Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Web-беттер дегеніміз - Web-кеңістікті



бет126/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
6. leksia

Web-беттер дегеніміз - Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттар, яғни үлкен мәтіннің бір бөлігі. Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-бетте жазылған сөз немесе сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Мұндай сілтемені гиперсілтеме деп, ал енгізілген мәтінді гипермәтін деп атаймыз. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша Web-бетті экранға шығару үшін сілтемеге тышқан нұсқағышын әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек.
Тақырып бойынша топтастырылған Web-беттерді Web – тораптар (Веб-сайт) деп атаймыз.
Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп аталады.
Web-беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:
1)құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;
2)броузер жұмыс атқаратын компьютердің мүмкіндігін ескере отырып Web-беттерді форматтау мен бейнелеу;
3) Web-беттерді іздестіруді жеделдету;
4)интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.
Ең көп тараған броузерлер – Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera. Барлық броузерлердің функциялары бірдей. Internet Explorer 5.0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows-операциялық жүйесімен бірге қойылады және оның бөлінбейтін компоненті болып табылады. Internet Explorer броузерін іске қосу үшін: ПускПрограммы Internet Explorer командасын орындау керек немесе жұмыс үстеліндегі сілтеуішінде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту қажет. Жұмыс үстеліне мынадай сұхбаттық терезе шығады (6-сурет).

6-сурет. Internet Explorer терезесінің жалпы көрінісі.

Мұндағы:
1-Назад және 2–Вперед – Web-беттерде броузердің жиі қолданылатын батырмалары. Біз соңғы ашылған беттерге жеткенде Назад батырмасы сұр реңді болады, ал егер қарастырылған құжаттармен алға қарай жүрсек, ең соңына келгенде Вперед батырмасы сұр реңді болады;


3 – Стоп батырмасы Web-беттердің жүктелуін немесе қате адрес берілген кездегі бұйрықты тоқтатуға мүмкіндік береді.
4 – Обновить батырмасы – Web–бетті жүктегенде қандай да бір беттер толығымен жүктелмеген немесе суреттері толық ашылмаған ағымды бетті серверден қайта жүктейді;
5 - Домой батырмасы жүктелген кездегі бастапқы бетке қайта оралу үшін қажет;
6 – Поиск батырмасы іздеу панелін және соған қатысты іздеу серверін іске қосады;
7 – Избранное батырмасы жиі қолданылатын Web-беттің сілтемелерін немесе жиі қолданылатын құжаттарды сақтау үшін қажет;
8 – Журнал батырмасы соңғы кезде қолданылған сайттар мен Web-бет сілтемелері сақталатын панелдерді ашу үшін қажет;
9 – Адресная строка батырмасында  Web-бет адрестері (URL) немесе компьютерде сақталған құжат адрестері көрсетіледі;
10 – Переход батырмасы адрестік қатарда көрсетілген Web-бетке өту жолын қамтамасыз етеді;
11 – Строка состояния - сол жақ бөлігінде Web-беттің жүктелу индикаторы, ал оң жақ бөлігінде ағымды беттен сақтандыру дәрежесі бейнеленеді (егер байланыс желісінде вирус жоқ болса қамал белгісі шығады).
Интернеттің ақпараттық кеңістігінің өлшемі өте ауқымды, шексіз және ол бірнеше миллиардтаған Web-құжаттарды қамтиды. Осы мәліметтердің ішінен өзімізге қажетті ақпаратты URL-адрес бойынша тауып алуға болады. Қолданушы іздестіру жүйесіне ізделінді Web-бет жайлы мәлімет береді. Ал іздестіру жүйесі қолданушының сұранысын қанағаттандыратын беттерге жіберетін гиперсілтемелер тізімін шығарып береді.
Іздестіру жүйелерінің екі түрлі моделі бар (7-сурет):
1)іздестіру каталогтары – бұлардың құрылысы ірі кітапханалрға ұқсас. Ондағы ақпарат тақырып бойынша каталогтарға топтастырылған. Тізімдегі әрбір жазба гиперсілтеме түрінде берілген. Таңдап алынған тақырып бойынша тереңірек ақпарат алу үшін келесі бетті ашасыз;
2)іздестіру нұсқағыштары – ақпаратты өзекті сөз бойынша іздестіруге негізделген.



7-сурет. Іздестіру жүйелерінің моделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет