Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қалалық білім бөлімі Жалпы білім беретін №6 орта мектеп


Қытырлауық картоп құрамындағы майдың мөлшерін анықтау



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі244,84 Kb.
#36360
1   2

2.1 Қытырлауық картоп құрамындағы майдың мөлшерін анықтау
Алғашқы тәжірибе қытырлақ картоп құрамындағы майды анықтау. Ол үшін маған: сүзгі қағаз, қытырлақ картоптың екі түрі қажет. Практикалық жұмыстың барсында сүзгі қағазды алып үстіне екі түрлі өнімді саламыз. Үстіне тағы да сүзгі қағазды жауып, өнімдерді езгілейміз. Қытырлауық картоп қалдығын түсіріп нәтижесін қарастырамыз. Шетелдік өнім " Lay`s "-те сүзгі қағазда майлы дақтар көп байқалды. Ал отандық өнім "Русская картошка"-да май дақтары аздау болды. Бұл шетелдік өнім құрамындағы майдың көп екенін дәлелдейді. Бірақ қытырлақ картоп өнімдері қорапшасында май мөлшері бірдей жазылған.
2.2 Крахмал мөлшерін анықтау
Екінші тәжірибе қытырлақ картоп құрамындағы крахмалды анықтау. Ол үшін маған: сүзгі қағаз, тамшуыр, су, ток көзін пайдаланатын пеш, иод ерітіндісі, қытырлақ картоптың екі түрлі өнімі, сүзгі, сынауық қажет. Қытырлақ картоптарды алып үстіне тамшыуырмен иод ерітіндісінің аз ғана мөлшерін тамызамыз. Қай өнімнің қара - көк түске өзгеруін байқадық. Шетелдік өнімге қарағанда отандық өнімнің түсі тез өзгерді. Қытырлақ картоптарды езіп сынауыққа салдым. Орта шегіне дейін су құйдып, ток көзін пайдаланатын пешке жылыттық. Өнім түгел суға еріген соң сүзу әдісі арқылы суды қытырлақ картоптан тазартым. Сүзіп жатқан кезде әр сүзгі қағазға бір тамшы иод тамыздым. Нәтижесінде шетелдік өнімге қарағанда, отандық өнімде крахмал көбірек болды.
2.3 Натрий хлоридінің мөлшерін анықтау
Үшінші тәжірибем қытырлақ картоптың құрамындағы натрий хлоридінің мөлшерін анықтау. Ол үшін химиялық стакан, су, ток көзін пайдаланатын пеш, сүзгі қағаз, күміс нитратын, тамшуыр қажет. Қытырлақ картопты уақтап, химиялық стаканға саламыз. Үстіне орта шегіне дейін су құйамыз. Ток көзін пайдаланатын плитаға тағы да жылытамыз. Сүзу әдісі арқылы суды қытырлақ картоптан тазалап алдық. Тазалау уақытында сүзгі қағаз үстіне 1мл. күміс нитратын тамызыдық.

NaCl + AgNO3 = AgCl + NaNO3

Ag++ Cl- = AgCl

Нәтижесінде екі өнімде де натрий хлориді иондары бірдей мөлшерде болды.





Қорытныды
Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp.

  Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айна­лысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан.

Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға қытырлақ картоппен қоса, шаурма, донер-кебаб, гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Ал өзі тәжірибемнен көргенім қытырлақ картоп өнімдерінің ішінен шетелдік өнім отандық өнімге қарағанда майлы келетіні, ал отандық өнім шетелдік өнімге қарағанда крахмалы мөл мөлшерде келеді. Ал негізінен бұл екі өнімнің де қорапшасында барлығы бірдей мөлшерде жазылған. Дәл осы тағамдарды ұзақ  күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сонымен қатар бұл өнімдерден целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне, ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Қытырлақ қартоп өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады. Әлі қатаймаған балалардың организмі қытырлақ картоп өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.

«Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет. ISBN 9965-36-414-1

2. ЧИПСЫ — статья в большой энциклопедии кулинарного искусства Похлебкина В. В. 2005.

3.  Jump up to:1 2 Энциклопедия химика

4. Жвиташвили Ю. Б. Как происходит пищеварение // Рак и питание. — ЭЛБИ-СПб, 2010. — С. 124-125. — 368 с. — ISBN 978-5-93979-245-5

5.  Jump up to:1 2 Tareke E, Rydberg P. et al. (2002). «Analysis of acrylamide, a carcinogen formed in heated foodstuffs» (eng). J. Agric. Food. Chem. 50 (17): 4998–5006. DOI:10.1021/jf020302f. PMID 12166997.

6. Food Standards Agency, Acrylamide: your questions answered [1] Retrieved on 2008-01-01

7.Нейротоксические вещества (neurotoxic substances) — статья в психологическая энциклопедии, Дж. Л. Андреасси

8. Kraft Foods продало бизнеса чипсов в Северной Европе и в Балтийских странах Fepco 1 — дочернему предприятию норвежского инвестиционного фонда «Herkules»

9. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

10. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Каталог: uploads -> doc -> 11c2
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11c2 -> Үй тапсырмасы: 1920-1930 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті І топ
11c2 -> Сабақ жоспары «Математикадан қиындығы жоғары есептерді шығару»
11c2 -> Сабақтың мақсаты Оқушыларды білімді жан жақты болуға тәрбиелеу. Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет