндістанда, «Чатуранга» деп аталған.

46. Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстр кім?/ Болат Асанов, 1994 ж

47. Алматыға «Алтын адам» қай жылы қойылды?/ 1993 ж

48. Атыраудан қай жылы табылды?/ 2000 жылы, Зейнолла Самашев тапқан, реставрация жасаған Қырым Алтынбеков

49. Алтын адам қай ғасырлар ескерткіші?/5-4 ғасырлар

50. 1969-1970 жылдары Алматыдан 50 шақырым жерде Есік қорғанынан табылған Алтын адамды тапқан археолог кім?/Кемел Ақышев

51.Қожа Ахмет кесенесі неше бөлмеден тұрады?/35

52. Ондағы қазанның салмағы/2т

53. Салған шебер/Әбілазиз

54. Қанша жыл салынған?/10 жыл

55. Басқарған шебер ұста/Ғұбайдолла Садыр

56. Хандар ант берген орын/ Қ.А.Яссауи кесенесі

57. Түркістанда қанша хан, қанша би жерленген?/81 хан,би, батыр

58. Тұмар патша (тұңғыш әйел патша Томирис) қай жылдары өмір сүрген?/б.з.д. 570-520 жылдары

59. Еділ батыр(Атилла) қай жылдары өмір сүрген?/ 410-453 жылдары

60. Елтаңбадағы бес құрлықты білдіретін таңба/ жұлдыз

61. 1925 жылы Парижде не болған?/ этнографиялық көрме

62. Қашқариядан кейін Шоқан қай жерде баяндама жасады?\Санкт-Петербургте
9- сынып, Атамұра

1. «Құдатғу білік»кітабының авторы кім?/Жүсіп Баласағұн ,1069 жылы жазылған.

2. «Диуани луғат-ат-түрк» авторы/ Махмұт Қашқари,1072-1074 жылдары жазылған-11ғ.

3. Араб әліпбиі қанша жыл қолданылды?/ 900 жыл – 1072-1929жылға дейін

4. Латын әліпбиі ше?/ 1929-1939

5. Орыс әліпбиі ше?/ 1940 жылдан бері

6. Қазіргі әліпби ше?/ Орыс әліпбиі негізінде

7. Қай жылы төл дыбыстарға байланысты өзгеріс енгізілді?/1957 жылы

8. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар/ В.В.Радлов(1837-1918), В.В.Бартольд(1869-1930), Н.Т.Сауранбаев(1910-1958), Ғ.Айдаров(1921 ж.)

9. Қазақ хандығы қанша жыл өмір сүрді?/15-асырдың 60-жылдары мен 16-ғасырдың ортасына дейін

10. Шайқастарда танылған кім?/ Батыр

11. Жәңгір ханның баласы, хан/Тәуке

12. Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған кім?/ Әйгілі Қасым хан

13. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салған хан кім?/ Есім хан

14. 1663 жылы Жамбыл облысы,Шу өзені бойында дүниеге келіп, 1756 жылы Төлеби ауданында дүние салған Төле би неше жыл өмір сүрген?/90 жыл

15. 1667-1764 жылдары өмір сүрген (97 жыл) «Жеті жарғы»-ны жасауға қатысқан би/Қаз дауысты Қазыбек

16. 1644-1700 жж өмір сүрген Тәуке ханның көмекшісі болған би/Әйтеке би,17-18 ғасырлар

17. Шын аты –Ерасыл қай батыр/ Қабанбай (1691-1769)

19. 1680-1775ж өмір сүрген қолбасшы батыр/Бөгенбай

20. Түркістан қай ғасырдан бастап осылай аталған ?/ 15ғ.

21. Киіз үйді пайдаланған адамдар/көшпенділер

22. Жеті қазына / жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік

23. Жеті ырыс/ адам ақылы,ой-санасы;денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит

24. Қазақтың салт-дәстүрлері/шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, үйлену

25.Киіз үй қаңқасы мен сыртқы жамылғысына қарай қалай бөлінеді?/4 қанат, 6 қанат, 8 қанат,12 қанат

26. Ұлттық киімдер/1.іш киімдер: жейде, көйлек, дамбал, шалбар, бешпент,камзол,желет

2. сыртқы киімдер:шапан, сырмалы шапан, тон, ішік, шидем

3. бас киім(ұлдар): бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия

(қыздар): кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле, тақия

4. аяқ киімдер: мәсі, кебіс, әйел етігі, ерлер етігі

27. Киіз үйдің түрлері(қызметіне қарай)/ жаздық үй,мереке-жиынға арналған н/е қадірлі қонаққа арналған салтанатты киіз үй, абылайша немесе жолым үй-жорыққа арналған асхана, қойма ретіндегі киіз үй.

28. Безендірілуі жағынан киіз үй/ ақ үй , боз үй, ақ орда

29. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді?/ 4:оң жақ, сол жақ, төр, кіре беріс

30Дәулеткерей Шығайұлы кім, қашан туған?/ күйші-композитор,1820-1887

31 Оның шығармалары/ «Ысқырма», «Қос алқа», «Ақ желек», «Қаражан ханым»

32 Сүгір Әлиұлы(1882-1961) кім, қайдан?/ күйші, Созақ ауданынан

33Күйлері: Бес жорға,Шалқыма, Аққу

34Музыка аспаптары: ішекті- домбыра,қобыз,жетіген

үрмелі:сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз

дабылды-шулы: дабыл, асатаяқ

сарнамалы: ауызсырнай, сырнай

35 1837-1937 жылдары өмір сүрген тілші ғалым/А.Байтұрсынұлы

36 А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқулығы қашан басылып шықты/1914-1928

37 1835-1865 жылдары өмір сүрген зерттеуші ғалым/ Шоқан Уалиханов

38 «Алты шаһардың жайы туралы» шығармасының авторы/Шоқан

39 1847 жылы 12 жасында Шоқан қайда түседі?/ Сібірдегі Кадет корпусына

40Ыбырай қай жылы мектеп ашқан?/1864ж

41 1883 жылы Ыбырай қандай мектеп ашқан?/мұғалімдер мектебін

42 Шешендік сөздер түрлері/шешендік арнау, толғау, дау

43 Қорықтар:1)Ақсу-Жабағылы-1926/Тянь-Шань тауының солтүстігі

2)Наурызым-1930ж./Торғай облысы

3) Алматы – 1935ж/Алматы

4) Барсакелмес- 1939 ж/ Арал теңізінің солтүстік бөлігі

5) Қорғалжын- 1968 ж/ Астана қаласына 140 км

44 Қазақстан халықтарының форумы қашан өтті?/1992 ж. Желтоқсанда

45 «Білім беру туралы»Заң қашан қабылданды? 1999ж.

46 Абайдың Жидебайдағы мұражайы қайда орналасқан?/ Семей қаласынан 180 шақырым жерде

47 Жамбыл ескерткіші қашан орнатылған?/ 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына, биіктігі 3 метр, қоладан құйылған.

48 Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды кім дейді?/зергер

49 Мұсылман мәдениетінің орталығы/ Түркістан

50. Алматы археологиялық мұражайы қашан құрылды?/1973 жылы

51. Алматы қай жылы Верный деп аталған/1856 жылы

52. Қай жылдан бастап Алматы?/1921 жылдан

53. 1929 жылдан бастап қандай қала болды?/астанасы

54. Күләш Байсейітова халық әртісі атағын қай жасында алды?/24

55. Әбілхан Қастеев қай жылы Халық суретшісі болды?/1944 жылы

56. Қалибек Қуанышбаев кімнің рөлін ойнаған?/Абайдың

57. Қазбек Уәлиев кім?/альпинист

58. Ұшақтан спорт шебері атанған кім, қашан?/Талғат Мұсабаев, 1982 жылы

59.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры кім?/Талғат Бигелдинов

60. Арал теңізі мәселесімен айналысатын ұйымқашан құрылды? /1993ж

61. Үкілі Ыбырай қайда дүниеге келген?/ 1860ж,Көкшетау обл.,Володар ауд.

62. Балуан Шолақ қайда ержеткен?/ Көкшетауда

63. Ең биік шың/Эверест-Джомолунгма,8848 м

64. Сөздіктер/орфографиялық,түсіндірме,синонимдер,аударма

10- сынып, Атамұра

1. Қазақстанның облыстары(қазіргі)

/Солтүстік Қазақстан,орталығы-Петропавл, Қызылжар

Орталық Қазақстан облысы,орталығы- Қарағанды

Оңтүстік Қазақстан , орталығы- Шымкент

Батыс Қазақстан, орталығы-Орал

Шығыс Қазақстан, орталығы-Өскемен

2. 25 қабатты қонақ үй қайда, қалай аталады?/ Астанада, «Интерконтиненталь»

3. Астана қаласының презентациясы қашан болды?/ 1998 жылы 10.06

4. Семейдің ежелгі аты/ Доржынкит

5. Алматының бұрынғы аты/Верный

6. «Полиглот» деген кім?/ондаған тілді қатар үйренуге қабілетті адам

7. Қазақстан Республикасы Заңдарының түрлері/Еңбек туралы-2000.1.01

Жер кодексі-2003.20.06,Жол жүрісі қауіпсіздігі заңы-1996.15.07,ҚР Орман кодексі- 1993ж 23.01, ҚР Су Кодексі 1993 31.03

8. Пікірдің бөлімдері/ Кіріспе,Негізгі ой,Қорытынды

9. Алматыдағы археологиялық мұражай қай жылы ашылды?/ 1973 жылы

10. Мұстафа Шоқай қашан, қайда туған?/1890 жылы 7.01 Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

11. Ол орыс гимназиясына қашан түседі?/ 1904 жылы, Ташкентте

12.М.Шоқайдың мақсаты не болды?/ Тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру

13. Тұрар Рысқұлов қай жылы, қайда туған?/ 1894 ж., Алматы облысы, Талғар болысында.1938 жылы атылған.

14. Орыс-қазақ мектеп-интернатында қай жылдары оқыды?/ 1907-1910

Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебінде 1910-1914 жж

15. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?/ 1941 жылы

16. Жеңіс күні қашан?/ 9 мамыр

17. Қанша адам опат болды?/ 27 млн.,13 пайызы –қазақтар

500 адам-Кеңес Одағының Батыры, 97-сі қазақ.

18. Қашаған мұнай кен орны қашан ашылды?/2000 жылы

19. Банк дегеніміз не?/ Қаржы мекемесі

20. «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» заң қашан қабылданды?/ 1997 6.08

21. Арал өзеніне құятын өзендер/Амудария, Сырдария

22. Бұл теңіз қанша су айдынына бөлінеді?/Үлкен және Кіші теңіз

23. 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған жазушы/Шерхан Мұртаза

24. Шығармалары /Қызыл жебе» «Сталинге хат»

25. 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданында дүниеге келген ақын/Қадыр Мырза Әли

26. Оның шығармалары/ «Домбыра» өлеңдер жинағы(1979ж), «Мәңгімайдан (1992 ж)

27. 1936 жылы 18.05 Алматыда туған кім?/ Олжас Сүлейменов

28. Шығармалары/ «Арғымақ», «Аз и я», «Қыш кітап», «Мешін жылы», «Нұрлы түндер»

29. 1937-1967 жылдары өмір сүрген ақын/ Төлеген Айбергенов

30. Шығармалары: «Жас дәурен», «Өмірге саяхат», «Ана» , «Аруана – бауыр дүние» өлеңдер жинағы.

31. 1928 жылы 12.12 Қырғызстанда дүниеге келген ақын/ Шыңғыс Айтматов

32. Қазақ киножұлдыздары/ Досқан Жолжақсынов, Әнуар Молдабеков, Нұрмақан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Шәкен Айманов

33.Тұңғышбай Жаманқұлов кім?/актер, белгілі өнер қайраткері, Жастар Одағы сыйлығының иегері

34. Ол ҚР артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты қашан болды?/ 1992 жылы

35. Д.Жолжақсынов Мәскеудегі Халықаралық киноаламанның Гран-при жүлдесін қашан алды?/ 1992 жылы

36. Қазақтың үш бәйтерегі/І.Жансүгіров. Б. Майлин, С. Сейфуллин

37. Абай кімнің шығармаларын аударған?/ Пушкин, Лермонтов, Крылов

38. Абай қарасөздері нешеу?/ 46

39. «Өлеңмен жазылған романның» авторы кім? Оны кім осылай деп атаған?/І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы туралы Мұхтар Әуезов айтқан.

40. «Азамат Азаматыч» романының авторы кім?/ Б.Майлин (1894-1939)

41. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы кім?/С.Сейфуллин(1894-1938)

42. Қазақтың үш бәйтерегі кім?/Ілияс, Сәкен, Бейімбеттер

43. Бес арыс кім?/ А. Байтұрсынов,М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев,Ж.Аймауытов М.Дулатов(1885-1935)

44. Тұңғыш роман қай жылы жазылды, қалай аталды?/1910 жылы «Бақытсыз Жамал»

45. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы кім?/Ш.Құдайбердиев, 1856-1931ж.

46. Қазақ тіл білімінің атасы кім?/ А.Байтұрсынов

47. «Ғасыр ақыны» атағын алған ақын/ Мұқағали Мақатаев

48. Шешендік сөздерді айтушылар кімдер?/билер, шешендер

49. Тиянақты, тұжырымды ой айтылып, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып, алдыңғы ой екіншінің шарты болып табылатын не?/мақал

50. Тиянақты ой айтылмайды, бірнеше сөздің тіркесі түрінде келетін не?/ мәтел

51. Нақыл сөз дегеніміз не?/Күрделі мәселелерді терең, өте дәл жеткізетін қысқа қайырымды шешен сөз.

52. Қазақ ғалымдары/ Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов

53.Қ.Сәтбаев қай жылы Ұлттық Ғылым академиясына корреспондент-мүшесі болып сайланды?/1943 жылы

толық мүшесі/1946 жылы

54. Қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан ғалым кім?/Әлкей Марғұлан

55. «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қашан құрылды?/1986 жылы

56. Қазақтың тұңғыш балеті/ «Қалқаман-Мамыр

57. Ол қай жылы қойылды?/1938 ж

58. «Қыз Жібек» операсының авторы кім?/ Е.Г.Брусиловский

59. Либреттосын жазған/ Ғ.Мүсірепов

60. Қанабек Бексейітов кім?/ әнші-актер, режиссер, драматург

Оның кітабы/ «Құштар көңіл»

61. Күләш Байсейітова кім?/ көрнекті әнші, қазақ опера өнерінің негізін салушы, қоғам қайраткері

62. Раушан Байсейітова кім?/балерина, Қазақстанның халық әртісі

63. Шара Жиенқұлова кім?\ атақты биші, халық әртісі

64. Зәуірбек Райбаев кім?/Еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, балет әртісі, педагог

65.Мұстафа Өзтүрік қайда туып өскен?/Түркияда,таэквондист

66.Допты хоккейден қай жылы алғашқы дүниежүзілік чемпионат болды?/1957ж

67.Жиров Василий Валерьевич кім?/боксшы

68.Ол қай жылы, қайда туған?/1974 ж. 4.06 Балқашта

69.2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадалық ойындарда алтын медаль алған жүгіруші кім?/ О. Шишигина

70.Стиль түрлері(сөйлеу,ресми,публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет)
11- сынып, Атамұра

1. Астанадағы Бәйтеректің биіктігі /97 м

әшекейлі темірбетон саты/4.8м

жапқы материал/ 85 т

алтын шар биіктігі/ 76,9 м

күмбез салмағы/ 70 т

алтын шардың үстіңгі ауданы/1553м2

Жобалаған топ жетекшісі/А.Рүстембеков

2. Қарулы күштерді құру туралы жарлық қашан шықты?/1999 ж. 7 мамырда

3. Қазақстан халықтарының тілдер күні/22.09

4. Қанатты сөздерге жататындар/тұрақты тіркестер, мақал-мәтел,афориз)

5. Қазақстан экономикасының тірегі / мұнай мен газ

6. Мұнай алғаш табылған кез бен жер/ 1899ж Атырау

7. Ұлттық теңгенің қорғаныс белгілері/ сутамғы белгілер,қорғаныс жіптер, мөлдір орын, қосарланған бейнелер,алтын интаглио, көзі нашар көретіндерге арналған белгі, оптикалық өзгеретін бояу)

8. Мемлекет дегеніміз не?/саяси ұйым

9. Мемлекет белгілері /тәуелсіздігі, ішкі, сыртқы саясатын өзі қалыптастыруы, билеуші,басқарушы органдардың бар болуы, материалдық қордың болуы, өзінің аумағы болуы.

10. ҚР Президенті кім?/ Мемлекет басшысы

11. Заң шығару қызметін не атқарады?/ Парламент

12. Парламент қанша палатадан тұрады?/2 сенат пен мәслихат

13. Қазақ баспасөзін зерттеуші тұңғыш ғалым кім?/ Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы(1910-1979)

14.Қазақстанда қанша электрондық БАҚ бар?/212

15. Баянауыл ұлттық табиғи саябағы қайда?/ Павлодар облысы,Баянауыл ауданы

16. Тұңғыш ұлттық саябақ қашан ұйымдастырылған?/1985ж

17. Таулы жайлау қайда орналасқан?/ Іле Алатауы шығысы, Алматы облысы «Еңбекші қазақ» ауданында,ұзындығы 15-17 км, ені 8км, теңіз деңгейінен 2380-2410

18. «Көктемнің кереметі»әңгімесінің авторы/Зейнел-Ғаби Иманбаев

19. «Жұмбақтас» жартасы Қазақстанның қай жерінде /Көкшетау

20. Ақмола облысындағы аса ірі өзендер/Есіл мен Нұра

21. Есіл қай өзеннің сол жақ саласы/ Ертіс

22. С. Торайғыров 1913-1914 жылдары қай журналда істеді?/ Айқап

23. С.Торайғыровтың «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» мақаласы қай журналға қай жылы шықты?/ Айқап, 1913

24. Жүсіпбек Аймауытов кім?/ прозашы, драмашы, сыншы, публицист

25. Халел Арғынбаев кім?/ этнограф , ғалым

26. Оның «Қазақ халқының қолөнері» деп аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді?/1987, көлемі 16 баспа табақ.

27. Оған профессор атағы қай жылы берілді?/1982 жылы

28. А.Шамкеновтің «Зор тұлға» өлеңі кімге арналған?/ Қаныш Сәтбаевқа

29. Б.Момышұлы кім?/Кеңес Одағының Батыры,жазушы

30. Оның қандай кітаптары шетел тілдеріне аударылған?/ «Біздің отбасы», «Артымызда Мәскеу».

31. «Нұрпейісов әлемі» жинағы кімнің еңбектерінің жинағы/ Әбдіжәміл Нұрпейісов

32. «Қыш кітабы»-ның авторы кім?/Олжас Сүлейменов

33. Жетес кім?/шешен

34. Жиренше кім?/ шешен

35. Мұзафар Әлімбаев кім?/ халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері

36. «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Маралдым» әндерінің авторы кім?/М.Әлімбаев

37. Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез - кімнің сөзі?/ Абай

38. Дала өлкесінің мұражайы қашан ашылған ?/ 1971ж

39. Ескерткіштердің түрлері/ археологиялық, тарихи, сәулет өнері, монументтік өнер

40. Жұмат Шанинге Республикалық халық әртісі аиағы қашан берілді?/ 1931ж

41. Кәукен Кенжетаев кім?/опера әншісі, әртіс, кинорежиссер

42. Айман Мұсаходжаева кім?/ скрипкашы

43. Алматы қаласы «Қазақстан» қонақ үйі төріне көрік беріп тұрған гобелен көлемі қандай?/ ұзындығы 17 метр,ені 2 метр

44. Авторы кім?/ Б.Зәуірбекова

45. Абай атындағы опера және балет театрының іргетасын қалаушылардың бірі кім?/ Кәукен Кенжетаев

46. Білім беруші мектеп сатылары: бастауыш-1-4 сыныптар, толық емес орта мектеп-5-9 сыныптар, толық орта -10-11 сыныптар

47. Алғашқы мектеп қай жылы ашылды?/ 1841 ж Орда мектебі, 1864 жылы Ырғыз мектебі-14 оқушысы бар

48. «Білім туралы» Заң қай жылы қабылданды?/ 1999ж. 7.06

49. Оқулықтарды жазуға қатысқан қазақ зиялылары/А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов,Қ.Сәтбаев

50.Қазақстандағы тұңғыш педагогикалық университет қай жылы ашылды?/ 1928 жылы Ұлттық педагогикалық университет

51. Оқу орнының бірінші ректоры кім?/ С.Ж. Аспандияров

52. Бұған Абай есімі қашан берілді?/ 1935 жылы

53. Қазақ Ұлттық консерваториясы кімнің атында?/ Құрманғазы

54. Астана қашан көшірілді?/ 1997 жылы

55. Ұлттық университет қашан ашылды?/ 1934 жылы 15.01

56. «АзиЯ» шығармасының авторы кім?/О.Сүлейменов

57. Тәуке хан тұсында Ұлы жүз биі- Төле би

Орта жүз биі-Қазыбек би

Кіші жүз биі- Әйтеке би болған.

58. Қалибек Қуанышбаев кім?/әртіс

59. «Хикметтер» кітабының авторы кім?/Қожа Ахмет Яссауи

60. Әлемге әйгілі классикалық күрес шебері кім?/Д.Тұрлыханов

61.Күләш Байсейітова Халық әртісі атағын неше жасында алды?/24 жасында

62.Алматы қай жылы астана болды?/1929 жылы



Қазақ тілінің негізгі емле ережелері/ Орфография

1.Әріптердің емлесі

1.Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың,ал ё (йо), и, у, ю, я, әріптері йо, ый, ій, ұу, үу, йұу, йүу, йа деген қосынды дауыстыларды да (мысалы: заём, қи, ки, қиын, жиі, су, шумақ, күлу, келу, аю, кею, ядро, саясат), кірме сөздерде жалаң дауыстылардың да таңбасы ретінде (мысалы: слёт, кино, бюджет, отряд) жұмсалады.

а, е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: ал, қала, шағала, ер, ересек, ыс, бақытты, айыр, қатысты, қорыту, құмырсқа, жапырақ, іс, білімді, көкірек,үкімет, әсіресе, мәжіліс.

Ескерту: а) Сөз басындағы ж,ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады,бірақ а әрпі жазылады. Мысалы:барлық мағынадағы жай сөзі және оның туынды тұлғалары (жай сөйлем, жайыңа жүр, жай түсті, дастархан жайды, жайғызу, жайбарақат, жайдан-жай, жай-жапсар, жай-күй, жайлы орын, жайсыз тию, жайлап айту), шай(шай іш,шайға кел), шайы(шайы орамал);

ә) Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын(естілетін)ә дыбысының орнына а әрпі жазылады: ләззат(айтылуы-ләзәт), рәсуа(айтылуы-рәсуә),Жәмила(айтылуы-Жәмилә),Фәрида(айтылуы-Фәридә), тәкаппар(айтылуы-тәкәппар).



ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің екінші буындарында жазылады. Мысалы; ән, әнші, сән, дәлел, дәрігер, орын, жолаушы, өлең, көлем, көбелек, төртеу, ұлы, құлын, үндеу, үтік.

Бұл әріптер біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында да жазылады. Мысалы: Есенәлі, дәрі-дәрмек, тәлім-тәрбие; Қызылорда, Талдықорған, жөн-жосық, өте-мөте, басқұр, қаламұш, жазғытұрым, кешқұрым, тарс-тұрс, бүрсігүні, еңбеккүн, сайгүлік.



Ескерту: ә,ұ,ү әріптері мына сияқты сөздердің, мысалы, мәжбүр, әңгүдік, дүлдүл сірә, кінә, күнә, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал, Күләш, Күләнда, Мүтән, Күләй; мағлұм, бұлбұл, мақұл, байғұс, екінші буындарында жазылады.

и әрпі мынадай орындарда жазылады:

а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретіне и әрпі қолданылады Мысалы: иіс, иін, ине, имек, илеу, тиын, тиін, қиын, киін, сирек, сирақ, ти, тиімді, тиіс, жиналыс, тарихи, саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Иса, Иманбай, Қали, Әли, Сағира, Қалима, Кәлима, кино, кредит, комиссия, идея, иероглиф.



Ескерту: Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да ) жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыю, сыяды, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды.

б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің –и жұрнағы жалғанғанда соңғы ый,ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: байы+й+ды – байиды (байыйды, байыды емес), ірі+й+ді – іриді (ірійді емес), оқы+й+ды – оқиды (оқыйды емес), суы+й+ды – суиды (суыйды емес), шірі+й+ді – шіриді (шірійді емес), құры+й+ды – құриды (құрыйды емес).

в) и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың –у жұрнағы –ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы – я түрінде жазылады. Мысалы: и- ию (иу емес), ки-кию (киу емес) қи- қию (қиу емес), жи – жию (жиу емес); қи – қияды (қиады емес), жи- жияды (жиады емес).

у әрпі мынадай орындарда жазылады:

а) орыс тілінен енген түбір сөздерде бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ ұу, үу дыбыс тіркесінің және дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дауыссыз дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Мысалы: су, гуіл, у, руль, университет, жуа, қуат, уыз, қалаулы, селеу, тіреу, түйреуіш, уақыт, уәде, дәулет, шу-шуледі, гу-гуледі, тулады.

ә) ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда ы,і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы- оқу, тоқы-тоқу, жібі-жібу, ірі-іру, суы-суу;

б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады. Мысалы: сау-сауу, бу-буу, ту-туу, қу-қуу, ау-ауу, жу-жуу.



э,е (йо) әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: экономика, этика, дуэт, эволюция, этнография, экспорт, электр, пулемет, Петр.

Ескерту. Жазу тәжірибесінде е (йо) таңбасының орнына көбінесе е әрпі қолданылады, бірақ сөзді е (йо) дыбысымен айту қажет: заем(айтылуы - зайом),Петр (айтылуы - Пиотр), пулемет(айтылуы – пулемьйот)



ю әрпі мынадай орындарда жазылады:

а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ұ+у, й+ү+у дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, үюлі, кею, көркею;

ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін де жазылады. Мысалы: бюджет, полюс, люкс, адьютант.

Ескерту. Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз деген сөздер осында таңбаланғандай жазылады.

я әрпі мынадай сөздерде жазылады:

а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, қоян, таяқ, ая, мая, сая, мия, қияқ, тұяқ, саяқ;

ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін де жазылады. Мысалы: отряд, снаряд, аккумулятор.
2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады. Мысалы: жаңа, аң, таң, ғалым, аға, ағартушы.

ф,ц щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, кафе, кофе, щи, борщ, лифт, цифр, шифр, очерк, центнер.

Ескерту: щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген сөздерде ғана жазылады, ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдер және одағайларда жазылады. Мысалы: Фазыл, Фәрида, Фәтима, Марфуға, саф, фәни, тіфу.

х әрпі мынадай орындарда қолданылады:

а) орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, хлор, археология, бухгалтер, цех, хирург, зоотехник;

ә) араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалпы, жалқы есімдерде жазылады. Мысалы: хал, хат, халық, тарих, кітапхана, асхана.

һ әрпі араб, парсы тілінен енген сөздерде дауыстыаралығында және у дыбысы мен дауысты арасында, сондай-ақ одағайларда жазылады.

Мысалы: қаһарман, қаһарлы, еһе, гауһар, уһ, аһылады, уһіледі.


3. ь,ъ белгілерінің қолданылуы
ь,ъ таңбалары орыс тілінен енген сөздерде айыру және жіңішкелік белгісі ретінде ғана жазылады. Мысалы: съезд, объект, субъект, альбом, асфальт, руль, вексель
ІІ. ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады. Мысалы: ала ат (алат емес), бара алмаймын (баралмаймын емес), көк орамал (көг орамал емес), ақ лақ (ағ лақ емес), барса игі еді (барсигеді емес), келсе игі еді (келсигеді емес),барып па екен (барыппекен емес).

Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады. Мысалы: вагон, паровоз, гидрология, биология, комитет, агроном, агротехника, педагог, медицина, спорт, хирург, конституция, клуб, кино, радио, адвокат, ракета, планета, молекула, бюджет, банк, транш.

Ескерту: Сс, лл, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс-прогреске, металл-металдар, грамм-грамы, балл-(баға)-бес балдық жүйе, Донбасс- Донбастан.

Ал орыс тілінен енген бірқатар кірме сөздер, әсіресе тұрмыс- салтқа қатысты зат, бұйым атаулары ерте кездерден дыбысталуы қазақша қалыптасқан түрінде жазылады. Мысалы: жәшік, бәтеңке, сіріңке, божы, бөкебай, бөшке, қалаш, шөген, кір(гиря), келі(кило), сот, болыс, облыс, зауыт, тауар ). Соңғы дауысты дыбысын түсіріп қалыптасқан газет, минут, гранат, цифр,координат сияқты он шақты сөзден басқа кірме сөздерде соңғы а дыбысы түсірілмей қолданылады және солай жазылады: оптика, капсула, тирада.

Араб, парсы тілдерінен енген сөздер негізінен қазақша дыбысталып, өзгерген күйінде жазылады. Мысалы: әділ, амал, пейіл, ақпар, әлем, мектеп, пән, кітап, бұқара.

Кірме араб сөздерінің ішінде екі- үш түрлі мағынаны білдіру үшін тұлғасын сәл өзгертіп, қалыптастырылғандары сол екі-үш вариантта жазылады. Мысалы: үкімет және өкімет, хабар-ақпар, әрекет-қарекет, пейіл-пиғыл, ақирет-ақырет(кебін), мәлімет- мағлұмат, қазына-қазине (қазинелі қара нар), қазір-әзір, қақы- ақы- құқы, хақ-ақ, ғашық- асық, ғылым-ілім.

Араб, парсы тілдерінен неген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: Хасан, Хасен; Зәуре, Зура, Зухра; Бәтима, Фатима, Пәтима; Қали, Ғали, Али, Алі; Жүсіп, Түсіп, Нүсіп; Омар, Ғұмар.


ІІІ. БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының ) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.

Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ат қора, қой қора, жол азық, ағаш күрек, сан ет, қол ет, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, қос етек (көйлек), мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.

Ескерту: Анықтаушы – анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, шәйқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шығаберіс, қолайна, қолара т.б.

Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар.

Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы: Жаза бер,

жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.

Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қызмет ету, жұмыс қылу, жәрдем ету, шап ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.

Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.

Ескерту: а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі –ты, - (-ті, -ды,-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе – па, (-пе,- ба, -бе,) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады. Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), баукеспе (ұры);

ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады.

Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі.



б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады. Мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз, дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық ,алақол, алақолдық т.б.
IV. БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат.

Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі.

Ескерту. Еш, әр, кей, қай, әлде сөздері зат есімдерімен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.

Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік, лингвистикалық, филологиялық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас, еңбеккүн, шикізат, көкжиек, кемпірқосақ, шоқжұлдыз, оттегі, сутегі, қостотық, үшбұрыш, сегізжақ, көпмүше, тозаңқап, гүлтабан, тамыржеміс, сүтқоректілер, оңқанаттылар, сөзжасам.

Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып бірге жазылады. Мысалы: қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, аққу, қарақұс, есекмия, өгізшағала, жаужұмыр, түйеқарын, шегіргүл, айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе.

Ботаника, зоология терминдерінің ішінде мынадай жолмен жасалған күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:



  1. бірінші сыңары ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз деген түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, түйе, бота, қозы, ат, қоян, аю, бөрі немесе ит, құм, су деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айрылған сөздер тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады: алақоржын (тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар), ақбілек, көкқасқа, көкнайза, қызылбас, (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға (балықтар), Ескерту: Ақ, қара, қызыл ,қоңыр, шұбар сияқты сын есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш, қызыл бұрыш, сұр жылан, шұбар бақа.

  2. бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе әртүрлі есім сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қарағаш, қарақұрт, қаражидек, қарабидай, қызылжидек, қызылбалық, сарышөп, сужапырақ, әретікен.

Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке (ойын аттары); беташар. Тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар.

Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сөздер және бірінші сыңары ,әсіресе, көп сөздерімен келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино,гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келетін тіркестер бірге жазылады. Мысалы: халықаралық, ауданаралық, континентаралық; жаратылыстану, шығыстану, абайтану; тілтаным, дүниетеаным, жартас, қойтас, жылыжай, саяжай, мекенжай, ашықхат, қолхат, ауруханаішілік, рұқсатқағаз, тұсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, агрошаралар, ультракүлгін, гипержазықтық, көпбалалы, көпдінді, көпұлтты.



Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады.

Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Досжан, Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған, Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.

Алдыңғы сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екіншісі дауыстыдан басталатын, негізінен, кісі есімдеріндегі қатар келетін екі дауыстының бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылады. Қожа+ Ахмет- Қожахмет, Торы+Айғыр-Торайғыр, Мырза+әлі-Мырзалы.

Ескерту: а) адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, әлі, әли, ғали сияқты сөздермен жасалатын есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп жазылады: Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі, Құлмұхамет,Бекмұхамет.

Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде жалқы есімге қосылып жазылады. Мысалы: Бауыржан Момышұлы, Мұқтар Омарханұлы Әуезов, Сара Сәтбайқызы Есова;

а) екі түбіірден құралған бірқатар кісі аттары түбір тұлғалары өзгеріп біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дәметкен, Ұлмекен, Ұлбосын (Дәмееткен, Ұлмаекен, Ұлболсын емес);

б) екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесу ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Мысалы: Күсепқали, Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейтқұл, Аққыз; алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылса, ғ, г әріптері жазылады . Мысалы: Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенғұл, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз. Ал қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. Мысалы: Әбілқайыр,Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;

в) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, оларды не алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Ысқақ (Сқақ емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес), Сыматай (Сматай емес), Сыланов (Сланов емес), Ысмағұл немесе Сымағұл (Смағұл емес), Ырза (Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), Ырсалды (Рсалды емес);

г) Аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін алдарынан қолданылатын анықтауыш есімдер бас әріптен басталып бөлек жазылады. Мысалы: Кіші Азия, Орта Азия, Орталық Азия.

Y. Қосымшалардың жазылуы

Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке болып жазылады. Мысалы: жұмыс-шы-лар-дың , инсти-тут-тар, пле-нум-да, бюлле-тень-дер, мұға-лім-ге, по-ляк-тар.



Ескерту: күнә, кінә, шүбә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй, Мүтән сияқты соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік тудыратын –ла жұрнағы жуан түрде айтылып, жуан жалғанады. Мысалы: күнәсіз, күнәлі (бірақ кінәға, кінәдан, кінәсіна, күнәлау ), шүбәсіз, шүбәлі (бірақ куәға, куәдан, куәда), куәсі, куәлік (бірақ куәға, куәдан, куәда), күмәнсіз(бірақ күмәндану, күмәнға, күмәнінан), Күләштің(бірақ Күләшқа).

Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады. Бірақ к,г дыбыстарының және жіңішкелік белгісімен келген р,л дыбыстарының жіңішке айтылуына байланысты. Мысалы: митингілер, митингіге, фактіге, фактісі, полкке, полктер, полкі, ансамбльге, ансамблі.



Ескерту: Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар сөздереге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Мысалы: рульдер, рулі, Пётрдің, Пётрге, актёрге, актёрлер, дуэттер.

Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң, ал сөздің соңғы дыбысы ұяң я үнді болса, қосымшаның басқы дыбысы да ұяң я үнді болып жалғанады. Мысалы: астық-ты, астық-тан, табыс-пен, айт-тыр, трактор-лар, қағаз-дар, мал-мен, құм-мен, ауыз-бен.



Ескерту: б, в, г, д әріптеріне бітетін сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады. Мысалы: штаб-тан, клуб-қа, парад-тан, парад-қа, актив-ке, пассив-тен, резерв-тік, педагог-тер, геолог-тер, геолог-қа, Ашғабад-қа, Мадрид-тен.

Сөздің соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталған қосымша жалғанғанда, алдыңғы дыбыс өзгертілмей жазылады. Мысалы: күнге (күңге емес), жанбайды (жамбайды емес), жанға(жаңға емес).

-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Мысалы: Әділбаевқа (соңғы буыны – бай-жуан) Әділбековке (соңғы буын-бек) Жүсіповтің (соңғы буын-сіп).

Қосымшалар дауысты дыбыстан басталғанда, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяңдап, ғ, г, б (немесе у) болып өзгерген түрінде жазылады. Мысалы: тарақ-тарағы, тайлақ-тайлағы, қызық-қызығы, жүрек-жүрегі, тік-тігеді, кітап-кітабы, жап-жауып-жабады; тап-тауып-табады, кеп-кеуіп-кебеді. Бірақ қазақы (ат), қалмақы (ер), сап-сапы (еңбек сапында) сияқты бірер сөздердің түбірі сақталып жазылады.

Ескерту: а) соңғы буында ы і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: орын +ы - орны, құлық+ы – құлқы, әріп+і - әрпі, ерін+і – ерні, көрік+і – көркі, халық+ы –халқы, ойын+а – ойна, үрік+ек – үркек.

ә) ауыл, дауыс сияқты бірен-саран сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, айтылу (дыбысталу) ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і әріптері түсіріліп те, түсірілмей де жазыла береді .

б) п, х дыбыстарына аяқталатын кірме сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда п, х дыбыстары ұяңданады: принцип-принципі, тип-типі, объект-і-ге; ромб-ы-ның.

нд, мп, кт, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалар ы, і дәнекері арқылы қосылады. Мысалы: штамп-штамп-ы-лау; факт-факт-і-ге; митинг-митинг-і-ге; объект-объект-і-лер, объект-і-ге; ромб-ромб-ы-ның.

ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде ешбір өзгеріссіз жазылады да, оларға қосымшалар жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз дыбыс түсіріліп жазылады. Мысалы: трест-трес-тің, трес-інде, ведомость-ведомос-қа, ведомос-ы, съезд-съез-ге, съез-і-нің, социалист-социалиске, социалистік.

Бас әріптерден қысқарған сөздер тек қана дауыссыз дыбыстардан тұрса, оларға қосымшалар соңғы әрпінің жуан я жіңішке айтылуына қарай үндесіп, я жуан я жіңішке болып жалғанып, дефис арқылы жазылады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа. Ал араларында немесе соңында дауысты дыбыс әріптері тұрса, қосымша сол дыбысқа үндесіп, жуан не жіңішке болып дефис ( - ) арқылы жазылады. Мысалы: ЮНЕСКО-ның , НАТО-ға, БҰҰ-ның.

Тырнақшаға алынған сөздерге жалғанатын қосымшалар тырнақшаның ішіне жазылады. Мысалы: Ол өлең «Қазақ әдебиетінде» басылады. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» қазақ тілінде де, орыс тілінде де оқыдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет